5 кесте. Топтастырылған вариациалық қатарларды құрастыру кестесі.
Варианттар саны
|
31-45
|
46-100
|
101-200
|
201-500
|
Топтар саны
|
6-7
|
8-10
|
11-12
|
13-17
|
2. Топтардың ауытқу интервалын, көлемін арнайы формуламен
анықтау (і) і = Vmax-Vmin
n – топтар саны
3. Топтардың ортасы мен шегін анықтау.
4. Зерттелетін жиынтықты топтарға бөлу.
5. Вариациялық қатарды графикалық түрде бейнелеу.
Вариациялық қатарды құрғаннан кейін белгілердің (көріністің) орта деңгейін немесе орта шаманы анықтайды.
Орта шама – статистикалық жиынтықтың ішіндегі белгілердің жалпылама мінездемесі. Жиынтық құрамында ең жиі кездесетін белгінің орта шамасы – Мода (Мо) деп аталады.
Медиана – вариациялық қатардың ортасында орналасқан белгінің шамасы қарапайым арифметикалық орта шама жиынтық құрамындағы варианттары бірдей жиілікте қайталанғанда есептеледі. Салмақты арифметикалық орта шама (М) жиынтықтың құрамындағы варианттар әртүрлі жиілікте қайталанған жағдайда анықталады.
Салмақты арифметикалық орта шаманы анықтау үшін мынандай формуланы қолданады. М=
М – салмақты арифметикалық орта шама;
Σ – сандар жиынтығы;
V – варианттар;
Р – варианттардың қайталану жиілігі;
n – бақылаудың жалпы саны.
Егер варианттар үлкен сандардан құралса және бақылау саны жүздеген немесе мыңдаған ретпен анықталса, онда салмақты арифметикалық орта шама мезеттер әдісімен және арнайы формуланың көмегімен есептеледі.
М=
Мұнда:
А- орта шама деп қабылданған сан, көбінесе орта шама деп (Мо) – мода алынады;
і-интервал (ауытқу);
а- әрбір топтың орта шамадан ауытқуы;
ар – ауытқудың (а) жиілікке көбейтіндісі;
- барлық варианттардың орта шамадан орташа ауытқуы;
Орташа шаманың мынадай қасиеттері бар:
Орталық жағдайда орналасады.
Абстракты мінездемесі бар.
барлық варианттардың жиынтығының орта шамадан ауытқуы нольге тең.
Жай вариациялық қатарды құрастырып, қарапайым арифметикалық орта шаманы анықтау үшін төмендегідей тәртіп орындалады.
Берілген деректердің негізінде жай вариациялық қатар құрастырылады және қарапайым (М) арифметикалық орта шама есептеледі.
Мысалы, 9 адамның тамыр соғысының жиілігін есептегенде мынадай нәтижелер алынды: 64,69,63,74,66,62,65,73,67.
Тапсырманы орындау тәртібі:
Бұл жағдайда зерттеудің бақылау саны (n<30) 30 – дан кем, ал әрбір вариант бір реттен ғана кездесуіне байланысты жай варияциялық қатар жасалады. Варианттарды дәрежесіне (кему немесе ұлғаю санына) қарай орналастырғанда оның құрлымы мынадай болады.
62 63 64
65 66 67
69 73 74
Жалпы варианттардың қосындысы ΣV=62+63+64+65+66+67+69+73+74=603 тең болып шықты
Бұл жағдайда қарапайым арифметикалық орта шаманы мынадай формуламен анықтайды:
М= зерттелген адамдардың қан тамыры орта есеппен минутына 67 рет соғады.
Мұнда:
М – қарапайым арифметикалық орта шама;
V – варианттар;
n – бақылау реті.
Достарыңызбен бөлісу: |