Еркін тіршілік ететін түрлеріңце
сезім мүшелері жақсы жетілген.
Эпителиальды сезгіш клеткаларынан басқа, терісінде арнайы иіс және
химиялық әсерді сезу мүшелері бар. Бұл
Қ
ызметті атқаратын простомиумда
орналасқан антенналар, пальпалар, талшықтар, кірпікшелі шұңқырлар және
параподиядағы мұртшалар (цирралар). Тепе-теңдікті
сезетін статоцисталар
өте аз.
Простомиумның арқа жағыңда, миының үстінде көру қызметін
атқаратын 2 немесе 4 көздері бар, олар эпителий клеткаларымен астарланған
көз ұяшығында орналасады. Эпителий қабаты тор қабықтың (сетчатканың)
қызметін атқарады. Ол екі түрлі клеткалардан тұрады. Оның бір түрі жарық
сезу клеткалары немесе ретинальды клеткалар. Олар бір жағынан жарық сезу
таяқшасына айналса, екінші жағынан нерв жүйесімен жалғасады.
Alciopidae тұқымдасының көздері күрделіленіп, тері қабатынан
бөлектеніп, тұйық көз көпіршігіне айналған.
Оның мөлдір қабығы, тор
қабығы, шыны тәрізді дене және көз жанары болады. Төменгі сатыдағы
полихеттердің көздері түбінде көру клеткалары бар пигменттік бокал сияқты
турбелляриялардың көздеріне ұқсас инверттелген.
Достарыңызбен бөлісу: