Оқулық Сараптамашыға ескерту!


Бақылау сұрақтары мен есептері



бет70/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   123
Бақылау сұрақтары мен есептері:
1. Адамда, дрозофила шыбынында жынысты қандай жолмен анықтайды?
2. Аутосомдар, жынысты хромосомалар деген не?
3. Гомогаметалы және гетерогаметалы жынысты қалай түсінесіңдер?
4. Крисс-кросс тұқым қуалауда белгілер ұрпаққа қалай беріледі?
5. Әйелдер гемофилия ауруымен ауруы мүмкін бе?
Есептер:

  1. Адамда, жылқыда, итте гемофилия ауруын анықтайтын ген h гені Х-хромосомада орналасқан, ал доминантты Н-гені қанның ұю қасиетін бақылайды. Егер ерлі-зайыптылардың әйелі ауру ген бойынша гетерозиготалы болса, онда осы отбасында ауру бала тууының мүмкіндігі қандай болмақ? Ата-анасының генотипі қандай?

2. Патша Николай ІІ ұлы Алексей гемофилиямен ауырған. Оның әкесі сау, шешесі гемофилиямен генін тасығыш болған. Гемофилия гені Алексейдің нағашы жұртты жағынан әжесінде және әжесінің әжесінде болған. Гемофилия ауруы қалай тұқым қуалайды, түсіндіріңдер. Неге бұл ауру Алексейдің шешесінде, әжесінде және әжесінің әжесінде көрінбеді?
3. Әкесі және ұлы дальтоник ауруымен ауырады, ал шешесі сау. Баланың және ата-анасының генотипін анықтаңдар. Бұл отбасында ауру әкесінен ұлына беріледі деген дұрыс па?
4. Әкесі дальтоник жақсы көретін қыз, қалыпты көретін жігітке тұрмысқа шыққан. Жігіттің әкесі де дальтоник. Осы некеден туылған баланың көзінің көруі қалай болады.
5. Дальтоник әйел, көзі жақсы көретін жігітке тұрмысқа шығады. Осы некеден туатын бала қандай болуы мүмкін. Егер шешесінің Х-хромосомасы мейоз кезінде ажырамай қалса? Оның баласының жынысы қандай болмақ?
13-жұмыс


Тақырыбы: Кроссинговерге генетикалық талдау. Генетикалық карталар құрастыру.
Мақсаты: Үш геннің тіркескендігін дәлелдеу олардың арасындағы кроссинговер мөлшерін анықтау. Үш ген бойынша генетикалық картаның бір бөлімін құрастыру.
Құрал-жабдықтар: 1. Тамақтық ортасы бар стакандар.
2. Дрозофила шыбынының қалыпты және мутантты түрлері.

  1. Эфир, құстың қанаты, микроскоп.

Тапсырмалар:
Бұл жұмысты орындау үшін студенттер топқа бөлінеді.
Бірінші топ. Көздің түсі мен дене түсінің тұқым қуалауын талдайды.
Екінші топ. Көздің қызыл түсі мен қанаттарының пішіндерінің тұқым қуалауын талдайды.
Үшінші топ. Дрозофила денесінің түсі мен қанаттары пішіндерінің тұқым қуалауын талдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет