5.4. Медициналық сақтандыру және сақтандыру медицинасы.
Медициналық сақтандыру әлеуметтік сақтандыру жүйесінің ең маңызды бір бөлігі болып табылады. Бұл еңбекшілерді және олардың от басы мүшелерін кәрілікке, ауруға, жұмысқа жарамсыздықтың туындауына байланысты мемлекеттік тұрғыда кепілдендірілген материалдық қамтамасыздандыру жүйесі. Қазіргі кезеңде медициналық сақтандырудың міндетті және ерікті түрлері бар. Олардың арасында маңызды айырмашылықтары анықталған(27 кесте).
Ерікті медициналық сақтандыру қосымша медициналық көмекті төлеуге арналған қаржылық жүйе. Оны коммерциялық іске жатқызуға болады. Ал, міндетті медициналық сақтандыру мақсатты салық салу арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан бұл жұмыс коммерциялық іске жатпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |