Оқулық Сараптамашыға ескерту!


-жұмыс Тақырыбы. Дигибридті және талдаушы будандастыру



бет36/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

7-жұмыс


Тақырыбы. Дигибридті және талдаушы будандастыру


Мақсаты. Баламалы екі жұп белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын талдау. Талдаушы будандастырудың маңызын түсіндіру.
Құрал-жабдықтар. Жаңадан жасалған тамақтық ортасы бар стакандар, ebony және vestigal дрозофила шыбындарының мутанттары және ас бұршақ өсімдігінің тұқымдары. Әрбір студентке асбұршақ өсімдігінің жеке аналық тізбектер (сары бұдырлы) тұқымды, аталық тізбек (жасыл тегіс тұқымды) Ғ2 будандары беріледі.
Тапсырмалар:
1. Шағылыстыруға мутантты шыбындарды талдау.
2. Шағылыспаған аналық шыбындарды алу.
3. Шағылыстыру жүргізу.
4. Ғ1 ұрпақ будан шыбындарына талдау жүргізу.
5. Ғ1 ұрпақ шыбындарына Ғ2 ұрпақ алу үшін шағылыстыруға қою.
6. Ғ2 ұрпақ шыбындарына талдау жүргізу.
7.Бұршақ тұқымы түстерінің тұқым қуалауын анықтау.
8.Ата-аналық дараларды алынған белгілеріне қарай зерттеу.
9.Ғ1 ұрпақтағы будандарды анықтап, екі жұп белгісі бойынша доминантты және рецессивті белгілерді анықтау.
10.Ғ2 ұрпақтағы өсімдіктерді есептеп, белгілердің ажырауын анықтау.
11.Пеннет торын құрып, алынған өсімдіктің және генотиптік бойынша ажырауын жазу.
12. Х2 - хи квадрат әдісін қолдану.
Тапсырмаға түсініктеме. Дигибридті будандастыру моногибридті будан дастыруға қарағанда күрделірек болады. Бұл будандастыру қарама-қарсы екі жұп белгілердің бір уақытта тұқым қуалалуын зерттейді. Екі жұп қарама - қарсы белгілер бойынша айырмасы бар дараларды будандастыруды дигибридті будандастыру деп атайды (13-сурет).



13-сурет. Дигибридті будандастыру. Пеннет торы.

Г. Мендель өз тәжірибелерінде тұқымының түсі сары, пішіні тегіс және тұқымының түсі жасыл, пішіні бұдыр бұршақ өсімдіктерін қолдан будандастырған. Бірінші ұрпақ (Ғ1) өсімдіктері барлығының тұқымының түстері сары, пішіні тегіс болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет