Диплотена – жіпшелердің бір-бірінен алыстау сатысы. Мұнда гомологтік хромосомалардың арасында тебіліс күші пайда болып, олар бір-бірінен ажырай бастайды. Гомологиялық хромосомалар бір-бірінен ажырап алыстағанда, Х тәрізденген өрнектер пайда болады. Бұл өрнектерді хиазмалар деп атайды.
Бірақ кроссинговер өткен аймақтар, хиазмаларда өз байланыстарын үзбейді. Диплотена сатысында хромосомалар біршама қысқарып, конденсацияланады, нәтижесінде оның 4 жіпшелі құрылымы анық көрінеді. Хиазма аймағында 4 хроматидтің тек екеуі ғана айқасады және олар әрбір гомологтен бір-бірден алынған.
5-сурет. I Мейоз.
Диакинез – қос жіпшелердің оңаша лану, жекешелену кезі. Бұл мейоздың І профаза кезеңінің соңғы сатысы. Мұнда гомологтік хромосома лар тек белгілі бір хиазма нүктелерінде ғана бірігіп тұрады және сақина, сегіздік, т.б. ерекше формаларға ие болады. Олар алдымен бірнеше жерден байланған арқандарға ұқсас келеді. Осы фазадан кейін жасушалардың мейоздық бөлінуі басталады.
Сонымен, гомологтік хромосомалар арасында пайда болатын тебіліс күштеріне қарамастан, І профаза кезеңінде биваленттердің толық бұзылуы жүрмейді. Овогенездегі мейоздың ерекшелігі сол, мұнда сперматогенезде болмайтын диктиотена деп аталатын арнайы сатысы болады. Адамның эмбриогенезі кезінде жүретін бұл сатыда хромосомалар «лампалық щетка» формасына ие болып, көптеген жылдар бойы өз құрылымын өзгертпейді. Аналық организм ұрпақ беретін жасқа жеткенде, гипофиздің лютеинзденуші гормонының әсерінен овоцитте ай сайын мейоз жүріп отырады. Хиазмалар саны азайып, биваленттер қысқарып, ядро ыдырап, ұршық жіпшелері түзіле бастайды.
І метафаза. Мейоздың І метафаза кезінде бөліну ұршығының қалыптасуы толығымен аяқталады. Олардың жіпшелері бивалентке немесе қосылған хромосомалардың центромерасына бекінеді. Әр центромерадан бөліну ұршығының полюсіне бір ғана жіпшесі бағытталады. Нәтижесінде, гомологтік хромосомалардың центромерасына бекінеді. Әр центромерадан бөліну ұршығы ның полюсіне бір ғана жіпшесі бағытталады. Нәтижесінде гомологтік хромосомалардың центромерасымен байланысқан жіпшелер әртүрлі полюстерге қарай бағыттала отырып, бөліну ұршығының экваторлық жазықтығында биваленттер түзеді. Адамда осындай биваленттердің саны 23-ке тең.
І анафаза. Мейоздың І анафаза кезіңінде биваленттердегі гомологтік хромосомалар арасындағы байланыс әлсіреп, олар бір-бірінен ажырай отырып, бөліну ұршығының әртүрлі полюстеріне бағытталады. Бұл кезде әрбір пролюске 2 жаңа хроматидадан тұратын гаплоидті хромосома жиынтығы бағытталады.
І телофаза. Мейоздың І телофаза кезеңінде бөліну ұршығының полюсіне дара, гаплоидті хромосома жиынтығы (23) жиналады.
Бір диплоидті жасушадан формуласы n2с-ке тең екі гаплоидті жасуша түзіледі. Бұл жаңа жасушалар бір-бірінен гендер жиынтығымен, ал аналық жасушадан гендердің орын ауыстыруымен және хромосома санымен ажыратылады. Бұл кезеңде хромосомалардың жіпшесі тарқатылып, ядролық мембрана түзіліп, жасушада екі ядро пайда болады. Осымен кариогенез – ядроның бөлінуі аяқталып, цитокинез – жасушаның бөлінуі жүреді.
Сонымен, мейоздың бірінші редукциялық бөлінуінде жаңа пайда болған сіңлілі жасушаларда хромосоманың саны екі есе кемиді және гендік материалдың рекомбинациясы жүреді. Гендердің жаңа комбинациялары пайда болады. Мұндай бөліну кезінде аналық екі жіпшелі хромосомалар ажырай отырып, бір жіпшелі жаңа ұрпақ түзеді (5-сурет).