Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет76/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   123
Шежіре құрастыру
Шежіре құрастыруды бастайтын адамды пробанд деп атайды. Оның іні-қарындастарын сибстер деп белгілейді. Олар бір әке-шешеден болуы қажет. Егер пробандының іні-қарындасы ата-анасының біреуі басқа некеден болған жағдайда оларды жартылай сибстер деп атайды (25-суретте көрсетілген).
Шежіре негізінен бір немесе бірнеше белгілердің тұқым қуалауы бойынша жинақталады. Егер шежіреде көрсетілген мәліметтер неғұрлым көп ұрпақ бойы толық терең зерттелінсе, соғұрлым шындыққа жақын болады. Генетикалық мәліметтерді жинау анкета жүргізуден, сұрақ-жауап алудан және отбасын жеке зерттеуден басталады. Сұрақ-жауап пробандының нағашы жұртынан, ата-әже, олардың әрбір балалары және немелерінен басталады. Шежіреге түсік тастау, өлі туу, қолдан алдыру және ұрпақсыз некелер туралы мәліметтерді енгізеді. Осымен қатар, пробандыға туыстық қатынасы бар адамдарға қысқаша ақпарат жинақтайды. Онда: аты, әкесінің аты, туылған күні мен жылы, өлген күні мен жылы, жасы, ұлты, отбасының тұрған жері, мамандығы, отбасында созылмалы аурудың болуы, қайтыс болудың себептері туралы мағлұматтар болуы қажет. Барлық қажетті мәліметтер жинақталғаннан кейін шежіре құрастырады. Шежіре құрастыру белгілі тәртіппен жүргізіледі.



25-сурет



  1. Шежіре құрастыру пробандыдан басталады. Пробандының інісі-қарындасы туылу ретіне қарай солдан оңға қарай орналастырылады.

  2. Шежіреге қатысы бар бір ұрпақтың мүшелері бір қатарға қойылады.

  3. Шежіреде көрсетілетін ұрпақтарды жоғарыдан төмен қарай рим цифрімен белгілейді.

  4. Бір ұрпақтың әулеттерін солдан оңға қарай (бір қатар) араб цифрімен белгілейді.

  5. Шежіреде жеке зерттелінген ұрпақтың мүшелері де көрсетіледі.

Шежіренің графикалық көрінісі горизантальды тік немесе дөңгелек болуы мүмкін. Олар түсінік сөздермен анықталуы тиіс. Шежіренің үлгілері (26-суретте көрсетілген).


Шежірені талдау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет