8 сурет. Жалпы емханаға қаралғандардың жыл мезгілдері бойынша таралуы (% есептегенде).
Емханаға қаралу мақсатында келгендердің легін дұрыс бөлу үшін, олардың емханаға келу санының күн мезгілдеріне қарай жүктелуін анықтаудың маңызы үлкен. Көптеген зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне қарағанда емханаға қаралушылардың 40,6-43,2 % сағат 8 ден 12-ге дейін, 28,2 % - 30,8 % сағат 12 ден 16-ға дейін, 19,1 % - 27,7 % сағат 16-дан 20-ға дейін келеді екен. Емханаға қаралушылардың күн мезгілдерінде осылайша таралуы учаскелік терапевтердің үш ауысымды тәртіп бойынша жұмыс істеуінде байқалады.