Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет72/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   123
Генетикалық карталар. Кроссинговер құбылысының ашылуы Т.Морган және оның шәкірттеріне хромосомалардың генетикалық картасын жасауға мүмкіндік туғызды. Картаны жасауға хромосоманың ұзына бойына гендердің тізбектеле орналасуы негіз болды. Генетикалық карталар гомологтік хромосомалардың әр жұбы үшін жасалады. Тіркесу тобын нөмірлейді. Картаны құрастыру үшін көптеген гендердің тұқым қуалауын зерттеп білу қажет. Мысалы, дрозофила шыбынының төрт тіркеу тобына жинақталған 500-ден астам гендері, ал жүгері өсімдігінің 10 тіркеу тобына жинақталған 400-ден астам гендері зерттелген. Мысалы, бір тіркесулер тобына А және В гендер кіреді. Осы гендер арасындағы кроссинговер жиілігі 10% делік, онда осы хромосомада орналасқан А және В генінің бір-бірінен қашықтығы 10 сантиморганға тең. Осы тіркеу тобына С генін де жатқызайық. Оның хромосомадағы орнын анықтау үшін А және В гендер арасындағы айқасудың жиілігін білу қажет. Мысалы, егер С гені мен А генінің арасындағы орналасқаны немесе А гені С және В гендерінің аралығындағы болғаны:

Егер В және С гендерінде кроссинговердің жиілігі 7% болса, онда хромосомадағы гендердің орналасу қатары 1-үлгідегідей, ал В және С гендерінің айқасу мөлшері 13% болса, онда гендердің хромосомада орналасуы 2-үлгідегідей болады.
Тапсырмаларды орындау:
Студенттердің бірінші тобы мынадай екі жұп белгілердің: көздің түсі мен дене түсінің тұқым қуалауын талдайды. Ол үшін (топтағы студенттердің мәліметтері бойынша) белгілері ата-аналық формаларға ұқсас шыбындар (қызыл көзді және сұр денелі, қара денелі және ашық қызыл көзді) мен рекомбинаттарды (қызыл көзді және қара денелі, ашық қызыл көзді және сұр денелі) будандастырады. Белгілері ата-аналық формаларға ұқсас шыбындардың басым болатындығына көңіл аударуы керек.
Қорытындыларды кестеге жазып қойыңыздар, Х2 әдісімен статистикалық есептеулер жүргізіңдер. Нәтижесінде күткендегідей 1:1:1:1 арақатынас шығуға тиіс. Содан кейін белгілері ата-аналық формаларға ұқсас шыбындардың рекомбинаттардан басым болатындығын дәлелдеп, дрозофиланың көзі мен денесі түстерінің тіркесіп тұқым қуалайтындығын анықтау керек.
Екінші және үшінші топ студенттері алған қорытындыларды кестеге жазып, көзінің түсі мен қанаттарының пішіні, сондай-ақ денесінің түсі мен қанаттарының пішіні тіркесіп тұқым қуалайтындығына көз жеткізіңдер.
Екінші топ студенттері көздің түсі мен қанаттарының пішіндерінің тұқым қуалауын талдайды. Ол үшін топтағы әр студентке берілген белгілері ата-аналық формаларға ұқсас шыбындар (қызыл көзді, қалыпты қанатты және ашық қызыл көзді қысқа қанатты) мен рекомбинаттарды (қызыл көзді, қысқа қанатты және ашық қызыл көзді, қалыпты қанатты) санау қажет. Белгілері ата-аналық формаларға ұқсас шыбындардың басым болатындығына көңіл аударып, нәтижелерін кестеге толтыру керек. Мәліметтерге Х2 әдісімен статистикалық есептеулер жүргізіп, белгілері ата-аналық формаларға ұқсас шыбындардың рекомбинаттардан басым болатындығын дәлелдеңіздер, яғни көздің түсі мен қанаттарының формасының тіркесіп тұқым қуалайтындығын анықтаңыздар.
Содан соң бірінші және үшінші топ студенттерінің алған мәліметтерін кестеге жазып, дрозофиланың көзі мен денесі түстерінің, сондай-ақ денесінің түсі мен қанаттары пішіндерінің тіркесіп тұқым қуалайтындығына көз жеткізіңдер.
Үшінші топ студенттері дрозофила денесінің түсі мен қанаттары пішіндерінің тұқым қуалауын талдайды. Ол үшін барлық студенттер алған мәліметтердің жиынтығы бойынша белгілері ата-аналық формаларға ұқсас шыбындар (денесі сұр, қалыпты қанатты және денесі қара, қысқа қанатты) мен рекомбинанттардың (сұр денесі, қысқа қанатты және қара денелі, қалыпты қанатты) санын анықтау қажет. Белгілері ата-аналық формаларға ұқсас шыбындардың рекомбинанттарға қарағанда басым болатындығына назар аударыңдар. Белгілер ажырауының болады деп күтілетін 1:1:1:1 арақатынасына сәйкес мәліметтерге Х2 әдісімен статистикалық есептеулер жүргізіп, нәтижелерін 12-кестеге жазыңдар. Белгілері ата-аналық формаларға ұқсас шыбындардың рекомбинанттардан басым болатындығын дәлелдеп, яғни дрозофила шыбыны денесінің түсі мен қанаттарының пішіндері тіркесіп тұқым қуалайтындығын көрсетіңіздер.
Бірінші, екінші топ студенттерінің алған мәліметтерімен танысып, нәтижелерін кестеге жазыңыздар және көзінің түсі мен денесінің түстері, сондай-ақ көздің түсі мен қанаттары пішіндерінің тіркесіп тұқым қуалайтындығына көз жеткізіңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет