Оқулық Техникалық ғылымдар докторы, профессор А. Б. Николаев редакциясымен



Pdf көрінісі
бет215/326
Дата12.01.2022
өлшемі6,12 Mb.
#23977
түріОқулық
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   326
6.3
  ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІНІҢ 
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН 
ДИСПЕТЧЕРЛІК БАСҚАРУ 
ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ 
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ 
Жолаушылар 
көлігін 
автоматтандырылған 
диспетчерлік  басқару  жүйелері  (ЖК-АДБЖ)  ЖҚ  бағыттарда 


198
қауіпсіз және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында 1970 
жылдардың  ортасында  ҚЖК  жалпы  тұтынудың  ұйымдастыру-
басқару құрылымына кеңінен енгізіле бастады. 
Автобустарды  автоматтандырылған  диспетчерлік 
басқару жүйелері (А-АДБЖ) енгізілу тарихын мысалға алсақ, ЖҚ 
ОЖА  және  жылжымалы  бірлік  құрылғысының  (ЖБҚ)  орталық 
диспетчерлік 
станциямен 
(ОДС) 
екіжақты 
байланысын 
қамтамасыз етудің түрлі ережелері қолданылған. 
1976-1979  жылдары    М-6000  есептеу  кешендерін  басқару 
базасында  Омбы  өнеркәсіп  автоматикасы  және  арнайы 
электронды құрылғылар дайындау МКБ А-АДБЖ әзірленді, оның 
құрамында:  ЖБҚ,  бақылау  пунктінің  құрылғысы,  шалғай 
объектілермен  байланыс  құрылғысы  сияқты  функциялық 
элементтердің типтік жинағы болды. 1986 жылы Омбы аймақтық 
есептеуіш  орталығымен  А-АДБЖ  СМ-2М  басқарушы  есептеу 
кешеніне  ауыстырылды  және  1982  жылдан  бастап  1991  жылға 
дейін  Ресей,  Қазақстан,  Украина,  Белоруссияның  18  ірі 
қалаларына енгізілді. 
1996 жыл бойынша А-АДБЖ пайдаланылған барлық ҚЖК 
кешендері  СМ-2М  өз  мерзімдерін  өтеп,  моральді  түрде  ескірді 
және  тозды.  А-АДБЖ  пайдалануды  жалғастыру  қажеттілігі 
ескеріліп,  ОДС  БҚ  жүйесін  заманауи  ЕТ  құралдарына  шалғай 
объектілермен  байланыс  құрылғысы  болып,  бірнеше  жыл 
қамтамасыз ету үшін ауыстыру қажеттігі туды. 
Мұндай  жағдай  ТҚК  дамыту  бойынша  Ресейде  АДБЖ 
пайдаланушылардың көпшілігіне тән.  
А-АДБЖ тезникалық пайдалануға тағы бір мысал – «АСУ-
Рейс», бұл  - Мәскеудегі 2-автобус паркінде 35-тен астам бағытта 
бірнеше  жыл  қатарынан  үлкен  жетісітікпен  қолданылған  басты 
үлгі.  Әр  КБ  басқару  орталығымен  байланыста  болу  үшін 
радиостанциямен,  одометрмен  (жүріп  өткен  жолды  өлшегіш), 
жақын жерді ұстайтын радиоканал қабылдағышымен, КБ толтыру 
датчигімен,  жүргізушінің  табло-тетігімен  және  КБ  орналасқан 
барлық  борт  құрылғылар  жүйесінің  жұмысын  түзетуші 
микропроцессорлық блокпен жабдықталады. 


199
Бағыттағы КБ ОЖА функциясы одометр мен жақын жерді 
ұстайтын  радиоканал  құралының  көмегімен  жүзеге  асады,  оған 
борт 
қабылдағышынан 
басқа 
бағыттарда 
қондырылатын 
радиомаяк  кіреді.  КБ  радиомаяк  әрекеті  аймағынан  өткен  кезде, 
жол  координатасы  радиоканал  арқылы  КБ  аппаратурасына  енеді 
және  маяктан  өткен  ара  қашықтық  деректерінің  бәрін  жинап, 
бағыттағы КБ ағымдық координатасын анықтайды. Жақын жерді 
ұстайтын  радиоканал  820  МГц  жиілікте  жұмыс  жасайды.  КБ 
басқару  орталығымен  байланысы  үшін  300  МГц  жиілік 
диапазонымен  екі  радиоканал  бөлінеді:  біреуі  сөйлесу  үшін, 
екіншісі сандық ақпарат беруге арналған. 
ЖК-АДБЖ 
жетілдірудегі 
жаңа 
мүмкіндіктер 
ақпараттандыру, 
телекоммуникация, 
радионавигация 
және 
байланыстың  заманауи  құралдары  негізінде  жүзеге  асырылуда. 
2000  жылдан  бастап  Ресейдің  көптеген  қалаларында  қала 
көліктерін  автоматтандырылған  радионавигациялық  жүйелерді 
басқару  (АРНЖБ)  құрылды.  Бұл  жүйелердің  сынамалы  үлгілері 
Ресей  Көлік  Министрлігінің  басқаруымен  Брянск,  Краснодар, 
Сои,  Майкоп,  Череповец,  Владимир,  Сургут,  Волгоград,  Волжск, 
Кострома  қалаларында  «Транснавигация»  ҒӨМ  ендірілді.  А-
АДБЖ біріктірілген шешімдеріне қала көліктерінің коммуналдық, 
кезекші-техникалық  және  авариялық-құтқару  сияқты  басқа  да 
түрлерін бірге басқару үрдісі байқалды. 
АРНЖБ негізгі шағын жүйелері: 
 ақпараттық-технологиялық  қамтамасыз  ету  –  бағыттар,
жүргізушілер және  аялдамалар кестесін, сондай-ақ  ЖҚ 
жұмысының графигін жасау және ДБ кіргізу; 
 жолаушылар
көлігін 
диспетчерлік 
басқару 
– 
бағдарланған  қозғалыстарды  бақылау,  ЖҚ  бағытта 
және  саябақта  толық  басқару,  жұмыс  анализі  және 
есептілік; 
 диспетчердің  КБ  жүргізушісімен  сөйлесу  байланысын
қамтамасыз  ету  үшін  радиоканалды  басқару  (жеке 
режім,  топтық  режім,  циркулярлық  режім),  диспетчер 
мен жүргізушінің сөйлесуін ДБ архивіне жазу; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет