Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет299/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   369
14. М ү р ы н б ү л ш ы қ е т і, 
т. nasalis,
нашар дамыған, ішінара жоғарғы 
ерінді көтеретін бұлшықетпен жабылған, мұрынның шеміршекті 
бөлігін қысады. Оның pars alaris-ті мүрын қанатын түсіреді де, ал т .
depressor septi (nasi) мүрын қалқасының қанаттық (танаулық бөлігі) 
шеміршекті бөлігін түсіреді.
Б а с т ы ң ш а н д ы р л а р ы . 
Жоғарыда атап көрсетілгендей бассүйек 
күмбезін 
жабатын 
апоневрозы 
күмбездің 
бүйір 
бөліктерінде 
борпылдақ-талшықты табақша дәрежесіне дейін едәуір жүкарады. 
Оның астында аттас бүлшықетті жабатын және жоғарғы жақта Ііпеа 
temporalis-тен басталатын берік, сіңірлі-жылтыр самай шандыры, fascia 
temporalis жатады. Ол төменгі жағында екі табақшаға бөлініп, бетсүйек 
доғасына бекиді, олардың беткейі доғаның сырткы бетіне, ал терең 
табақшасы ішкі жағына бітісіп-өседі. Екеуінің арасында май тінімен 
толған кеңістік бар. Fascia temporalis бассүйектің самай шүнкырын 
сүйекті-фиброзды самай бүлшықеті жайғасатын орынга айналдыра
283


тұйықтайды. М. masseter-ді fascia masseterica жабады, ол бұлшықетті 
қаусырып, жоғарғы жағынан бетсүйек доғасына, төменнен - төменгі 
жақсүйектің жиегіне, ал артынан және алдынан оның тармағына бекиді. 
Аталған шандыр артынан және өзінің сыртқы беті жағынан шықшыт 
безі шандырымен, fascia parotidea, байланысқан. Бет аймағында шандыр 
болмайды, өйткені мимикалық бұлшықеттер тікелей тері астында 
жатады. Тек жалғыз ғана т . buccinator-дың артқы бөлігін - fascia 
buccopharyngea - жауып жатады, ол алдында борпылдақ бет шел- 
майымен қосылып, ал артында raphe prygomandibularis-пен бітісіп, 
жұтқыншақ бұлшықеттерінің дәнекер тінді жабынына айнала созы- 
лады.
ҚОЛ БҰЛШЫҚЕТТЕРІ
Қол бүлшықеттері еңбек мүшесі ретіндегі қолдың қимыл- 
қозғалысын іске асырады. Қол бұлшықеттері оны тұлға қаңқасына 
бекітіп, сүйектердің бұлшықетті байланысуын түзіп, орталық ретіндегі 
иық белдеуі сүйектеріне әр жақтан - бастан, арқа мен кеудеден - келеді 
және олардың шығу тегі әр түрлі: 1) беку нүктелері, иық белдеуі 
сүйектерінде болатын, тұлғаның вентралды бұлшықеттерінің туын- 
дылары, яғни трункофугалды бұлшықеттер: m. rhomboideus, т . levator 
scapulae, т . serratus anterior, т . subclavius, т . omohyoideus, сондай-ақ 
бастан ығысып ауысқан желбезек доғаларының туындылары - т .
trapezius; 2) трункофеталды бұлшықеттер - m. latissimus dorsi, mm. 
pectorales major et minor.
Аталған бұлшықеттердің орналасуы мен қызметі арқа, кеуде және 
мойын бұлшықеттерін сипаттағанда қарастырылады. Қолдың басқа 
бұлшықеттері миотомдардың вентралды бөлігінен пайда болады. 
Оларды иық белдеуі, иық, білек және қол ұшы бұлшықеттеріне бөлуге 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет