26 кесте. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бюджеттерден бөлінетін қаржы деңгейі (миллион теңге).
Жылдар бойынша
|
Барлығы
|
Республикалық бюджет
|
Жергілікті бюджет
|
Өзге қаржы көздері
|
20011 жылы
|
65262,7
|
64700,3
|
562,4
|
-
|
2012 жылы
|
79966,9
|
75312,1
|
454,8
|
4200
|
2013 жылы
|
74059,4
|
69367,9
|
491,5
|
4200
|
2014 жылы
|
79086,1
|
74290,5
|
595,6
|
4200
|
2015 жылы
|
81983,8
|
72926,0
|
657,8
|
8400
|
қорытындысы
|
380358,9
|
356596,8
|
2762,1
|
21000
|
Денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды одан ары жетілдіру мақсатында бюджеттен бөлінетін шығын жыл сайын артады. Алғашқы медициналық-әлеуметтік көмекке бөлінетін қаржы Қазақстан облыстарының тұрғындарының санына, медициналық көмекке сұранысына қарай бөлінеді.
Мемлекеттік тұрғыда кепілдендірілген тегін медициналық көмек нақтыланады және обьективтік көрсеткіштер негізінде жетілдіріледі. Қаржыландырудың ауқымын кеңейту туралы алғашқы медициналық-әлеуметтік көмекті одан ары кеңейтуге және арнайы медициналық көмектің көлемін сұранысқа сай қалыптастыруға күш салынады. Сонымен қатар, Мемлекеттік тұрғыда кепілдендірілген тегін медициналық көмектің және дәрі-дәрмектердің түрлерін кеңейту жоспарланған.
Медициналық-экономикалық тарифтерді медициналық қондырғылар сатып алуға қажетті қаржыны қосу арқылы жетілдіру әдісі қарастырылуда. Осы өзгерістер медициналық көмекті көрсетуді ашық түрде және қаржы көзін шығындауды тиімді жүзеге асыруға жол ашады.
Мемлекеттік тұрғыда кепілдендірілген тегін медициналық көмектің құрамына кіретін қызметке берілетін заңсыз төлемақылардың көлемін азайту және азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру мақсатында жеке медициналық қызметтер үшін төленетін шығынды бірге көтеру механизмі жасалуда. Сонымен, денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды одан ары жетілдіру мынандай бағыттарда жүзеге асырылады:
Достарыңызбен бөлісу: |