Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет14/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   123
Ұрықтану
Ұрықтану дегеніміз – жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидтің бір-бірімен қосылу үдерісі. Олардың ядролары бірігіп, одан жаңа организм дамиды. Сперматозоид пен жұмыртқа жасушасының ядросында хромосома жиынтығы гаплоидты болады.



6-сурет. Ұрықтану

Толық пісіп жетілген жұмыртқа жасуша қабықшамен қапталады және оның сперматозоид енетін кішкене тесігі болады. Ұрықтану кезінде жұмыртқа жасушасының ядросымен сперматозоидтың ядросы қосылады. Жұмыртқа жасушасына бір немесе бірнеше сперматозоидтер енеді. Бірақ жұмыртқа жасушасының ядросымен тек бір ғана сперматозоидтың ядросы қосыла алады. Ұрықтанған жасушаны зигота деп аталады, оның ядросында хромосома жиынтығы диплоидты болады. (6-сурет)


Зиготаның ядросында барлық хромосомалар қайта жұптасады: гомологиялық хромосоманың әр жұбында бір хромосома – аталық, ал екіншісі – аналық болады. Сондықтан организмдер дің әрбір түрінің соматикалық жасушасына тән диплоидты хромосома жиынтығы тек ұрықтану кезінде ғана қалпына келеді. Ұрықтану аяқталған соң ДНҚ синтезі жүріп, хромосомалар екі еселенеді және митоз жолымен жүзеге асатын зигота ядросының бірінші бөлінуі басталып, жаңа организмнің даму бастамасын береді.
Гүлді өсімдіктердің қосарлана ұрықтануы. Жануарлар мен жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктердің жыныс жасушаларының дамуы мен ұрықтануында көптеген ортақ қасиеттермен бірге айырмашылықтар да бар. Оны дара жарнақты гүлді өсімдіктердің жыныс жасушасының дамуынан байқауға болады.
Аналық жыныс жасушасының дамуы. Тозаңдану кезінде тұқым тозаңы аналық аузына түсіп, тозаң түтігін түзе отырып өседі. Ол вегетативті жасушалардан түзіліп, тез өсіп, соңында түйін пайда болады. Түйінде аналық жыныс жасушасы қалыптасатын тұқым бастамасы орналасқан. Бұл жерде мейоз жолымен бір диплоидты жасушадан 4 гаплоидты жасуша түзіледі, олардың үшеуі өліп, қалған 1-еуі митоз жолымен үш рет бөлінеді. Осылай ұрық қапшығын түзетін 8 гаплоидты жасуша түзіледі. Осы 8 жасушаның бесеуі ұрық қапшығының қабырғасын түзе отырып, көмекші рөл атқарады, ал оның үшеуінің біреуі жұмыртқа жасушаға айналады. Екі гаплоидты хромосома жиынтығы бар жасуша қосылып, диплоидты хромосома жиынтығы бар жасушаға айналады. Диплоидты жасуша – ұрық қапшығының қосалқы ядросын түзеді. Осындай жолмен пісіп-жетілген гаплоидты және диплоидты жиынтығы бар жұмыртқа жасушасы ұрықтануға дайын тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет