Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


сурет. Қазақстан Республикасы тұрғындарының 1990-1999 жылдардағы (млн. адам) саны



бет17/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   95
Байланысты:
Boleshov KDS Okulyk

1 сурет. Қазақстан Республикасы тұрғындарының 1990-1999 жылдардағы (млн. адам) саны

Беларусия және Балтық жағалауы елдері арасында орын алды. Ал, Қазақстан Республикасына бағытталған миграциялық қозғалыс Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Қырғыз Республикаларынан, сонымен қатар, Ауғаныстан мен Монғолиядан Қазақстанға қонасы аударған этникалық қазақ диаспораларынан түзілді.

Эмиграциялық топтардың ұлттық құрамы 1990 жылдан бері аса үлкен өзгеріске ұшырай қойған жоқ. 1994 жылғы Республика аумағынан қоныс аударғандардың 58,5%-орыстар, 8,0%-украиндар 19,0%-немістер, 3,0%-қазақтар болса, Республикаға қоныс тепкендердің 44,0%-орыстар 28,0%-қазақтар 7,0%-украиндар 4,0%-немістер болып шықты.

2000 жылғы эмигранттардың этникалық құрамы мынадай болып шықты: Орыстардың үлес салмағы 58,4%, немістердің-18,6%, украиндардың-8,8%, қазақтардың үлес салмағы-4,6%. Осы жылғы Қазақстанға қоныс тепкендер арасындағы орыстардың үлес салмағы 41,4%, қазақтардың үлес салмағы-33%, украиндардың 6%, немістердің үлес салмағы-3,6% болып шықты. Біздің Республиканың демографиялық шығыны барлық ұлттардан тұрғанымен,оның 60% орыстардың эмиграциясынан туындап отыр.

Немістердің эмиграциядағы үлес салмағы да айтарлықтай және олардың миграциялану үрдісі 2 рангалық орынды алған болып шықты. Біздің республикада 1989 жылғы халық санағы бойынша тіркелген 1 миллионнан астам немістердің 80%-нан артығы Германияға қоныс аударды.

Оңды миграциялық сальдо тек шет елдерден қайтатын этникалық қазақтар үшін қалыптасты. Осының барлығы шет елдерге ХІХ және ХХ ғасырлардағы қуғынға байланысты қоныс аударған қазақтарды елге қайтару жөніндегі мемлекеттік саясаттың арқасында туындаған жағдай деп есептеуге болады.

1991 жылдан 2000 жылға дейінгі аралықта Республикаға 42,3 мың отбасы оралды, ал келген оралмандардың жалпы саны 183,6 мың адамға жетті. 2000 жылғы миграциялық агенттіктердің мәліметтеріне қарағанда Республикаға 20,7 мың қазақ-репатрианттар отбасылары оралды. Олардың 2/3 бөлігі бұрынғы Одақтас Республикалардан, ал қалғандары алыс шет елдерден оралғандар.

1999 жылғы алғашқы республикалық ұлттық санақ бойынша анықталған тұрғындардың 53,4% қазақтар болып шықты, ал 1989 жылғы санақ бойынша республикадағы этникалық қазақтар саны бар болғаны 40% құрған еді. 2007 жылғы статистикалық деректерге сүйенсек, Республика тұрғындарының құрамындағы этникалық қазақтардың үлес салмағы 59,4% құрады (2 сурет).

Сонымен, миграциялық үрдістің этникалық және әлеуметтік-кәсіби сипаттамасы соңғы он жыл ішінде күрделі өзгеріске ұшырады. Республикада қазіргі қалыптасқан этнодемографиялық жағдай еліміздің одан ары тұрақтануына, қазақ этносының өз отанында жеткілікті артықшылықтарға ие болып, егемендіктің нығая түсуіне себеп болуда. Осыған Қазақстан республикасының 1992 жылы қабылдаған «Иммиграция туралы Заңы» және қазақтарды отанына қайтару саясаты ерекше үлес қосып отыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет