Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған



бет159/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

Дара жыныстылар. Жыныс диморфизмі бар. Аталықтары аналықтарынан кіші және педипальпаларының соңғы буыны - күрделі құрылысты, шағылысу мүшесінің қызметін атқаратын қосындысымен
ерекшеленеді. Шағылысу алдында аталық өрмекші өрмек жіпшелерінен тамақты тоқып соған тұқымның тамшысын жібереді. Тұқым сұйықтығы тамақтың төменгі бетіне өткен кезде, дәл осы уақытта ағатын тамшының астына педипальпалардың ұшын орналастырады да, тұқым сұйықтығын жинап алады, содан кейін сперматозоидтарын аналықтың тұқым қабылдағышына жеткізеді. Шағылысып болғаннан кейін, аталығын, егер қашып үлгермесе, аналығы жеп қоятындығы байқалады. Pisaura туыстас өрмекшілерде аталықтары шағылысу алдында аналықтарына өзінің ұстап алған жемтіктерін жинап береді де өздері қашып үлгереді.
Жұмыртқаларын аналық өрмекші өрмектен тоқылған қапшық тәрізді торына салып, екінші өрмек тоқып піллеге айналдырады. Піллесін көбіне құрсағына жабыстырып, жұмыртқадан шыққан өрмекшілерін біраз уақыт арқалап жүріп өсіреді.
Өрмекшілер зиянды насекомдармен қоректеніп, оларды едәуір мөлшерде жояады. Өрмекшілер арасында зиян келтіретін түрлері де бар. Солардың қатарына Орта Азия мен Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтарында кездесетін қарақүрт (Latrodectus tredecimguttatus) және бүйі (Lycosa singoriensis - тарантул) жатады. Қарақұрт - ауылшаруашылық малдарға және адамға ерекше қауіпті улы өрмекші. Аналығының ұзындығы 10-20 мм, аталығы 4-7 мм (125-сурет). Түсі қара, құрсағының үстіңгі жағында қызыл түсті 13 дақтары болады. Аталықтардың қызыл дақтары ақ шеңбермен жиектелген және құрсағы жіңішке болады. Қарақұрт тың жерлерде, бос алаңқайларда, арық жағалауында мекендейді, ұясын жер бетіне, шөп арасына, шұңқыршаларға жасайды. Қорегін аулайтын торды құрып, насекомдармен, өрмекшітәрізділермен қоректенеді және ұясындағы торға пілләсін жабыстырып оларды қорғап тұрады. Улы бездерінің ұшы хелицераларының түбінде ашылады. Уы улы жыланның уынан 15 есе күшті. Қарақұрттың уынан жылқы, сиыр, түйе өліп кетуі мүмкін. Адамға да қарақұрттың уы өте қауіпті. Қарақұрт шаққан жерде кішкене қызыл дақ пайда болады да, тез жойылып кетеді. 10-15 минуттан соң сол жер қатты ауырып, оған қоса іш, бел, көкірек ауырады, аяқ ұйып, бас айналып, лоқсу, дірілдеу белгілері пайда болады. Науқас 3-5 күндей ауыр халде болады. Дәрігерлік жәрдем көрсетілмесе адам өліп кетуі де мүмкін. Қарақұрттың уы тек қой мен ешкіге әсер етпейді, олар тіпті қарақұртты шөппен бірге жейді.
Бүйі - улы өрмекшінің бірі, бірақ олардың шаққаны ара шаққандай әсер етеді және қарақұрттың уынан күшті емес. Ұзындығы 25-30 см, реңі құбылмалы - қоңыр, қара, қызыл-сары, кейде қошқыл түсті. Ылғалды топырақта тік етіп, тереңдігі 50-70 см-ге дейін ін қазады. Күңдіз інде жасырынып, түңде насекомдарды аулауға шығады. Қысқа қарай, бұрынғы інін тереңдетіп, сол інде қыстап шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет