Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған


Түкті бүйі немесе сольпуталар отряды - Solifugae



бет158/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

Түкті бүйі немесе сольпуталар отряды - Solifugae


Тропикалық және субтропикалық далалар мен шөлдерде кездесетін өрмекшітәрізділердің ең ірілері - сольпугалар. Ұзындығы 1-7 см-ге дейін. Оларды улылардың қатарына жатқызады, бірақ та сольпугаларда улы бездері болмайды. Күшті дамыған хелицераларымен адамды шаққанда денені өте терең жарақаттайды. Хелицераларының арасында қалған улы токсиндер (өлік бұзылғанда пайда болатын у) жарақат арқылы қанға өтіп денені қабындырады.


Сольпугалардың баскеуде бөлімі пропельтидий деп аталатын (хелицераларды, педипальпаларды және екі жұп жүру аяқтарды таситын тұтас бір сегмент) және екі сегментгі "кеуде" деп аталатын бөлімдерден тұрады. Құрсағы 10 сегментті. Денесін және аяқтарын ұзынша келген түктер қаптаған. Хелицералары қысқыш түрінде, жүру аяқтарына ұқсас, педипальпалары ұсақ жемтіктерін ұстап алу, жүру және сондай-ақ сезу қызметін атқаратын колба тәрізді кілегейлі қосындыларымен аяқталады. Тыныс алу қызметін бұтақталған түтікшелер мен трахеялар атқарады. Бұлардың басты түтігі сыртқа үш жұп тесіктері арқылы ашылады.
Сольпугалардың 800-ге жуық түрі бар. Олар жылы, құрғақ аймақтарда, түнде тіршілік ететін жыртқыштар, буынаяқтылармен қоректенеді. Қазіргі ТМД-ның аймағында сольпугалардың 70 түрі бар. Қазақстанда және Орталық Азияда сольпугалардың Galeodes және Rhagodes туыстастары кездеседі. Денесінің ұзындығы 1-7 см, кейде 10 см-ге жетеді. Қырымда және Кавказда кездесетін Galeodes araneoides-тың ұзындығы 5 см (124-сурет).



  1. сурет. Өрмекшітәрізділер: A - түкті бүйі - Galeodes araneoides; I - хелицера, 2 - педипальпа, 3 - жүру аяқтары, 4 - артқы кеуде сегменттері, 5 - құрсақ сегменттері, 6 - баскеуде, 7 - көзі; Б - кресті өрмекші Araneus diadematus; I - баскеуде, 2 - хелицера, 3 - педипальпа, 4 - жүру аяқтары, 5 - құрсағы; В - өрмекші кене - Tetranychus urtica; Г - ұн кенесі-Acarus siro



Өрмекшілер отряды - Агапеі


Өрмекшілер аса көп тараған, 27000-ға жуық түрі бар, жыртқыш жануарлар. Үйлерде, далаларда, тоғайларда, су жағасында да кездесетін


түрлері бар. Ұзындығы 0,7-П см. Денесі баскеуде және сегменттелмеген құрсақ бөлімінен тұрады (124-сурет). Осы екі бөлімі сабақшамен байланысқан (баскеуденің 7-ші сегменті). Хелицераларының ұшы қозғалмалы тырнақ төрізді буынмен аяқталады. Оның түбінде улы бездерінің тесігі орналасқан, сол бездердің шығаратын сөлімен (секретімен) қорегін өлтіреді. Педипальпалары қармалауыш тәрізді, аталықтарыңда олар шағылыс мүшесінің қызметін атқарады.
Бір немесе екі жұп өкпелері бар, ал көпшілігінде сонымен қатар қосарланған трахея түйіндері болады. Құрсақтың соңғы сегментінің аяқтары 2-4 жұп өрмек сүйелдеріне айналған. Эволюция барысында өрмекшілердің елеулі жетістігі - оларда өрмек бездерінің дамуы, осыдан өрмек сұйықтығы бөлініп шығады. Өрмек бездері құрсақтың қуысында, оның вентральды жағында орналасқан. Олардың тармақтары өрмек сүйелдерінде немесе кейбір өрмекшілерде сүйелдердің алдында жататын тақтада ашылады.
Өрмек бездері ауада қататын кілегейлі, созылатын затты (өрмекті) бөліп шығарады. Бөлінетін жүздеген жұқа өрмек жіптерінің жиынтығы бірігіп жібектей өрмек жіпшелеріне желімденеді. Өрмек жіпшелерінің көптеген түрлері болады: құрғақ, ылғалды, кілегейлі, гофрирленген және т. б. Олар ау торларын, жұмыртқа пілләсін жасауға арналған.
Ау торы өрмекшінің індерінің жанында төселінеді, немесе өсімдіктерде бұтақтар арасында созылады. Торға түскен насекомдарды өрмекші өрмегімен шырмап тастайды, сосын ұстаған жемтігін хелицерасымен жаралап, кейін ішіндегісін сорады. Үй өрмекшінің (Tegenaria domestica) өрмек торы (тұзақ) өзінің ұясымен тікелей жалғасып жатады.
Індерді жасайтын өрмекшілер індерінің қабырғаларын өрмекпен астарлап, өрмектің көмегімен қайырмалы қақпақшаны жасайды. Соңғысы інге кіретін тесікті жабады. Кейбір ағаш өрмекшілері өрмектен тұрғын түтіктер мен ұялар тоқиды, ал кейде ұяның қабырғаларын құрайтын оралған жапырақтарды өрмекпен бекітеді.
Су өрмекшісі - Argyroneta aquatica - су астында өрмектен қоңырау тәрізді ұя жасап, оны су асты заттарға немесе өсімдіктерге жабыстырып, ауамен толтырады. Ол ауаны өрмекші су бетіне көтеріліп құрсағындағы түтіктері арқылы әкеледі және сол түтіктері арасында тыныс алатын, ауа қорын ұстап сақтайды. Ауа көпіршіктерінің әсерінен су өрмекшінің қоңырқай түсі сынап тамшылары тәрізді күмісше жылтырайды, сондықтан оларды күміс өрмекші деп те атайды.
Ақырында, өрмек жібі өрмекшілерге жоғарыдан төмен қарай түсуге де, жоғары қарай шығуға да және ауада ұшу үшін де керек. Жұмыртқадан шыққан жас өрмекшілер бұтақтың ұшына шығып, жібек жібін бөледі. Ол белгілі бір ұзындығына жеткенде (өрмекшінің салмағын көтеру үшін), өрмекші өз аяғын жинап, субстраттан ажырап өрмектің арқасында ауа ағысымен әкетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет