Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет180/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   218
110-суретТеңаяқты шаяндар (Jsopoda): А-жылбысқа (Porcellio); Б-су есекқүрты (Asellus) 
Паразиттерінің ішінде балықтардың уақытша (Aega туысы) және 
тұрақты (Cymothoa, Livoneca туысынан) эктопаразиттері болады. Олар 
балықтардың терісіне, желбезектеріне қадалып тіршілік етеді. Сапсгісероп 
туысының өкілдері шаянтәрізділердің (креветкалардың, крабтардың) 


желбезек қуыстарында мекендейді.
Теңаяқтылардың жұмыртқалары аналығының кеудесіндегі ұрпақтық 
қапшығында "манка" деп аталатын личинкалық сатысына дейін дамиды. 
"Манка" личинкасы ересек түріне ұқсас, тек аяқтары толық жетілмеген. 
Өсімдік пен ұсақ жануарларды қорек етеді.
Амфиподалар немесе бүйірімен жүзуші шаяндар отряды -Amphipoda
4500-ге жуық түрі бар, басым көпшілігі теңіздерде жағалау аймақтарда 
топыраққа көміліп, арнайы қорғаныш түтіктерде және су беттерінде 
(планктонды) еркін жүзіп тіршілік етеді. Біразы тұщы су қоймаларында да 
мекендейді, паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар. Тайыз суларда 
бүйірінен жатып жүзе алады (бүйірімен жүзушілер деген аты да осыдан), ал 
тереңдеу суларда денесінің кеуде және құрсақ бөлімдеріндегі әр түрлі 
құрылысты болып келген аяқтарымен жүзеді (екінші атауы да осыдан). 
Ұзындығы 1-2 см-ден 28 см-ге дейін, денесі екі бүйірінен қысыңқы. 
Теңаяқты шаяндардағыдай бұлардың да бас құрылысы күрделі, оған акрон 
және 4 сегменттен басқа кеуденің 1-2 сегменттері қосылады. Фасетті көздері 
жақсы дамыған, карапаксы жоқ. Кеуде және құрсақ сегменттеріндегі 
аяқтарының құрылысы әр түрлі. Кейбір кеуде аяқтары ұстағыш ілмекпен 
қаруланған және бәрінде түп жағында дерлік жапырақ тәрізді желбезек 
тақталары болады, бұлар бір-бірімен тығыз жанасып бүйір қабырғасын 
құрайды. Бұлар нәзік құрылысты желбезектерді қорғау, судың ағынына 
белгілі бағыт беру және аналықтарында ұрпақ қапшығы ретінде 
жұмыртқаларына қорғаныш жасау үшін керек.
Құрсақ аяқтары жақсы жетілген, алдыңғы 3 жұбы екі бұтақты, жүзгіш 
қылтандарымен қапталған және солармен жүзеді, ал артқы жұптары артына 
қарай бағытталып, тельсонмен бірге секіру үшін қажет.
Аналықтары жұмыртқаларын кеудесіндегі ұрпақ қапшығына салып, 
одан ересек түрлеріне ұқсас жас ұрпақтарын шығарады.
Көпшілігі жыртқыштар, талғаусыз қоректілері де бар (өсімдіктерді де, 
ұсақ жануарларды да, шіріген заттарды да қорек етеді), ал кит биттері 
(Cyamidae түкымдасынан) екі мықты жұп жағымен киттің терісін ойып, 
терең кіріп терісін мүжиді.
Негізгі туыстары: Gammarus, Anisogammarus. Бүлар теңіздердің 
литоральды (латынша - litoralis - жағалау, жақын жиек) аймақтарында кең 
тараған. Мысалы, Чукот теңізінің түбінде 1 м.кв. өлшемінде 40000-ға жуық 
особьтар мекендейді.
Тұщы суда көп тараған бүйірімен жүзуші бүрге (Gammarus pulex), 
көлді бүрге (G.lacustris) және тұнба бүргесі (Carinogammarus roeseli). Бұлар 
өзендердің тайыз жерінде, көлде және тұма суларда тіршілік етеді. Байқал 
көлінде тек оған ғана тән Amphipoda-лардың 300-ден аса түрлері кездеседі.
Бүйірімен жүзушілер балықтардың сүйікті қорегі болғандықтан, кейбір 
түрлері көл мен су қоймаларына ауыстырылып, жерсіндірілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет