Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет63/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

Жауабы: 1. А, В және С гендері бір хромосомада орналасқан.
Учаскенің картасы:
А 28,1 С 28,9 В
← 57 →
2. Ата-аналық даралардың генотипі: АСВ және асв
___↑___ ___↑___
АСВ асв
3. Будандардың генотипі Ғ1 АСВ ___↑___
асв
4. Зерттелген хромосоманың учаскесінде оң интерференция байқалады (0,5).
6-есеп. Өскіні жасыл, жасыл жапырақты тілшесіз жүгері өсімдігін өскіні сары, жапырағы қоңыр, тілшелі өсімдікпен шағылыстырғанда Ғ1 ұрпақта өскіні жасыл, жапырағы қоңыр, тілшесіз жүгері өсімдіктер алынған. Ғ1 ұрпақтың будандарымен талдаушы шағылыстыру жүргізгенде:
Ғт-22 өскіні жасыл, жапырағы қоңыр, тілшесіз;
275 өскіні жасыл, жапырағы жасыл, тілшесіз;
74 өскіні жасыл, жапырағы қоңыр, тілшелі;
128 өскіні жасыл, жапырағы жасыл, тілшелі;
112 өскіні жасыл, жапырағы қоңыр, тілшесіз;
66 өскіні жасыл, жапырағы жасыл, тілшесіз;
305 өскіні сары, жапырағы қоңыр, тілшелі;
18 өскіні сары, жапырағы жасыл, тілшелі
__________
1000 нәтижелер алынған.
Белгілер қалай тұқым қуалайды? Ата-аналық, Ғт ұрпақтың және талдаушының генотиптерін анықтаңдар:
Берілгені: Жүгері. Өскіннің түсінің, тілшенің және жапырақтың түсінің тұқым қуалауы.
Әрбір белгінің тұқым қуалауын талдау. 1. Өскіннің түсі бойынша,
Ғ2 – ұрпақтағы белгілердің ажырауы:
жасыл сары
275 112
22 66
74 305
128 18
____ ______
499 501
Белгілер бір жұп белгілермен бақыланады, ажырауы 1 : 1 қатынасында Ғ1 – ұрпақта өскіннің жасыл түсі – доминантты – А, а – сары түс рецессивті.
2. Тілшенің болуы, болмауы.
Ғт – талдаушы будандастыруда ажырау
тілшелі жапырақ тілшесіз жапырақ
74 22
128 275
305 112
18 66
____ ____
525 475
Белгілер бір жұп белгілер арқылы тұқым қуалайды. Ажырау 1:1 қатынасына жақын (Х2= 2,5; Р > 20) Ғ1 – ұрпақтағы доминантты белгі тілшесіз жапырақ В, в – тілшелі жапырақ – рецессивті.
3. Жапырақтың түсі.
Ғт – талдаушы будандастыруда ажырау.
жасыл қоңыр
275 22
128 74
66 112
18 305
____ ______
487 513
Моногенді тұқым қуалайды, 1 : 1 қатынасында ажырайды. Мұнда доминантты белгі – қоңыр түс – С, жасыл белгі – рецессивті – с. Ата-аналық өсімдіктердің генотиптері.
ААВВсс және ааввСС. Ғ1 будандардың генотипі АаВвСс.
1. Белгілердің тіркесіп тұқым қуалауын талдау. Өскіннің түсі – тілшенің болуы (А және В)
Ғт – талдаушы шағылыстыруда белгілердің ажырауында 4-класс түзіледі.
АВ Ав аВ ав
297 202 178 323
Белгілердің ажырауы 1 : 1 : 1 : 1 қатынасқа сәйкес келмегендіктен (Х2= 41,6; Р < 0,01), белгілер тіркесіп тұқым қуалайды, гендер бір хромосомада орналасқан кроссоверлі класстарға – Ав және аВ жатады, А – В гендеріндегі кроссинговердің жиілігі
2. Жапырақтың түсі – тілше (В және С гендері) Ғт – талдаушы шағылыстыруда белгілердің ажырауында 4 – класс түзіледі.
ВС Вс вС вс
134 341 379 146
Белгілердің ажырауы 1 : 1 : 1 : 1 қатынасқа сәйкес келмегендіктен, белгілер тіркесіп тұқым қуалайды, гендер бір хромо-сомада орналасқан. Кроссоверлі кластарға ВС және вс жатады, В және С гендерінің арасындағы кроссинговердің жиілігі: . А және В генімен ал В гені С генімен тіркескен, осымен қатар А және С гендері де тіркескен.
Ғт – талдаушы шағылыстыруда белгілердің ажырауы:
АС Ас аС ас
96 403 417 84
кроссоверлі кластарға АС және ас жатады. А және С гендерінің арасындағы кроссинговердің жиілігі:
.
3. Хромосомада гендердің орналасу қатарын анықтау
А және В гендерінің арақашықтығы алыс (38%). Сондықтан хромосомада орналасқан гендердің орналасу қатары:

Аддитивтіктің ережесі бұзылған.


Ата-аналық даралардың генотипі АсВ.
___↓__
___↑___
аСв
Бұл өзгерістің болуы А және В гендерінің арасындығы кроссинговердің жиілік пайызын анықтағанда қосқабат кроссинговерлерді (Авс және аВС) есептелмеген. Қосқабат кроссинговердің пайызы =
А және В гендерінің арақашықтығы қосқабат кроссинговерлерді есептегенде (38% + 2х 4%) = 46%.
4. А және В, В және С гендерінің арасындағы кроссинговердің жиілігінің пайызын біле отырып А –в интерференция бар ма, жоқпа білу үшін үйлесу коэффициентін есептейміз (С):
С = 0,04 х 100% : (0,18 х 0,28) = 4 : 5,04 = 0,7.
С < 1, аз болғандықтан А – В ауданындағы кроссинговер, В –С ауданында жүретін кроссинговерге кедергі болады. Мұнда оң интерференция құбылысы байқалады, J= 1 – 0.7 = 0,3 тең.
Жауабы:
1. Өскіннің түсі бір генмен бақыланады, жасыл түс – доминантты белгі (А).
2. Тілшесіз тілшелі белгілер – бір генмен анықталады, тілшесіз – доминантты белгі (В).
3. Жапырақтың түсі бір генмен анықталады, қоңыр түс – доминантты белгі (С).
4. А, В және С гендері бір хромосомада орналасқан. Картаның учаскесі:
А 18 С 28 В
← 46 →
5. Зерттелінген хромосоманың ауданында оң интерференция құбылысы байқалады (0,3).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет