Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


-тарау. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру



бет50/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   95
4-тарау. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру.
Денсаулық сақтау жүйесі тұрғындарды әртүрлі медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыратын медицина мекемелерінің құқықтық базасы мен мамандармен қамтамасыз ету жұмыстарын қамтиды. Заңдық негіздерде емдеу-профилактикалық, алғашқы медициналық-санитарлық және арнайы медициналық көмек қарастырылған. Алайда медициналық-әлеуметтік көмекті жіктеудің өзге де түрлері бар. Емдеу-профилактикалық көмекті көбінесе ауруханадан тыс (амбулаторлық-емханалық), ауруханалық (немесе стационарлық), жедел және күттірмейтін, реабилитациялық және санаторлық-курорттық медициналық көмектерге жіктейді. Медициналық көмектің көрсетілу деңгейіне немесе біліктілігіне қарай дәрігерге дейінгі, дәрігерлік, білікті, арнайы (мамандандырылған) және аса мамандандырылған білікті көмек деп жіктейді. Алайда, емдеу-профилактика үрдісін, реабилитациялық және профилактикалық көмекті осылайша жіктеу оның мағанасын толық ашып көрсете алмайды.Себебі медициналық көмек - өте күрделі және көп деңгейлі механизм. Оның элементтері үнемі өзгеріске ұшырап отырады және бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы, емхананың құрамында стационарлар болуы мүмкін. Санатарлық-курорттық көмекті ұйымдастыруда амбулаторлық мекеменің жұмысы да қарастырылуы ықтимал. Ал диспансерлердің құрамында емхана мен стационарлық бөлімдер бар. Денсаулық сақтау жүйесі біздің елде салалық құрылымда ұйымдастырылған. Оның мынандай салалары бар:

1) емдеу-профилактикалық (амбулаторлық-емханалық, ауруханалар,

диспансерлер, ж.т.б.);

2) Ана мен балаларға арналған медициналық көмек;

3) Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет;

4) Медициналық-фармацевтикалық өндіріс, дәріханалық мекемелер

мен шаруашылықтар;

5) Медициналық білім мен ғылым – жоғарғы және орта медициналық

оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары;

6) Санаторлық-курорттық мекемелер;

7) Патологоанатомиялық, сот-психологиялық сараптау қызметі;

Жоғарыда аталған ұйымдар (мекемелердің түрлері) медициналық көмек жүйесінің негізін құрайды және мемлекеттің қаржысына сүйенеді.

Емханадағы ауруларға көрсетілетін медициналық көмек терапевтік, педиатриялық және жеке дәрігерлік мамандықтар бойынша беріледі. Жеке мамандықтардың ішінде хирургиялық, акушерлік-гинекологиялық, кардиоревматологиялық көмек көрсетілуі мүмкін.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет