Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдай



бет16/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   95
Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдай.

ХХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап Қазақстан халқы миграциялық қозғалыстардың әсерінен күрделі құрамдық және сапалық өзгерістерге ұшырауда. 1968 жылға дейін Республикаға келуші мигранттардың саны, шет елдерге кетуші эмигранттар санынан бірнеше есе артық болып қалыптасты. Мысалы, 1950-1959 және 1960-1969 жылдардағы Республика халқының мигранттар санымен толығуы 1000 тұрғынға балап есептегенде 12 және 4,9 адамға дейін жетті.

1970-1979 және 1980-1989 жылдары миграциялық қозғалыс Республикадан тыс бағытта өрби бастады. Осыдан Қазақстан халқы санынан азаюы 100 тұрғынға балап есептегенде 5-7 адамды құрады. Миграция салдарынан ХХ ғасырдың 70 жылдары Қазақстандағы табиғи өсім деңгейі 28% төмендеді, ал 80 жылдары 38% азайды. Осы 20 жыл ішінде халықтың табиғи өсімінің кемуінен Республика 5 миллион адамнан айрылды. 1990 жылдары басталған саяси-экономикалық өзгерістерге байланысты Кеңестер Одағындағы миграциялық үрдіс жаңа қуат алды. Қазақстан республикасына 1940-1945 жылдары депортацияға ұшырап қоныс тепкен және 1954-1975 жылдары тың өлкені игеру деген мақсатпен қоныс аударып келген өзге ұлт өкілдері елдеріне жаппай қайта бастады. Егер 1987 жылы Қазақстаннан 7,1 мың адам эмиграция жасаса, 1988 жылы-23,6 мың, 1989 жылы-53 мың адам қоныс аударды. Бұл кеңестер Одағындағы эмиграцияның жартысынан астамы (108,2 мың адам) болатұғын.

1991 жылғы статистикаға қарағанда Республикадан тыс елдерге қоныс аударғандардың 77,9 мыңы Германияға (92,6%), қалғандары Греция, Израиль және Ресей мемлекеттеріне бет бұрды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алуы эмиграциялық қозғалысты одан ары өршітті. Осының салдарынан Республика тұрғындарының табиғи өсімі 1990-шы жылы 55,8%-ға, 1991 жылы-22,2%-ға 1992 жылы-89,3%-ға төмендеді.

1993 және 1994 жылдардағы шетелдерге бағытталған миграциялық қозғалыстар табиғи өсімнен 1,4 және 2,8 есе жоғары болып шықты.

1992-2000 жылдар арасындағы мемлекеттер арасындағы миграциялық алмасуға 111 мың қатысты. 1996 жылғы деректерге қарағанда біздің еліміздің аумағынан 54 мың, ал 1997 жылы-38 мың адам өзге елдерге қоныс аударды. ХХ ғасырдың 90 жылдарының соңында Республикадан қоныс аудару үрдісі саябырсып, 1999 және 2000 жылдары 37,1 мыңнан 33,6 мың адамға дейін төмендеді. Осы кезеңнен бастап біздің елімізге бағытталған миграция ұлғая бастады. Сондықтан осы кезеңге дейінгі миграциялық теріс сальдо бірте-бірте жойылып оңды сальдоға қарай бет бұрды.

Осылайша 2000 жылы 1994 жылға қарағанда эмигранттар саны 3 есе төмендеді, ал миграциялық теріс сальдо болса 3,3 есеге азайды.

1999 және 2000 жылдары біздің Республикадан өзге елдерге қоныс аударушылар саны 65588 және 69365 адамды құрады 2001 жылдың 1 жарты жылдығында теріс сальдо 46126 адамды құраса, 2002 жылы 41724 адам болып шықты. Осы кезеңде біздің Республикаға өзге елдерден қоныс аударушылар саны өсе бастады. Оның ішіндегі этникалық қазақтардың үлес салмағы басым бола түсті. 1989 бен 2000 жылдар арасындағы статистикалық деректерге қарағанда, біздің Республикадан өзге елдерге қоныс аударған эмигранаттардың саны 3,5 млн-ға жетті. Осы уақыттағы теріс миграциялық сальдо 2,1 млн адамды құрады. 9 жылдың ішінде Республика тұрғындарының саны 16452 миллион адамнан 14821 миллионға дейін кеміп кетті.

(1 сурет) Жергілікті ұлт өкілдері мен Азиялық ұлт арасындағы туылу көрсеткішінің жоғары болуына қарамай Республика тұрғындарының саны 1989 жылдан 2000 жылға дейінгі аралықта 10% төмендеді.

1990 жылдардағы миграция үрдісінің сипаты мүлдем өзгеше бағытта өрбіді. Осы кезеңдегі миграция Қазақстан мен бұрынғы Одақтас республикалар арасында қалыптасып, оның ішінде Ресей, Украйна, 1 сурет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет