(3 сурет).Негізгі өлімге алып келетін аурулардан адамдардың орташа өлімге ұшырау жасы аса өзгеріске ұшырай қойған жоқ. Жүрек-қан қан айналу жүйесі ауруларынан туындаған өлімге ұшыраудың орташа жасы 72 жылды құраса, инфекциялық және паразитарлық аурулардан өлгендердің орташа жасы 44 жылды құрады.
Біздің елімізде жүрек-қан тамыры ауруларынан туындаған өлім көрсеткіші АҚШ, Германия және Франция тұрғындарының осы патологиядан туындаған өлім көрсеткішінің деңгейінен 3-5 есеге жоғары, қатерлі ісіктерден туындаған өлім көрсеткішінің деңгейі 2,0 есеге артық.
Өлім оқиғаларын талқылау барысында абортқа немесе түсік тастауға байланысты туылмаған балалардың өлімін айтпай кетуге болмайды. Біздің елімізде әйелдер арасында түсік тастау оқиғалары кеңінен етек алған.
Алғаш рет жүкті болған әйелдер арасында түсік тастау оқиғаларының үлес салмағы 9-10 % жетеді. Оның 1,5-2,0 % 18 жасқа дейінгі қыздардың үлесіне тиеді.
Достарыңызбен бөлісу: |