21 кесте. Қалалық емханаға аптадағы күндерде қаралудың деңгейі (апта бойы қаралу 100 % деп алғанда)
Апта күндері
|
Көктем
|
Жаз
|
Күз
|
Қыс
|
Жыл бойы
|
Дүйсенбі
|
20,9
|
17,7
|
21,2
|
19,9
|
19,9
|
Сейсенбі
|
13,9
|
16,6
|
19,6
|
18,0
|
17,2
|
Сәрсенбі
|
6,5
|
16,9
|
18,0
|
18,9
|
17,6
|
Бейсенбі
|
14,9
|
16,8
|
17,9
|
18,2
|
16,9
|
Жұма
|
14,7
|
16,5
|
17,5
|
17,6
|
16,6
|
Сенбі
|
17,5
|
15,5
|
5,2
|
7,3
|
11,4
|
Жексенбі
|
1,6
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Емханаға қаралу легінің күн бойы, апта бойы және жыл мезгілдерінде таралу заңдылықтарын жете білу учаскелік дәрігерлердің және емхана мамандарының жұмыс кестесін, профилактикалық шараларды ұйымдастыру жоспарын, медицина қызметкерлерінің жазғы демалысын дұрыс қалыптастыруға жағдай туғызады.
Емхана бөлімдерінің, бөлімшелерінің және қызметкерлерінің жұмысын дұрыс жоспарлау үшін күнделікті қаралушылар легінің емхана құрлымдарына қалайша жіктелетіндігін анықтау қажет. (22 кесте)
Кестеде келтірілген деректер тұрғындардың емхана бөлімдеріне қаралу сипатын толыққанды көрсете алмайды. Емханаға қаралушылардың екіншілей жіктелуін зерттеу, тіркелуге келген науқастардың үштен бірі өзге құрлымдарға бармай, емханадан шығып кеткендігін көрсетті. Себебі , өзге құрылымдарға бару уақтысы күннің басқа мерзіміне тағайындалған болып шықты.
22 кесте. Емханаға қаралушылардың мекеме құрылымдарына таралуы мен бөлмелердің жұмыс атқару қауырттылығы (күніне 1000 адамға балап есептегенде).
Құрлымдық бөлімдер
|
Алғашқы жіктелу
|
Екіншілей жіктелу
|
Тіркеу-
ден өткен соң
|
Дәрігердің қабылдау-ынан кейін
|
Диагностика-
лық кабинет-
тен өткеннен кейін
|
Физиотера-
певтік бөл-
меден кейін
|
Процеду-
ра бөл-
месінен кейін
|
І. Тіркеу:
|
430,0
|
20,2
|
57,4
|
6,7
|
2,3
|
5,4
|
Қабылдауға жазылу
|
328,6
|
-
|
-
|
5,5
|
2,3
|
5,4
|
Медициналықемханалық картаны іздеу
|
-
|
7,4
|
8,2
|
1,2
|
-
|
-
|
Анықтама алу
|
99,8
|
12,8
|
7,7
|
-
|
-
|
-
|
Құжаттарды толтыру
|
2,2
|
-
|
43,0
|
-
|
-
|
-
|
ІІ. Дәрігерлер бөлмелері:
|
186,0
|
171,1
|
96,1
|
3,2
|
5,1
|
11,0
|
терапевттер
|
54,0
|
74,7
|
29,8
|
1,2
|
0,8
|
5,7
|
өзге мамандар
|
132,0
|
96,0
|
66,9
|
2,0
|
4,3
|
5,3
|
ІІІ.Диагности
калық бөлмелер
|
105,0
|
14,5
|
30,9
|
2,6
|
0,5
|
1,4
|
ІV. Физиотерапев
тік бөлмелер
|
95,0
|
3,7
|
28,4
|
1,1
|
-
|
5,5
|
V.Процедура бөлмесі
|
158,0
|
13,8
|
22,7
|
2,7
|
6,4
|
-
|
Құрлымдарға таралу қорытындысы
|
974,0
|
223,3
|
235,5
|
16,3
|
14,3
|
23,3
|
Емханадан кетті
|
26,0
|
114,0
|
135,5
|
91,9
|
75,8
|
118,8
|
Барлығы
|
1000
|
337,2
|
371,0
|
108,2
|
90,1
|
142,1
|
Сондықтан олар қабылдауға тағайындалған уақытта емханаға қайталай келуі тиіс. Дәрігердің қабылдауында болған науқастардың 47% емхананың бірнеше бөлмелерінде болады. Сонымен бірге, науқастардың айтарлықтай бөлігі (15 %) тіркеу бөліміне қайта оралып, медициналық құжаттарды толтырады немесе медициналық картасын іздетеді (2,5%) және қажетті мәліметтер алады(2 % ). Бір дәрігерге қаралған науқастардың 38 %ғана емханадан үйге қайтады. Бастапқыда диагностика (85%), физиотерапия (84%) және процедура (83,6%) бөлмелеріне келген науқастардың көпшілігі емханадан тіке үйіне қайтады. Тек қана олардың 15-17 % өзге бөлмелерге қаралуға барады.
Сонымен, жоғарыда келтірілген деректер емханаға қаралғандардың басым бөлігі тіркеу бөлімі мен дәрігерлер бөлмелеріне келетіндігін көрсетті. Тіркеу бөлімінің аса маңызды қызметінің бірі, науқастардың дәрігерлерді үйіне шақыру оқиғаларын тіркеу болып табылады. Осы жұмысты атқаратын тіркеушінің міндетіне жататындар:
-дәрігерлер мен медицина бикелерін науқастардың үйіне шақыру оқиғаларын қабылдау және тіркеу;
-шақыру оқиғаларына қызмет көрсетудің жеделділік дәрежесіне және учаскесіне қарай бастапқы жіктеу жұмысын іске асыру;
-дәрігерді үйге шақырған науқастың медициналық-амбулаторлық картасын тауып қою:
-дәрігерлер мен медицина бикелерін науқастарға көмек көрсетуге қажетті медициналық құжаттардың бланкаларымен қамтамасыз ету, учаскелік дәрігерлер мен медбикелерді сумкалармен жабдықтау, емхана автокөліктерін бөлу.
Науқастардың дәрігерлерді үйіне шақыруы телефонмен немесе арнайы талондарды қолданып өз бетінше дәрігерлерді шақыру жолдарымен жүзеге асырылады. Дәрігерді үйге шақыруды тіркеу барысында науқастың төлқұжатық деректері, мекен жайы және шақырудың себептері жазылады. Тәжірибе көрсеткендей, дәрігерді үйге шақыру оқиғалары көбінесе (92 %) сағат 8-ден күндізгі 12-ге дейін жүзеге асырылады. Сондықтан науқастардың үйге шақыру оқиғаларын тіркеушіден талап етілетін жағдайға, олардың әрбір шақыруды мұқият және өте әдеппен қабылдауын қамтамасыз ету болып табылады. Аурудың емхана дәрігерін үйге шақыру оқиғасы журналда тіркеледі. Осыдан кейінгі дәрігердің аурудың үйінде кезекті медициналық көмек көрсетуін белсенді көмек деп атайды. Оны дәрігер өз еркімен аурудың шақыруынсыз жүзеге асырады. Дәрігер науқастың клиникалақ-диагностикалық зерттеуден өтуін және медициналық бикенің емдік шараларды жүргізуін қамтамасыз етеді. Қажетті жағдайда өзге мамандардың кеңесін ұйымдастырады. Науқастың халі нашарлап, госпитализациялауды қажет етсе, онда ол аурухананың стационарлық бөліміне жатқызылады. Егер науқас тек үй жағдайында көмекті қажет етсе, онда дәрігер медициналық көмекті оның үйінде ұйымдастырады немесе үйінде стационарлық көмек береді. Осы мақсатта қызыл айшық қоғамының белсенділері, әлеуметтік көмек беретін қызметкерлер мен патронаждық бикелер көмекке тартылады.
Жеке патологияларға байланысты амбулаторлық-емханалық мекемелерде емделіп жатқан науқастарға тегін медикаменттер алу үшін арнайы рецептер толтырылады. Науқастарға үй жағдайында медициналық көмекті ұйымдастыру үшін дәрігерлерге белгілі бір көлемде уақыт беріледі және оларға арнайы медициналық сумка бөлінеді Сумкада науқасты емдеуге және тексеруге қажетті медициналық құралдар, аппараттар және медикаменттер болуы тиіс. Осындай медициналық сумкалармен медициналық бикелер де қамтамасыз етіледі. Олар науқастарға барып, емдік шараларды жүргізеді немесе диспансерлік бақылау мақсатында науқастардың үйіне барып тексеріп отырады. Амбулаторлық-емханалық мекеменің жұмысын ұйымдастыруда бөлім меңгерушісінің атқаратын ролі өте үлкен. Бұл қызмет емхананың терапевтік бөлімінде 9 дәрігерлік қызмет, ал хирургиялық бөлімде 8 дәрігерлік қызмет орны болған жағдайда тағайындалады. Ал дәрігерлік қызметтердің саны аз болған жағдайда бір терапевке меңгерушілік қызметті атқару жүктеледі.
Бөлім меңгерушісінің міндетіне дәрігерлермен бірге емдеу-профилактикалық жұмыстардың жоспары мен кестесін жасау, басқару және жұмыс жоспарларының орындалуын бақылау, оның сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ету, уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптау, диспансерлік шараларды ұйымдастыру, профилактикалық тексеруді бақылау, науқастарды стационарға жатқызу, санаторлық-курорттық мекемелерге жіберу мәселелерімен айналысады.
Бөлім меңгерушісінің аса маңызды міндеттерінің қатарына медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, конференция өткізу, заманауи диагностика, емдеу және профилактика әдістерін игеруге бағытталған сабақтар ұйымдастыру, емдеу-диагностика жұмыстарының сапасы мен тиімділігін жүйелі түрде сараптау кіреді.
Емханаларда төмендегідей оперативтік есепке алу құжаттары болады: дәрігерге қабылдау талоны, дәрігерді үйге шақыру оқиғаларын тіркеу журналы, амбулаторлық аурудың медициналық картасы, анықталған диагнозды тіркеуге арналған статистикалық талон, инфекциялық ауруды, астан улануды, жедел, кәсіби улануларды шұғыл хабарлама жасау құжаты, емхана, диспансер және медициналық кеңес беру мекемесі дәрігерінің жұмыс күнделігі, диспансерлік бақылаудың барысын қадағалау картасы, мақсатты медициналық тексеруге жататын тұлғалардың тізімі, диспансерлік бақылауға жататын аурулардың жалпы тізімі, еңбекке жарамсыздық қағазы, госпитализацияға бағытнама талоны, дәрігерлік кеңеске және қосымша бөлмелерге бағытнама, өлім туралы дәрігерлік куәлік, инфекциялық ауруларды есепке алу журналы, дәрігерлік кеңес комиссиясының қорытындысын жазуға арналған журнал, еңбекке жарамсыздық парағын тіркеу журналы, рецепт (ересектерге, балаларға), құрамында наркотикалық заттары бар дәрілерді алуға арналған рецепт, тегін, 50,20 % өтемін төлеумен алатын дәрілерді жазатын рецепт.
Емханалық мекемеде медициналық статистика бөлмесі жұмыс істейді. Ол тікелей бас дәрігердің немесе емдеу ісі жөніндегі орынбасардың құзырына қарайды. Оның атқаратын істеріне статистикалық есепке алуды ұйымдастыру, құжаттарды жүргізу және олардағы деректердің шынайылығын қадағалау, қорытынды есепке алу құжаттарын жасау,жылдық және ауысымдық статистикалық есептерді жасау, статистикалық есепке алу және есеп беру құжаттарын құрастыру, жинақталған және құрастырылған статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, емханалық мекеменің жұмысын сараптауға қатысу, ағымдағы жылдың есепке алу құжаттарын сақтауды ұтымды ұйымдастыру жұмыстары жатады. Бұл бөлменің мамандары емхананың өзге құрлымдарының қызметкерлерімен және жеке дәрігер мамандармен тығыз байланыста жұмыс атқарады.
Әрбір емхананың ең басты құжаты жылдық статистикалық есеп болып табылады. Бұл құжатты белгіленген мерзімде жоғары басқарушы органға тапсыру қажет.Денсаулық сақтау мекемесінің басшыларына емханалық мекеме дәрігерлерінің жекелей атқаратын жұмыстарының қалыпты көрсеткіштерін белгілеу құқығы берілген. Оны жүзеге асыру барысында қызмет көрсету аумағындағы тұрғындардың демографиялық құрамы, учас келердің орналасу тығыздығы мен аумағы, дәрігерлердің автотраспортпен қамтамасыз етілу деңгейі, эпидемиологиялық ахуалы, мүгедектер мен диспансерлік аурулардың саны сияқты маңызды мәліметтер есепке алынады. Өндірістік қажеттілікке байланысты мекеме басшысы жеке құрылымдарды жойып, орнына жаңа құрылымдарды ұйымдастыруға немесе жеке құрылымдарды күшейтуге құқығы бар. Бірақ бұл өзгерістер мекеменің норматив бойынша белгіленген қызметкерлер санынан аспауы тиіс. Еңбек туралы нормативтік актілер нұсқау ретінде қолданылады. Әртүрлі мекемелерде есептеулі нормативтер әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы учаскелік терапевтің алғаш рет науқасты қабылдауына 22 минут, кезекті қабылдауына 16 минут қарастырылған. Бір ауру бойынша учаскелік дәрігерге қаралу саны 2,5 рет деп белгіленген. Амбулаторлық қабылдау шамасы 1 сағатта ( 60 минут ) 3 адамға тең болу тиіс. Осыдан жыл бойы учаскелік дәрігерге орта есеппен 5600 қаралу оқиғасы тіркелуі қажет. Мемлекеттік кепілдендірілген ақысыз медициналық көмек жоспары бойынша 1000 адамға балап есептегенде емханалық мекемеге 9000 рет қаралу оқиғасы бекітілген.
Емхана дәрігері аптасына 5 күн жұмыс атқарады. Қарастырылған 6,5 сағаттық жұмыс күнінің 30 минуты емдеу-профилактикалық шаралардан тыс істерге кетеді. Оның ішінде дәрігерлік конференциялар, қызметтік мәселелер бойынша келісу жұмыстары, жеке бастың жұмыстары бар. Емхана дәрігерінің жұмысын барынша тиімді ұйымдастыру үшін, олардың еңбек ету үрдісін жете тексеріп, әрбір қимылға жұмсайтын уақтысын анықтау қажет. Осының арқасында емхана дәрігерінің жұмысында орын алған кемшіліктерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік туады (23 кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |