Оқулық Сараптамашыға ескерту!


Бақылау сұрақтары мен есептері



бет74/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   123
Бақылау сұрақтары мен есептері

  1. -АаВв дигетерозиготалы особьтан талдаушы будандастыруда: АВ-243; Ав-762; аВ-758; ав-237 бас арақатынас алынды. Гендердің тұқым қуалау типі қандай? Егер олар тіркескен болса, онда олардың арақашықтығын табыңыз.

  2. Дигетерозиготаларды (АаВв) рецессивті особьтармен (аавв) шағылыстырғанда алынған төрт түрлі фенотиптер бірдей арақатынаспен (25) тең % ажырады. Гендердің тұқым қуалау типін анықтаңыз.

  3. Сұр денелі, ұзын қанатты дрозофиланы қара шала қанатты дрозофиламен шағылыстырғанда Ғ1-дің барлығы сұр денелі, ұзын қанатты болып шықты. Ғ1-дегі аналық шыбынды қара шала қанатты дрозофиламен талдаушы шағылыстырғанда: 110 сұр ұзын; 21 сұр шала; 23 қара ұзын және 106 қара шала қанатты нәтиже алынды. Барлық особьтардың генотипін және белгілердің тұқым қуалау типін анықтаңыз. Дрозофиланың дене түсі мен қанатының формасы тіркесіп тұқым қуалайтын болса, онда олардың арасындағы кроссинговер жиілігін табыңыз.

  4. Шағылыстыру нәтижесінде төрт геннің арасындағы кроссинговер жиілігі белгілі:

Р – Q = 24% ; R – P = 14% ; R – S = 8% ; S – P = 6 %.
Триангуляция әдісі пайдаланып, гендер арақашықтығын есептен шығарыңыздар.

  1. Гендер арасындағы кроссинговер жиілігі: В-А = 28% ,

В-С= 8 %, Д-А= 6 %, С-Д= 148 %, С-А = 20 %.
Гендердің хромосомадағы орналасу тәртібін көрсетіңіз.
Үлгі есеп: Қояндарды ағылшын типті түс (ақ теңбіл) (А) бірыңғай түстен (а), қысқа жүнділік (В) ұзыннан (в) доминантты, дигетерозиготалы теңбіл (Аа) қысқа жүнді (Вв) қоянды бірыңғай түсті ұзын жүнді қоянмен талдаушы шағылыстыру нәтижесінде: 72 теңбіл қысқа жүнді, 10 теңбіл ұзын жүнді, 69 бірыңғай ұзын жүнді және 9 бірыңғай қысқа жүнді көжектер арақатынасы алынды.
Біріншіден, белгілердің тұқым қуалау типін анықтау керек.
Екіншіден, егер белгілердің тіркесін тұқым қуаласа, онда олардың арақашықтығын табу қажет.
Есептің шешілуін талдау. Алдымен гендердің белгілерін анықтау жолын кесте құрып толтырыңыз.

Ген

Фенотип

А

Теңбіл

а

Бірыңғай

В

Қысқа

в

Ұзын

Талдаушы шағылыстыруға алынған ата-аналар генотипін жазамыз:
Р ♀ АаВв х ♂ аавв.
Егер гендер әртүрлі гомологты емес хромосомада орналасса, онда мейоз кезінде бір-біріне тәуелсіз ажырап, АаВв генотипті аналық особь тең дәрежеде төрт түрлі гамета түзу керек еді.
Осылай болғанда Ғв =да алғашқы алынған төрт түрлі фенотипті ұрпақтардың әрқайсысының саны 40-тан (25%) болуы керек еді. Алайда, тәжірбиеде олай болмады: бастапқы белгілердің комбинациясы басым көпшілігінде (72 + 69= 141 бас немесе 88,1%) қайталанады. Бұдан бұл белгілердің гендері бір хромосомада шоғырланып, тіркесіп тұқым қуалайды деген тұжырымға келуге болады. Шағылыстырудың жалпы сызбанұсқасын: түрінде көрсетуге болады.

теңбіл – қысқа бірыңғай – ұзын


Р ♀ х ♂


Гаметалар
Ғ1
↓ ↓ ↓ ↓
тең-қысқа тең-ұзын бір-ұзын бір-ұзын
(72 бас) (10 бас) (9 бас)
Морган гендер аралығының қашықтығын кроссинговер жиілігі арқылы табуға болатынын ұсынды. Ол үшін:

Х = = 100


мына формуласын пайдалануға болады.
Мұнда: Х – гендер арақашықтығы немесе кроссинговер жиілігі (пайыз)
а – особьтардың бірінші кроссовер тобындағы саны;
в – особьтардың екінші кроссовер тобындағы саны;
n – тәжірибедегі особьтар саны.
Біздің мысалымыздағы гендер арақашықтығын формуланы пайдаланып, есептеп шығарамыз:

х = . 100 = = 11,9% =12 морганида.


1% кроссинговерге тең гендер арақашықтығы морганида деп аталады.


Сонымен, қоян жүнінің түсін және ұзындығын анықтайтын гендер бір хромосомада шоғырланған және олар тіркесіп тұқым қуалайды. Гендердің арақашықтығы шамамен, 12 морганидаға тең.
Енді біз гендердің хромосомада орналасу тәртібін анықтау тәсілін қарастырайық.
Жалпы гендердің хромосомадағы орнын белгілеу генетикалық карта деп аталады.
Морганның шәкірттерінің бірі Альфред Стертевант өзінің дипломдық жұмысын орындау кезінде, кроссинговер жиілігі гендердің хромосома бойында тізбектеле орналасатындығын дәлелдейді деп бірінші ой айтқан болатын.
Мысалы, А және В гендерінің арақашықтығы 10 морганидаға, ал В және С гендерінің арақашықтығы 17 морганидаға тең болса, онда А және С гендерінің арақашықтығы АВ және ВС қашықтығының қосындысына (АС = АВ + ВС = 10 + 17 = 27 морганида) немесе олардың айырмасына (АС = АВ – ВС=7 морганида) тең болады. Мұның өзі, егер А,В және С гендері хромосомада тізбектеліп орналасқан жағдайда ғана мүмкін.
Әдетте, гендердің арақашықтығын анықтау үшін бір мезгілде, ең аз дегенде үш гендер арасындағы кроссинговер жиілігін есептеу керек. Гендердің хромосомадағы арақашықтығын осындай жолмен анықтау триангуляция әдісі деп аталады.
Әдістің пайдалану жолын жеке мысалда қарастырайық.
Мысалы, төрт ген арасындағы кроссинговер жиілігі белгілі: Д-А = 27 %, В-Д = 17%, В-С= 10% және С-Д=7%.
Гендердің арақашықтығын және орналасу тәртібін анықтау үшін ең алдымен хромосоманы кескіндейтін түзу сызық сызып, оның ортасына кроссинговер жиілігі ең аз гендерді түсіреді, яғни С-Д=7%.

________С____Д________


←7→
Онан соң, мәні бойынша келесі гендер арасындағы кроссинговер жиілігін таңдайды, яғни В-С = 10%. Мұнда В генінің, С генінің не оң, не сол жағында орналасу мүмкіндігін белгілейді:

________В_____С______Д______В?__________


← 10→ │←7→│
____17____________
Келесі кроссинговер жиілігін В-Д = 17%, дәл жоғарыдағыдай белгілейді. Бұл арада В гені Д генінің оң жағына орналаса алмайды, олай болған жағдайда
В-С = 27% болуы керек, бірақ олардың арақашықтығы 10% -ға тең.
__________В___________С___________Д__________
← 10→ │ ←7→
← 17→
Төртінші А генінің орнын анықтау үшін А және В гендері арасындағы кроссинговер жиілігін білу қажет. Егер А-В= 10% болса, онда А гені В генінің сол жағында орналасуын дәлелдейді, ал А-В= 44% болса, онда А ген В генінің оң жағында орналасуы керек.
_____А__10%____В___10%____С__7%____Д_____
│ ← 27→ │
Триангуляция әдісінің көмегі арқылы қазіргі кезде көптеген организмдердің генетикалық картасы құрылды.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет