Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған



бет157/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

Қылаяқтылар отряды - Pedipalpi


Қылаяқтылар құршаяндарға (Scorpiones) ұқсас, тек 10 сегментті құрсағы алдыңғы және артқы бөлімдерге бөлінбеген. Педипальпаларының ұшы қоректі ұстау және оны ауызға жеткізу қызметін атқаратын қысқыштар түрінде дамыған.


Алдыңғы жіңішке жұп аяқтары 7-10 буынды, сезу қызметін атқаратын табаншамен аяқталады. Осыған байланысты оларды "қылаяқтылар" деп атайды.
Баскеуде бөлімі ұзын, 7 сегментті, соңғысы құрсақ бөлімін байланыстыратын сабақшаға айналған (сольпугаларға ұқсас).
Құрсақтың соңғы сегментінде аналь тесігі және құмырсқа қышқылы бөлінетін (қорғау қызметі) екі без тесіктері бар, құрсақтың ең соңғы буыны ұзынша келген, сегменттелген жіпшені сүйретіп жүреді (123-сурет).
Тыныс алу жүйесі - екі жұп қапшық тәрізді өкпелер.
Қылаяқтыларда алдыңғы жұп көздерімен қатар бүйірінде үш жұп көзшелері болады. Лира тәрізді сезу мүшелерімен бірге оларда сезу кірпікшелері де болады. Дара жыныстылар.
Қылаяқтылардың 180-ге жуық түрі бар. Көпшілігі тропикалық аймақтарда тіршілік етеді. Ұзындығы 75 мм-ге дейін. Түнгі жыртқыштар, күндіз індеріне тығылады. Аналықтары ұрпағына қамқорлық көрсетеді, жұмыртқаларды қорғайды. Негізгі өкілдері: Telyphonus caudatus - Зонд архипелагында, T.amurensis - теңіз жағалауында, Phrynichus reniformis - Үндістанда, Цейлонда, Шығыс Африкада мекендейді.


Пішеншілер отряды - Opiliones


Өрмекшілерге ұқсас, бірақ олардан жіңішке әрі ұзын (16 см-ге дейін) аяқтарымен ерекше. Аяқтарын ұстағанда соңғылары өте жеңіл үзіліп, біраз уақыттың ішінде дірілдеп созылып қозғалып тұрады (бұл олардың


аутотомия екендігін көрсетеді). Соған байланысты оларды пішеншілер деп атайды. Денесінің ұзындығы 1-22 мм.
Құрсағы 9-10 сегментті, негізгі кең буыны арқылы баскеуде бөлімімен байланысқан.
Хелицералары қысқыш тәрізді. Түтікшелі трахеялары арқылы тыныс алады. Өрмек және улы бездері жоқ.
Пішеншілердің 4000-ға жуық түрлері бар. Көбісі жыртқыштар, өрмекшілермен, көпаяқтылармен, шырышты ұлулармен және насекомдармен қоректенеді. Кәдімгі пішенші Phalangium opilio қашауларда, ағаштарда, үйлердің қабырғаларының бұрыштарында кездеседі (123-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет