Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


Жыныс жолдарымен таралатын инфекциялардың әлеуметтік-медициналық мәселелері



бет49/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   95
Жыныс жолдарымен таралатын инфекциялардың әлеуметтік-медициналық мәселелері.
Жыныс жолдары арқылы таралатын инфекцияларды ерте кезеңнен әлеуметтік жағдайдан туындайтын аурулардың қатарына жатқызылып келеді. Олардың ішінде сифилис пен гонорея аурулары ерекше орын алады. Себебі бұл аурулар зәр және жыныс органдарында аса күрделі патологиялық өзгерістерге алып келеді және тұрғындардың арасында еңбекке жарамсыздық, репродуктивтік қасиетті жоғалту оқиғаларын барынша арттырады. Осы аурулардың әсерінен жүктіліктің түсік тастауымен аяқталуы немесе ана мен баланың өлімінің артуы жиі байқалады. Біздің республикамызда 1990 жылға дейін сифилиспен аурудың деңгейі 100 000 тұрғынға балап есептегенде 0,5 оқиғаны құраса, 1998 жылы 180 оқиғаға дейін жетті. Ал, жеке облыстарда (Павлодар. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары) және ірі қалаларда (Алматы, Астана, Петропавлоск, Павлодар, Қостанай) оның таралу деңгейі 250-260%000 дейін көтерілді. Осы аурумен қатар гонорея ауруының таралу ауқымы ұлғайды. 1990 жылы гонореямен аурушаңдық 100 000 тұрғынға балап есептегенде 0,24 оқиғаны құраса 1998 жылы 140-150 оқиғаны түзеді. 2004 жылғы статистикалық деректерге қарағанда сифилис пен гонорея таралу деңгейі 97-98 %000 тұрақтады. Осыдан бастап бұл аурулардың бірте-бірте төмендеуі байқалады.

Соңғы 20 жыл арасында жыныстық қатынастар барысында таралатын аурулардың түрлері де көбейді. Оның ішінде трихоманиаз, хламидоз, уреаплазмоз, урогениталдық кандидоз аурулары еселеп өсу үстінде. Жыныстық қатынастар арқылы берілетін инфекциялардың осылайша жоғары деңгейде таралуына Республика тұрғындарының өмір сүру жағдайы мен салтының өзгеруі себеп болып отыр. Әсіресе жастардың жеңіл жүріске бой ұрып, кім көрінгенмен жыныстық қатынасқа баруы, гигиеналық ережелерді сақтамауы, олардың арасында наркомания мен алкоголизмнің белең алуы эпидемиологиялық жағдайдың ушығуының негізгі себептері болып отыр. Осы аурулардың кеңінен етек алуына дәрігерлер де кінәлі. Себебі жыныстық қатынастар арқылы берілетін аурулардың алдын алуға болады және осы аурулардан тез емделу мүмкіндігі бар деген деректерді дәрігерлердің өздері ақпараттық құралдарда, телевизиялық эфирлерде жиі айтып жүр. Шындығында бұл аурудың созылмалы түрлерін толық емдеп шығу өте қиын, жеке ауруларды тудыратын инфекциялар дәрілердің әсеріне тұрақты. Сондықтан жыныстық қатынастар арқылы тарайтын инфекциялардан туындаған аурулар репродуктивтік жастағы әйелдердің бала көтеру қасиетін жоғалтуға, ал ер кісілердің потенциясынан айрылуына алып келеді. Осындай жағдай Европа елдерінде және Америка Құрама Штаттарында кеңінен таралған. Сондықтан да олардың арасында бала асырап алу оқиғалары өсе түсуде. Өмір заңы бойынша адамның ең маңызды міндеті дүниеге бала алып келу және ұрпақтардың одан ары жалғасуын қамтамасын ету екендігін ұмытпауымыз керек. Егер тұрғындар арасында туылу көрсеткішінің төмендеуі одан ары жалғасса, жер бетінен көптеген ұлттар мен ұлыстардың жойылып кету қаупі бар. Ал саны аса жоғары емес қазақ ұлтының арасында жыныстық қатынастар арқылы берілетін аурулардың арта түсуі, еліміздің тәуелсіздігіне және егемендігіне тікелей төнген қауіп деп қарастыру қажет.

Шет елдік ақпараттық құралдарда жеке артистер мен мемлекет қайраткерлерін дәріптеу және олардың СПИД ауруынан, наркоманиядан және алкоголизмнен өліміне қайғыру оқиғалары жиі көрсетіледі. Осыдан жастардың санасында осы қайраткерлердің жоғары абыройға ие болу сезімі қалыптасуда. Оған мысал ретінде, балетмеистер Эдуард Нуриев пен артист Майкл Джексон сияқты тұлғалардың өмірін алуға болады. Алайда бұл атақтылардың бірі СПИД-тен, екіншісі наркоманиядан өлгендерін есепке алсақ, онда олардың өз істеріндегі жетістіктерінің түкке тұрмайтындығын байқауға болады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында іске асырылып жатқан мемлекеттік профилактикалық шаралардың тиімділігі аса жоғары емес. Елімізде түнгі жезөкшелік белең алып, тұрақты коммерциялық сипатқа ие болып отыр. Оған жастар да, ересек адамдар да кенен тартылуда. Бұл үрдіске қарсы профилактикалық жұмыстарды қатаң заңды жолға қою қажет. Медицина қызметкерлерінің және құқық қорғау органдарының осы бағыттағы солқылдақ шаралары не әлеуметтік, не медициналық тиімділігін бермей отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет