Нефридиялардан басқа зәр шығару қызметін ірі хлорагогенді клеткалар
атқарады. Олар қан тамырлары мен перитонеальды эпителий қабатында
орналасып, өздерінің бойына зат алмасудың
соңғы қалдықтарын жинап,
целом қуысына өтеді де, нефридия арқылы сыртқа шығарылады.
Полихеттердің басым көпшілігі бүкіл денесімен, кейбір түрлері
параподияларында орналасқан
желбезек арқылы тыныс алады, ал
желбезектері қан тамырларына бай келеді.
Достарыңызбен бөлісу: