Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет161/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

100-сурет. Өзен шаяны (Potamobius astacus): A - аяқтарының құрылысы; 1 - антеннула, 2 - 
антенна, 3 - мандибула, 4 - максилла-І, 5 - максилла-П, 6-8 - жақаяқтары, 9-13 -жүру 
аяқтары (9 - қысқышы), 14-18 - құрсақ аяқтары, 19 - жүзу тақтасы; Б - ішкі құрылысы; 1 - 
күрделі көзі, 2 - қарын, 3 - бауыр, 4 - үстіңгі құрсақ артериясы, 5 - жүрек, 6 - алдыңғы 
артериясы, 7 - желбезек, 8 - аналық без, 9 - құрсақ нерв тізбегі, 10 - құрсақ бүлшықеттері, 
11 - антеннула, 12 - антенна, 13 - артқы ішек
Жабыны. Шаянтәрізділердің бүкіл денесі сыртқы қанқа түзетін 
хитинді кутикуламен қапталған. Кутикуланың астында гиподермальды 
эпителий қабаты және базальды мембрана жатады. Төменгі сатыдағы 
шаянтәрізділерде хитинді кутикуласы жұмсақ әрі мөлдір, ал жоғарғыларында 
құрамында СаСО
3
тұзының көптігінен ол қалың, қатты және мықты. Суда 
тіршілік ететіндіктен шаянтәрізділерде денеде ылғалды сақтап тұратын 
кутикуланың ең сыртқы қабаты - эпикутикуласы дамымаған. Осы ерекшелігі 
құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділерде де сақталған. Сондықтан олар 
ылғалы мол жерлерде ғана тіршілік етеді.
Кутикула қабаты сыртқы қаңқаның қызметін атқарады, жануарды 
сыртқы әсерлерден сақтайды және әр түрлі бұлшықет тіреулерінің негізгі 
нүктелері болып келеді.
Өзен шаянында басының желке және бүйір шеттері бас қалқаны немесе 
карапакс (сагарах) деп аталатын жалпақ өскіндерді береді. Ол дененің бүкіл 
кеуде бөлімін арқа және бүйір жағынан қаптап жатады. Маңдайы өткір әрі 
істік рострумға (rostrum) айналған (101-сурет). Ол мұртшаларды және 
сабақшалы, қозғалғыш күрделі екі көзінің түбін бүркейді. Төменгі сатыдағы 
шаянтәрізділердің карапаксы ұзарыңқы, бүкіл денені сыйғыза алатын 
қосжақтаулы бақалшаққа айналған немесе барлық дене сегменттерімен 
қосылған.
101-сурет. Өзен шаянының карапаксы және жүру аяғының қысқышы: А-жіңішке аяқты 
шаян (Astacus leptodactulus); Б-жалпақ аяқты шаян (Astacus astacus)
Бұлшықеттері басқа буынаяқтылардағыдай көлденең жолақты 
талшықтардан тұрады. Бұлар өзара қаңқаның әр түрлі нүктелерін 
байланыстырады. Олардың бір ұшы дененің бір сегментіне немесе аяқ 
буынына жалғасса, екіншісі - басқа сегменттің қабырғасына бекінеді. 
Қосжақтаулы бақалшағы бар шаяндарда (Ostracoda класс тармағы) бір 
жақтаудан екіншіге көлденеңінен өтетін ерекше тұйықтағыш бұлшықеті 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет