Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


кесте. Негізгі дәрігер мамандардың жеке жұмыстарды атқаруға кететін уақыты ( орта есеппен)



бет54/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   95
Байланысты:
Boleshov KDS Okulyk

23 кесте. Негізгі дәрігер мамандардың жеке жұмыстарды атқаруға кететін уақыты ( орта есеппен).


Еңбек операциялары

Учаскелік терапевт

Хирург

Оториноларинголог

Офтальмолог

Невропатолог

Терапевтік бөлім

меңгерушісі


1.Дайындық жұмыстары.


0,9

1,0

1,0

1,0

-

1,1

2.Емдеу-диагностикалық жұмыс:


4,6

3,4

5,1

5,2

4,6

5,2

- оның ішінде – ауруларды сұрастыру



1,1

0,9

1,2

1,3

1,3

1,8

-медициналық құжаттармен танысу

2,3

0,9

1,0

1,2

1,5

1,5

-қарау және тексеру


2,0

1,0

1,5

2,4

1,6

2,9

-науқасқа кеңес беру


1,8

1,1

1,6

1,8

1,7

1,2

-өзге жұмыстар


-

2,6

-

-

-

7,7

3.Медициналық құжаттарды толтыру


3,8

2,8

3,8

3,6

3,3

3,3


Оның ішінде:

-медициналық картаны толтыру;


2,5

2,5

3,2

2,6

2,6

2,6

-рецепт жазу;


1,9

-

1,4

1,5

1,4

1,1

-еңбекке жарамсыздық парағын толтыру;


1,4

0,7

1,7

2,7

1,4

0,6


-бағытнама толтыру;

1,4

-

1,8

1,5

1,6

0,9

-өзге жұмыстар


-

-

-




2,2

3,6


Зерттеу нәтижелері емхана дәрігерлерінің әртүрлі жұмыстарды атқаруға жұмсайтын уақытысында бір-бірінен аса үлкен айырмашылық жоқ екендігін көрсетті. Мысалы, емдеу-диагностика жұмысын атқаруға орташа есеппен 3,4 минуттан (хирург) 5,2 минутқа ( офтальмолог ) дейін кететіндігі анықталды. Медициналық құжаттарды толтыруға 2,8 минуттан ( хирург ) 3,8 минутқа дейін (учаскелік терапевт) жұмсалатындығы немесе ауруды қабылдауға кететін уақыттың 40 % кететіндігі байқалады. Хирургтың емдеу-диагностикалық жұмыстарының ішінде ауруларды сұрастыруға орта есеппен 1,1 минут кетеді. Учаскелік терапевтердің осы істерді атқаруға жұмсайтын уақтысы 1,1 және 1,8 минутқа тең келсе, невропатологтар арасында 1,3 және 1,8 минут кетеді екен. Хирургтардың ауруды қарауға және тексеруге жұмсайтын уақтысы 1 минуттай болса, терапевтік бөлім меңгерушісінің жұмсайтын уақтысы 2,9 минутқа дейін жетед. Емхана дәрігерлерінің барлығы дерлік медициналық құжаттарды толтыруға орта есеппен 2,6 минут, ал рецептерді толтыруға орта есеппен 1,5 минут жұмсайтындығы анықталды. Сонымен, емхана дәрігерлерінің науқастарды қабылдау жұмыстарын дұрыс хронометраждау, медицина мекемесінің қызмет тиімділігін арттырудың ең тиімді жолы болып табылады.

Денсаулық сақтау саласына басқарудың экономикалық әдістерін енгізу емдеу-профилактикалық мекемелерінің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруды талап етуде. Сондықтан стационарлық медицина мекемелерін бүгінгі күннің талабына сай етіп қайта құру жұмыстары қолға алынуда. Қайта құру жұмыстары негізінен мынандай бағытта жүзеге асырылуда:



  1. Емдеу-профилактикалық үрдістің жоғары қарқындылығын қамтамасыз ететін ауруханаларды ұйымдастыру. Бұл ауруханаларда шұғыл және қарқынды жүргізілетін медициналық көмек беріледі. Осындай емдеу-профилактикалық мекемелер қажетті заманауи медициналық құралдармен, аспаптармен жабдықталып, жоғары білікті дәрігер мамандармен толыққанды қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, ауруларды сапалы емдеуге қажетті дәрі-дәрмектер де тоқтаусыз бөлінуі қажет. Осындай стационардағы төсек-орындардың саны жалпы ауруханалық төсек-орындардың 20% -ын түзеуі керек. Науқастардың осы стационарда емделу күндері өте қысқа. Олардың жағдайы оңала бастағанда өзге емдеу мекемелеріне ауыстырылады.

  2. Орта мерзімді ұзақтықта жоспарлы емдеу шараларын алуды қажет ететін науқастарға арналған ауруханаларды немесе бөлімшелерді ұйымдастыру. Бұл ауруханада қалыпқа келтіру шаралары жүзеге асырылады. Сондықтан бұл стациоарларды жабдықтау, мамандармен қамтамасыз ету, аурулардың төсек-орында жату ұзақтығы, қызметкерлердің еңбек етуі бойынша стандарттары мүлдем өзгеше болады. Осындай ауруханалық мекемелердің төсек-орындары жалпы стационарлық төсек-орындардың 50% -ын түзеуі тиіс.

  3. Емдеуді аяқтауға және реабилитациялық шараларды жүзеге асыруға арналған ауруханалар көбінесе созылмалы аурулары бар науқастарды емдеуге арналған стационарлық мекеме болып табылады. Олардың төсек-орындарының саны жалпы ауруханалардың төсек-орын қуатының 20 %-ын құрайды.

  4. Медициналық-әлеуметтік ауруханалар (бөлімшелер) медбикенің күтімін қамтамасыз ететін медицина мекемесі болып табылады. Оларды шет елдерде Хоспистер деп атайды. Бұл ауруханаларға науқастарды әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау органдары жібереді. Бұл мекемелердің төсек-орындарының саны жалпы ауруханалардың төсек-орындары қуатының 20%-ын құрайды. Сонымен, қазіргі ауруханалық мекемелер жоғары дәрежеде мамандандырылған және ең озық заманауи медициналық аппараттармен жабдықталған стационарлар болып табылады. Денсаулық сақтау жүйесіндегі қайта құру жұмыстары стационарлық көмекті барынша сапалы және мамандандырылған етіп ұйымдастыруға, бос төсек-орындарды қысқартып, науқастардың ауруханада жату мерзімін барынша төмендетуге, стационардың жеке қызметтерін амбулаторлық-емханалық мекемелерге беруге негізделген. Қазіргі кезде жартылай стационарлар мен стационарлардың орнын басатын мекемелер ауруханалардың беретін медициналық көмектерінің 15% өз міндеттеріне алып отыр. Халықаралық стандарттар бойынша ауруханалардың қуаты 600 – 800 төсек-орыннан тұруы қажет. Ал оның ең төменгі қуаты 300 – 400 төсек-орынмен шектеледі. Осындай қуатта жұмыс атқаратын ауруханаларда 5-7 дәрігерлік мамандық бойынша төсек-орындар жайғастыруға мүмкіндік бар.

Қалалық аурухана жаңа медициналық технологияларды қолдана отырып, тұрғындарға білікті және мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыратын емдеу-профилактикалық мекеме болып табылады. Медициналық көмектің түріне, көлеміне, сипатына және қызметті ұйымдастыру ереекшелігіне қарай қалалық аурухананы бірнеше түрге жіктейді:

саласына қарай – көпсалалы немесе мамандандырылған;

ұйымдастыру ерекшелігіне қарай – емханамен біріктірілген немесе біріктірілмеген;(24 кесте)

қызмет көрсету көлемі жағынан – әртүрлі категориядағы (төсек-орын қуаты) ауруханалар.

Емдеу профилактикалық жұмыстың ең маңызды бағытының бірі – ауруларды тексеруде және емдеуде емхана мен стационардың бірге қоян-қолтық қимылдауын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жұмыс төмендегідей жолдармен жүзеге асырылады:


  1. Емхана мен стационар дәрігерлерінің госпитализацияға жіберілген және стационарлардан шығарылған науқастың жағдайы туралы бір- бірін хабардау етуі арқылы жүзеге асырылады. Госпитализацияға жіберілген науқасқа аурудың амбулаторлық картасынан көшірме, ал стационардан шыққан науқасқа аурудың тарихының көшірмесі беріледі. Бірінішісі стационардың емші дәрігеріне, ал екіншісі емхананың дәрігеріне тапсырылады.

  2. Стационардың дәрігерлері диспансеризация жұмыстарына белсенді

түрде тарту арқылы жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет