Цитогенетикалық зерттеулерде митоздың қандай фазасын хромосо малардың құрылымын анықтауға пайдаланылады?
«Амитоз» деген не? Амитоз жолымен қандай организмдер бөлінеді?
Интерфаза және митоз кезінде хромосомалар қандай күйде болады?
Хромосомалардың диплоидтық жиынтығы деген не?
Егер клеткада хромосомалар көрінсе, ал ядро мен ядрошық жоқ болса, бұл митоздың қай стадиясына жатады?
Егер клеткада бөліну ұршығы жақсы көрінсе, ал хромосомалар центромерасы бір жазықтықта орналасса, мұны митоздың қай сатысына жатқызуға болады?
Митоздың қандай екі сатысы олардың өту үдерістеріне байланысты бір-біріне қарама-қарсы болып келеді?
46 хромосомасы бар адам клеткасындағы митоздың бұзылуы себепті жаңа түзілген хромосомалардың бір жұбы жаңа ядроларға ажырап кетпей бір ядрода қалып қойған. Мұндай құбылыс хромосомалардың дұрыс ажырамауы деп аталады. Осындай бөлінудің нәтижесінде ядроларда қанша хромосомадан болады?
Митоз кезінде адам ұлпасы дақылында бір хромосома жойылып кетті делік, сонда жаңа түзілген клеткаларда қанша хромосомадан болады?
24 хромосомасы бар клетканы колхицинмен өңдесе, ол тек қана хромосомалардың ажырауын тежейді, бірақ олардың екі еселенуіне әсер етпейді. Сонда клеткадағы хромосома саны қанша болады?
Көп рет еселеніп, бірақ ажырамаған хромосомалар қалай аталады?
Митотикалық индекс деген не, оны қалай анықтайды?
2-жұмыс
Жынысты көбеюдің цитологиялық негізі
Тақырыбы: Жыныс жасушаларының мейоз жолымен бөлінуі. Жыныс жасушаларының дамуы. Ұрықтану.
Мақсаты: Мейоздың редукциялық және эквациялық жолдармен бөліну ерекшеліктерімен танысу.
Құрал-жабдықтар: Пияз (Allium cepa) тозаңынан дайындалған цитологиялық тұрақты препараттар. Бидай мен арпа өсімдігінің тозаңдарынан жасалатын уақытша препараттар.
Шегірткенің (Stenobothrus lineatus) және аскариданың (Ascaris megaio-cephala) аталық ұрық безі жасушасындағы мейоздың фазалары (тұрақты) препараттар. Микроскоп, зат және жабын шыны.
Тапсырмалар: Тапсырма: Пияз өсімдігінің (Allium cepa) тозаңынан жасалған тұрақты препаратын қарап, лептотена, зиготена, пахитена, диплотена, метафаза 1; анафаза 1; телофаза 1; метафаза ІІ, анафазаІІ, телофазаІІ суреттерін салу.
Шегірткенің және аскариданың ұрық бездерінен жасалған препарат тарды қарап суретін салу.
Дала практикасында бидай мен арпа өсімдігінің тозаңдарынан жасала тын уақытша препараттарды талдау.
Тапсырма алған әр студент тұрақты препараттарды мұқият қарап, суреттерін дәптеріне түсіріп, кезеңдерін анықтап, хромосомаларды көрсетіп аттарын белгілейді.
Тапсырмаға түсініктеме: Мейоз (грек. мейозис – азаю) – жыныс жасушаларының бөлінуі. Соның нәтижесінде түзілген жыныс жасушаларында хромосомалар жиынтығы екі есе аз гаплоидты, ал жай жасушаларда (сомалық) хромосомалық жиынтық диплоидты болады. Мейоздық бөліну кезінде хромосомалар саны екі есе азаятындықтан, бұл бөліну редукциялық бөліну деп аталады. Мысалы, адамда хромосомалар саны – 46, ал адамның жыныс жасушаларында 23 хромосома болады. Ұрықтану кезінде екі жыныс жасушалары (гаметалар) қосылғанда, хромосомалардың диплоидты саны қалыпты орнына келеді. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы зигота (грек. зигос – біріккен) деп аталады және ол болашақ организмнің бастамасы болып табылады.
Мейоз үдерісі бірінен соң бірі тез арада үздіксіз жүріп отыратын екі жасушалық бөлінуден тұрады. Бұл бөлінуде ДНҚ-ның екі еселенуі өсу кезеңінде жүзеге асады. Бірінші мейоздық бөлінуден кейін бірден екінші мейоздық бөліну басталады да, олардың арасында хромосоманың хроматида лары синтезделмейді. Митозға кіретін жасушаларда хромосомалар саны диплоидты (2n) болады, оларға сәйкес келетін ДНҚ молекула саны (2с) болады.
Мейоздық бөліну кезінде бір диплоидты жасушадан төрт гаплоидты жасуша түзіледі. Осы бөліну барысында хромосомада екі үдеріс жүреді:
1) жасушаның полюстеріне гомологті хромосомалардың бір-бірінен тәуелсіз ажырауы;
2) гомологті хромосомалар хромотидалары учаскелерінің алмасуы, яғни кроссинговер үрдісі жүреді.
Осы екі үрдісі болашақ ұрпақта тұқым қуалайтын өзгергіштік тудырады және Дарвин ілімі бойынша эволюцияның қозғаушы факторларының бірі есебінде қарастырылады.