Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Оқытудың инновациялық интербелсенді әдістері: пікірсайыс, тренинг



Pdf көрінісі
бет253/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   303
Оқытудың инновациялық интербелсенді әдістері: пікірсайыс, тренинг, 
диалог, дебат, пікірталас, т.б. Оқыту әдістерін таңдау мәселелері. 
Мұғалімнің оқытудың қозғаушы тетіктерін тиімді басқаруындағы 
әдістемелік және технологиялық құзыреттілігі. 
Оқытудың сапасын арттыру мақсатында оқу-тәрбие процесінде
инновациялық интербелсенді әдістері пайдаланған тиімді: пікірсайыс, тренинг, 
диалог, дебат, пікірталас,
миға шабуыл, іскерлік ойындар, және т.б.
Тренинг әдісі – 
белгілі бір тақырыпқа өткізілетін ойын сабақтарында
қолданылатын әдіс. Тренинг әдісінің ерекшелігі – тренингке қатысып отырған 
оқушылар өз ойларын ашық айтып, белсендік танытуы. 
Тренинг 
әдісі 
оқушылардың 
белсенділіктерін, 
танымдық 
қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамуына өз үлесін қосады. 
Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде оқытудың диалог әдісі 
оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің 
өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. 
Диалог әдісі

оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен интерактивті 
қарым-қатынас жасауына бағытталған әдіс. 
Диалог әдісінің төмендегідей ерекшеліктері бар: 
1) оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруге мүмкіндік 
береді; 
2) оқушыларға басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын 
түсіндіреді; 
3) оқушыларға өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі; 
4) оқушылардың жаңа білімді қай деңгейде меңгергендіктерін көрсетеді; 
5) оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды.
Диалог әдісін қолданғанда оқушылар өзін қызықтыратын, өздерін 
толғандыратын мәселелерді шешкенде белсенділік танытып қана қоймай, ашық 


271 
сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты жұпта – досына, ал топта – барлық
достарына түсінікті тілде түсіндіре алады. 
Диалог әдісін қолданғанда уақытты ұтымды пайдаланған жөн: 
оқушылардың 
ашық 
сұрақтарынан 
кейін 
тізбектелген 
сұрақтардың 
туындайтынан, бір сұрақ тереңірек ашылғанымен екінші сұрақты ашуға уақыт 
жетпей қалуы мүмкін.
Диалог әдісі оқушыларды достарының пікірімен санасуға, ой 
тұжырымдауға, ой қорытуға үйретеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет