Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет298/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   369
11. И е к б ү л ш ы қ е т і, 
т. mentalis,
төменгі күрек тістер мен ит тістің 
juga alveolaria-сынан басталып, иек терісіне бекиді. Иек терісін жоғары 
көтереді, сол кезде онда кішкентай шүңкырлар түзіледі және төменгі 
ерінді жоғары көтеріп, оны жоғары ерінге жабыстырады.
12. ¥ р т б ү л ш ы қ е т і, 
т. buccinator,
ауыз қуысының бүйірлік 
қабырғасын күрайды. Екінші жоғарғы үлкен азу тістің деңгейінде 
бүлшықет қабаты арқылы шыкшыт безінің түтігі, ductus parotideus
өтеді. М. buccinator-дың сыртқы бетін fascia buccopharyngea жабады, 
оның үстінде үрттың майлы денесі жатады. Оның басталатын жері - 
жоғарғы жақсүйектің үяшықтық өсіндісі, үрт кыры мен төменгі 
жақсүйектің үяшықтық бөлігі, қанат-төменгі жаксүйек жігі. Езу терісі 
мен шырышты қабығына бекіп, сол жерде ауыздың дөңгелек 
бүлшықетіне өтеді. Езулерді жанына қарай тартады, үртты тіске 
жабыстырады, үртты қысады, ауыз қуысының шырышты қабығын ас 
шайнау кезінде тістеп алудан сақтайды.
13. А у ы з д ы ң д ө ң г е л е к б ү л ш ы қ е т і, 
т. orbicularis oris,
ауыз 
саңылауын айнала ерін қабатында орналасады. М. orbicularis oris-тің 
шеткі бөлігі жиырылғанда еріндер алға қарай шыға сүйірленеді; қызыл 
ерін көмкермесі астында жатқан бөлігі жиырылғанда, еріндер 
бір-бірімен тығыз жақындасып, ішке карай бүгіледі, соның әсерінен 
қызыл көмкерме жасырынады. М. orbicularis oris ауызды айнала 
орналасып, қысқыш (сфинктер), яғни ауызды жабатын бүлшықет 
қызметін 
орындайды. 
Бүл 
жағынан 
ол 
ауыздың 
радиарлы 
бүлшықеттеріне, яғни одан радиустар бойымен шығып, ауызды ашатын 
бүлшықеттерге антагонистер болып табылады (mm. levatores labii 
superioris et anguli oris, depressores labii inferioris et anguli oris және т.б).
М ү р ы н а й н а л а с ы н ы ң б ү л ш ы қ е т т е р і


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет