Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған


Жалған құршаяндар отряды - Pseudoscorpiones



бет156/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

Жалған құршаяндар отряды - Pseudoscorpiones


Жалған құршаяндар өзінің үлкен қысқыш тәрізді педипальпалары және 11 сегментті құрсағымен біршама құршаяндарға ұқсас (отрядтың аталуы да осыдан). Құрсағы алдыңғы және артқы бөліктерге бөлінбеген. Педипальпалары үлкен болғандықтан, жалған құршаяндар оларды көтеріп жорғалайды. Жақтардың қызметін хелицералардың және педипальпалардың буындары атқарады және хелицераларында педипальпаларды тазалайтын тарақшалары болады.


Баскеудесіндегі өрмек бездерінің тармақтары хелицералардың жылжымалы қосындыларының ұштарында ашылады. Олардан бөлінген өрмектен ұя жасалады.
Өкпелері жоқ, екі жұп трахеяларымен тыныс алады. Стигмалары (тыныс алу саңылаулары) құрсақтың 2-ші және 3-ші сегменттерінің бүйір жағында орналасқан.
Нерв жүйесі - коннективтермен жалғасқан бас және жұтқыншақ асты ганглиялар. Кейде 1 немесе 2 бүйір көздері болады.
Жалған кұршаяндардың көбеюі және ұрықтың дамуы ерекше. Аналықтың және аталықтың жыныс тесіктері құрсақтың 2-ші және 3-
ші сегменттерінің арасында ашылады. Аталық сперматозоидтары аналық жыныс жолдарына сперматофораның көмегімен өтеді. Аталық пен аналық бір-біріне қарама-қарсы орналасып, аталық денесімен және педипальпаларымен ерекше қимылдар жасайды. Құрсақпен субстратқа жанасып, бір тамшы жабысқақ секрет бөліп шығарады да, оны қататын сабақшаға ұзартып, ұшына сперматозоидтармен толтырылған сперматофор қапшығын жабыстырып қояды. Сонан соң аналығы сперматофораның үстіне қонып оны тұқым қабылдағыш тесігіне кіргізеді. Ұрықтанған жұмыртқалары өте ұсақ және сарыуызы аз. Аналығы оларды құрсақтың үстінде орналасқан, өрмек жіпшелермен оралған ерекше ұрық камерада тасиды. Эмбриондар
камераның қабырғаларына жабысып, аналық безден камераға түсетін сарыуызбен қоректенеді. Соны соруға арналған күшті сорғыш мүшелері дамиды. Ұрық камераларынан шыққан алғашқы личинкалары әрі қарай қоректене береді. Бірінші түлеуден кейін екінші личинкалар түзіледі, олар ересек түрлеріне ұқсас, кейін өз бетінше қоректене бастайды.
Жалған құршаяндардың 1300-ге жуық түрлері белгілі. Олардың мөлшері 1-7 мм. Көпшілік жағдайда олар топырақта, тастардың, түбірлердің астында және тамырлар арасында, ормандағы топырақтың қиқымында, үйлерде, Chelifer cancroides - кітап жалған құршаяны - кітаптарда, коллекцияларда және гербарийлер арасында тіршілік етеді (123-сурет).
Жалған құршаяндар - жыртқыштар. Олар майда насекомдармен және кенелермен қоректеніп пайда келтіреді.



  1. сурет. Өрмекшітәрізділер: А - кітап жалған құршаяны (Chelifer cancroides); Б - қылаяқты (Telyphonus caudatus); В - кәдімгі пішенші (Phalangium opilio)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет