АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ
Ac қорыту жүйесі, systema digestorium,
тағамды механикалык және
химиялық жолмсн өидеп, тамақтың өңделген бөліктерін сіңіріп, калған
бөліктерін сыртка бөліп шығаратын ағзалар кешені болып табылады.
'Гүрлі жануарлар мсн адамнын ас корыту жолының кұрылысы эволюция
барысында ортаның пішінін түзу әсеріне байланысты.
Адамның ас
қорыту жолының үзындығы 8-10 м және ол ауыз куысы, жұтқыншақ,
өңеш, асказан, жіңішке ішек және тоқ ішек деген бөлімдерге бөлінеді.
Тіршілік ету калпы мен қоректену
сипатына карай ас корыту
жолының бүл бөлімдері түрлі сүтқоректілерде түрліше дамыған. Өзінің
химиялық қүрамы жағынан жануар денесінен өзгеше келетін өсімдік
текті азық-түлік көбірек өңдеуді керек ететіндіктен,
өсімдік-қоректі
жануарлардың ішегі үзындау келеді, әсіресе тоқ ішек өте-мөте дамиды,
кейбір жануарларда, мысалы, жылкыларда соқыр өсінділер пайда
болып, оларда өңделмеген тамақ қалдықтарының ашу үрдісі жүреді.
Ксйбір шөпқоректі жануарлардың асқазаны
бірнеше камераға бөлінеді
(мысалы, сиыр асқазаны төрт камерадан түрады). Ал, жыртқыштарда,
керісінше, ішек қысқалау,
тоқ ішек нашар дамыған, асқазан әруақытта
бір камералы. Талғаусыз қоректенетін жануарлардың ас қорыту жолы
аралық орын алады.
Адамда
солардың қатарына жатады.
Эндотермалды (бірінші) бас-
тапқы ішек үш бөлімге бөлінеді:
1) алдыңғы бөлім (алдыңғы
ішек), одан ауыз қуысының
артқы бөлігі, жүтқыншақ, өңеш,
асқазан, он екі елі ішектің
алдыңгы
бөлімі
дамиды,
2)
ортаңғы бөлім (ортаңғы ішек)
жіңішке ішекке айналып дамиды
және 3) артқы бөлім (артқы
ішск),
одан тоқ ішек дамиды
(187-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: