Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған



бет130/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

Жыныс жүйесі. Шаянтәрізділер дара жыныстылар, тек паразиттік өкілдерінде және тіркеліп тіршілік ететіндерде гермафродитизм кездеседі. Жыныс диморфизмі айқын. Аталықтарының антеннулалары, не антенналары аналығын ұстайтын мүшелерге айналған. Құрсақ бөліміндегі аяқтары шағылыс мүшесіне айналып, түтік тәрізді (өзен шаянының 1 және 2 жұбы осындай) болады. Төменгі сатыдағы шаянтәрізділердің аталығы аналығынан едәуір кіші, тіпті ергежейлі аталықтары да кездеседі (Cirripedia отрядында).
Аталық пен аналық жыныс жүйесінің құрылысы ұқсас: жүп жыныс бездеріне жыныс өзектері (түк.ым шығаратын жолдары) жалғасады да, олар жыныс тесігімен аяқталады.
Көп түрлерінде жыныс бездері толық не жартылай бірігіп, тақ болып келеді, бірақ жыныс өзектері әрқашанда жұп (105-сурет).



  1. сурет. Шаянтәрізділердің көру мүшелері: А - желбезекаяқтылардың күрделі көзінің құрылысы; 1 - көз бұршақ конустары, 2 - ретинальды және пигментті клеткалар қабаты, 3 - нерв талшықтары, 4 - бұлшықет, 5 - нерв клеткаларының түйінді шоғыры; Б - күрделі көздің кесіндісі; 1 - хитинді мөлдір кутикула, 2 - көз бұршақ конусы, 3 - ретинальды клеткалардың дистальды бөлігі, 4 - ретинальды клеткалар, 5 - базальды жарғақ, 6 - нерв талшықтары, 7 - омматидилердің арасындағы пигмент жолақтары

Аналықтарының тұқым шығаратын өзектері қысқа, түтік тәрізді, ішкі жағынан жұмыртқа қабықшасын түзейтін безді клеткаларымен астарланған. Кейбір түрлерінде тұқым қабылдағыштары болады. Олар жыныс тесігінің жанында орналасып, қабылдаған сперматозоидтарды жұмыртқаларының шығуына дейін сақтайды, содан кейін оларды ұрықтандырады.


Аталықтарының жыныс өзектері ұзын, иретілген, ұшы кеңейген, олардың да қабырғалары безді. Солардан бөлінетін қою, жабысқақ, тез қатайып қалатын секреттерінен сперматозоидтарды жинайтын сперматофора
қапшықтары түзіледі. Сперматофораларды аталықтары аналықтардың жыныс тесігінің жанына немесе құрсақ аяқтарының арасына жабыстырып қояды. Жұмыртқалардың ұрықтануы сырттай өтеді. Жұмыртқа салар алдында аналығы жыныс тесігінен немесе құрсақ аяқтарының түбінен ерекше секрет шығарады, ол сперматофораларды ерітіп, босап шыққан сперматозоидтар жұмыртқаларды ұрықтандырады.



  1. сурет. Шаянтәрізділердің жыныс жүйесі және личинкалары: I - жыныс жүйесінің құрылысы, А - аталығының; 1 - тұқым безі, 2 - тұқым шығарғыш жолы, 3 - жыныс тесігі; Б

- аналығының; 1 - аналық без, 2 - жұмыртқа жолы, 3 - жыныс тесігі; II - личинкалары, А - науплиус; 1 - антенна, 2 - мандибула, 3 - антеннула, 4 - науплиус көзі, 5 - антеннальды без, 6 - ішек; Б - Зоеа; 1 - күрделі көзі, 2 - антеннула, 3 - антенна, 4,5 - жақаяқтары, 6 - кеуде аяқтарының бастамалары, 7 - құрсақ сегменттері, 8 - құрсақ аяғы

Жыныс тесіктерінің орналасуы шаянтәрізділерде өзгермелі, мысалы, өзен шаяндарының аналығында ол баскеуде бөліміндегі жүру аяқтарының үшінші, ал аталығында соңғы жұбының түбінен сыртқа ашылады.


Шаянтәрізділерде ұрпағына қамқорлық жасау байқалады. Мысалы, ескекаяқтылар (Copepoda) отрядының аналықтары жұмыртқаларын жұмыртқа қапшықтарына салып, оларды жыныс тесігінің жанына, ал онаяқтылар (Decapoda) - құрсақ аяқтарына жабыстырып жүреді.
Шаяндардың ұрпақтану қабілеттілігі әр түрлі. Өзен шаяны 600-ге жуық жұмыртқа салады, омардың (Homarus) аналығы кұрсақ аяқтарында 90000-ға дейін жұмыртқаларды алып жүреді.
Дамуы. Шаянтәрізділердің басым көпшілігінің жұмыртқасы сарыуызға бай болғандықтан, жұмыртқа жарым-жарты және беткейлік түрде бөлшектенеді. Бұларда жұмыртқа клеткасы бөлінбей, тек сарыуыздың ортасында орналасқан ядросы бірнеше рет бөлінеді. Пайда болған ядролар жұмыртқаның шетіне ығысып, сол жерде цитоплазмамен қапталады да, тұтас клеткалық қабатын, яғни бластодерма қабатын түзеді. Бластодерма сарыуызды қоршайды. Бұдан кейінгі даму жұмыртқаның сыртқы бетіндегі құрсақ бөлігінде клеткалардан құралған ұрық алқабында (жолағында) өтеді. Ұрық алқабы ұш ұрық жапырақшаларын түзейді: сыртқы - эктодерма, одан кейінгі - мезодерма және сарыуызға жанасқан қабаты - энтодерма. Ұрық жапырақшаларынан мүшелер қалыптасып, ұрықтың денесі сегменттеле бастайды. Ең алдыңғы бөлімінен болашақта күрделі көздері дамитын бас төбешіктері және бас қалақшасы - акрон мен антеннальды және мандибулярлы сегменттері бөлектенеді.
Одан арғы дамуы - әр түрлі дәрежедегі метаморфоздар, яғни жұмыртқадан кейінгі постэмбриональды даму кезеңі. Шаянтәрізділердің көпшілігінде метаморфоз сатысы планктонды личинка - науплиустен басталады. Көпқылтанды буылтық құрттарға (Polychaeta) қаншалықты трохофора личинкасы тән болса, соншалықты шаянтәрізділерге - науплиус личинкасы тән. Науплиустың денесі жұмыртқа тәрізді, денесінің сегменттері сырттай байқалмайды, бірақ антеннуланың, антенна және мандибуланың болуы денесінің сегментті болуының дәлелі. Науплиустың екі бұтақты
антенналары дененің бауыр жағында, ауыздың бүйірінде орналасып қоректі жинауға қатысады, кейін бұлар дененің алдыңғы жағына ығысып, өзінің атқаратын қызметін де өзгертеді. Мандибулалары жұп бұтақты, антенналарының артында орналасып және солармен жүзеді (105, II, А-сурет). Науплиустың ішегі, аналь тесігі, науплиус көзі, зәр шығару мүшесі (антеннальді безі), миы, екі құрсақ ганглиялары болады. Сонымен, науплиус личинкасының денесі көзі мен антеннуласы бар акроннан және антеннальды, мандибулярлы сегменттерден құралған. Мандибулярлы сегментіне аналь қалақшасы жалғасқан. Екеуінің арасында өсу зонасы бар, оның клеткалары үнемі бөлініп, жетіспейтін дене сегменттерін түзейді.
Науплиус ұзына бойы өседі де, астыңғы жақтарының екі жұбы (максилла І-ІІ) және алдыңғы кеуде сегменттерінің бастамасы айқындалғанда келесі метанауплиус сатысына айналады.
Метанауплиустың антенналары мен мандибулалары денесінің алдыңғы жағына ығысып, өздерінің қызметін де өзгертеді: антенналарымен сезеді, ал мандибулаларымен қоректі уатады.
Максилла І-ІІ-ші және алдыңғы кеуде сегменттері дамып, кейін қалған кеуде және құрсақ сегменттерінің бастамасы айқындалады. Біршама уақыт өткен соң метанауплиус өсуімен қатар, ол түлейді де, бірте-бірте күрделі көздері, аяқтары дамып, сегмент саны толығады да, метаморфоз кезеңі аяқталып, метанауплиус ересек формасына айналады.
Осы даму процесі көбінесе төменгі сатыдағы шаянтәрізділерге тән. Ал, кейбір онаяқты (Decapoda отряды) шаяндардың, мысалы, креветкалардың (Crangon туысы) даму процесі төрт личинкалық сатыдан өтеді: науплиус, метанауплиус, зоеа (zoea), мизидия. Жұмыртқадан науплиус личинкасы шығып, бірте-бірте метанауплиусқа айналады (олардың құрылысы жоғарыда көрсетілген). Зоеа (zoea) деп аталатын келесі личинканың аузы және жақ аяқтары дамыған, құрсағы және фасеттік көздері қалыптаскан, кеуде аяқтарының бастамалары айқындалған (105, II, Б-сурет). Метаморфоздың келесі мизидия сатысыңца екі бұтақты кеуде аяқтары толық дамып, құрсақ аяқтары қалыптасады. Түлеп болғаннан кейін мизидия личинкасы ересек шаянға айналады.
Онаяқты (Decapoda) отряд өкілдерінің басым көпшілігінде метаморфоздың біраз бөлігінің жұмыртқа ішінде өтуіне байланысты дамуы қысқа, мысалы, крабтарда жұмыртқадан бірден зоеа личинкасы шықса, өзен шаяны мен көптеген басқа тұщы су қоймаларында тіршілік ететін шаяндарда личинкалық фазалары толығымен жұмыртқа ішінде өтеді. Сонымен қатар, жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділер арасында тікелей (эпиморфоз) даму процесі көп тараған. Бұларда личинкалық фазалары толығымен жоқ, жұмыртқадан сыртқа ересек түріне өте ұқсас организм шығады да, жетіспеген сегменттер саны түлеу кезінде толығып біртіндеп өсіп ересек формасына айналады.
Барлық буынаяқтыларға тән түлеу процесі шаянтәрізділерде де морфофизиологиялық құбылыстарымен күрделі. Түлеу алдыңда организмде зат алмасу процесі күшейіп, тканьдерінде және гемолимфасында
органикалық (белоктар, липидтер, көмірсулар, витаминдер) және минералды заттар мол жиналады. Мысалы, өзен шаянының гиподерма қабатында гликоген, минералды тұздар, ал қарнындағы кардиальдық бөлімнің бүйір қабырғаларында жұмыр келген, ізбестке бай "диірмен-тас" деп аталатын зат құралады. Бұлар жаңа түзілген жұмсақ хитин жамылғыға сіңіп, оны қатайтады.
Түлеу кезінде гиподерма клеткалары жаңа кутикула заттарын бөліп шығара бастайды. Сол кезде кутикула жабыны жарылып (дененің жоғарғы жағынан), пайда болған тесіктен шаян экзувия деп аталатын құндақты кутикула жабынынан сыртқа шығады да, тез өсе бастайды, жаңа жұмсақ кутикуласы минерал тұздарына байып тез қатаяды. Түлеу процесін бастан аяғына дейін бас бөлімінде орналасқан нейро-секреторлы клеткалары және ішкі секреция безі реттейді. Соңғылары экдизон деп аталатын гормонды шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет