15-сурет. Гендердің комплементарлық әсері
Үшінші будандастыруда гендердің өзара комплементарлы әрекеттесуінің нәтижесінде екі жаңа белгі жарыққа шығады. Олар Ғ1 будан ұрпақта байқалатын көздің қызыл түсі және Ғ2 ұрпақта ақ көзді шыбындардың (аавв) пайда болуы. Гендердің өзара комплементарлы әрекеттесу кезінде белгілердің 9:3:3:1 ажырау доминантты аллельдер жеке келгенде фенотиптік көрініс бере алмаған жағдайда байқалады. Тек генотипте екі ген бірігіп (А-В) келгенде ғана фенотиптік көрініс бере алады (а – көздердің ашық қызыл түсі, в – қоңыр түс).
Егер рецессивті аллельдер жеке келгенде фенотиптік көрініс бере алмаса, Ғ2 ұрпақта белгілердің ажырауы өзгереді, яғни тек екі фенотиптік класс қана түзіледі және олардың арақатынасы 9:7 болады.
Мысалы, тұт жібек құрты (Bombyx mori) пілләсінің түсі генотипте екі доминантты аллельдер А және В болуымен анықталады, ал рецессивті а және в аллельдері бар пілләсінің түсі ақ болады. Екі ақ түсті жібек құрттарын будандастырғанда сары түсті будандар алынған.
Р ♀ ААвв Х ♂ ааВВ
ақ түсті піллә ақ түсті піллә
Ғ1 АаВв
сары түсті пілләлар өзін-өзі шағылыстырғанда Ғ2 ұрпақта:
Ғ2 9 А –В- : 3 А – вв : 3 ааВ- : 1 аавв
сары пілләлар (9) ақ пілләлар (7)
Егер доминантты және рецессивті аллельдер жеке келген фенотиптік көрініс бере алатын болса, Ғ2 ұрпақ белгілерінің ажырауы басқаша болады, яғни 9:3:4. Мысалы, зығыр (Zinum usitatissimurp) өсімдігінің А аллелі боялғандығын анықтайды, а боялмағандығын (ақ түс), В көгілдір, в қызғылт түсін анықтайды. Сонда:
Р ♀ ААвв Х ♂ ааВВ
қызғылт ақ
Ғ1 АаВв
көгілдір
Ғ2 9 А –В : 3 А – вв : 3 ааВ- : 1 аавв
көгілдір (9) қызғылт (3) ақ (4)
Кейбір жағдайда жеке көрініс бере алатын комплементарлы гендер толықтырушы ген болмай қалған кездің өзінде әрқайсысы өз алдына жеке келгенде соған ұқсас фенотиптік әсер бере алады. Бұл жағдайда да ажыраудың сипаты өзгереді. Мысалы, асқабақ (Cucurbita pepo) жемісінің пішіндері әртүрлі сорттары бар. Олар: дөңгелек, тегіршік тәрізді және сопақ. Шығу тегі әртүрлі асқабақ өсімдіктерін будандастырғанда жемісі тегершік тәрізді будандар алынады. Олардың ажырауының арақатынасы 9 тегіршек тәрізді : 6 дөңгелек : 1 сопақ жемістілер
Р ♀ ААвв Х ♂ ааВВ
дөңгелек дөңгелек
Ғ1 АаВв
тегіршек тәрізді
Ғ2 9 А -В- : 3 А – вв : 3 ааВ- : 1аавв
тегіршек(9) дөңгелек сопақ
Бұл будандастырудан да жемістің пішінін анықтау үшін екі геннің өзара әрекеттесуін байқау қиын емес. Әрбір доминантты комплементарлы ген асқабақ жемісінің дөңгелек пішінді болуын анықтайды, ал олардың өзара әрекеттесуі жемістің тегіршек тәрізді пішінінің дамуына мүмкіндік береді. Бұл гендердің рецессивті аллельдерінің өзара әрекеттесуі жемістің сопақ пішінін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |