Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


Онаяқты шаяндар отряды - Decapoda



Pdf көрінісі
бет181/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

Онаяқты шаяндар отряды - Decapoda
Шаянтәрізділердің ішіндегі жоғары дәрежелі және ең үлкен отряд. 
8500-ден астам түрі бар, ұзындығы бірнеше сантиметрден 80 см-ге дейін 
(Astacoides туысы). Басым көпшілігі теңіз бен мұхиттардың барлық 
тереңдікгерінде, әсіресе, тропикалық теңіздердің литоральды аймақтарында 
кең тараған. Өзен шаяндары (Potamobius), кейбір крабтар (Cancer), 
креветкалар (Crangon, Pandalus) тұщы суларда ал кейбір тақуа шаяндар 
(Coenobita) және қарақшы крабтар (Birgus) құрлықта тіршілік етуге 
бейімделген.
Онаяқтылардың алғашқы басы - протоцефалоны жақсы дамыған, онда 
жұп фасеттік көздері және екі жұп мұртшалары (антеннула және антенна) 
бар. Барлық кеуде сегменттері бастың жақ сегменттерімен бірігіп жақкеуде 
(гнатоторакс) бөлімін түзеп, ортақ карапакспен жабылған. Карапакстың бүйір 
қатпарлары кеуде аяқтарындағы желбезектерді жауып тұрады. Кеуде 
аяқтарының алдыңғы 3 жұбы - жақаяқтары, ал қалған 5 жұбы - жүру аяқтары 
(отрядтың аты да осыдан). Жүру аяқтарының бірінші жұбы қысқышқа 
айналған. Құрсақ бөлімі сыртқы пішіні және құрылысы жағынан алуан түрлі. 
Біреулерінде ол ұзын, аяқтары жүзуге бейімделген (креветкаларда), 
екіншілерінде құрсақ аяқтарының бір бөлігі жойылып, құрсағы жұмсақ және 
ассимметриялы болып келеді (тақуа шаяндарда), енді крабтардың алдына 
қарай иілген құрсағы қысқа, ал аяқтары рудиментарлы.
Аналықтары жұмыртқаларын құрсақ аяқтарына тіркеп, ұрпақтары 
шыққанша өзімен алып жүреді. Дамуы метаморфозбен өтеді. Мысалы, краб 
пен тақуа шаяндардың дамуында зоеа, омарларда мизидия, креветкаларда 
науплиус, метанауплиус, зоеа, мизидия, ал пеней (Penaeus) туысының 
өкілдерінде науплиус, метанауплиус, протозоеа, зоеа және мизидия 
личинкалық кезеңі болады. Тұщы су және теңіздің үлкен терең қабаттарында 
мекендейтін түрлері метаморфозсыз дамиды, яғни жұмыртқадан шыққан 
ұрпақтары ересек түріне ұқсас.
Онаяқтылар отряды қозғалыс әдістеріне қарай екі отряд тармағына 
бөлінеді: жүзушілер - Natanntia және өрмелеушілер - Reptantia.
Жүзушілер отряд тармағы (Natantia) - ең қарапайым құрылысты 
онаяқтылар. Бүлардың денесі екі бүйір жағынан қысыңкы, құрсақ бөлімі 
жақсы жетілген, баскеудесіндегі ұзын аяқтарымен суда еркін жүзіп жүреді. 
Жұмыртқаларын суға салады. Негізгі туыстары: креветкалар - Pandalus, 
Crangon (lll-сурет).
Өрмелеушілер отряд тармағы (Reptantia) өкілдерінің саны және 
құрылысы мен биологиясы бойынша алуан түрлі формаларға біріккен. 
Бұлардың денесі дорзовентральдық бағытта қабысқан, кеуде аяқтары жақсы 
жетіліп өрмелеп жүруіне бейімделген, ал құрсақ аяқтарының саны азайып, 
нашарлау дамып, жүзіп жүруіне жарамай қалған. Құрсақ бөлімінің ұшында 
құйрық қанаты болады, ол аналь сегменті мен құрсақ аяқтарының соңғы 
жұбының бірлесуінен пайда болған.
Құрсақ бөлімінің және құйрық қанаттарының құрылысына қарай 


өрмелеушілер бірнеше топқа бөлінеді: ұзын құйрықты шаяндар - Palinura, 
орташа құйрықты шаяндар - Astacura, жұмсақ құйрықты - Anomura және 
қысқа құйрықты - Brachyura.
Ұзын құйрықтылар - Palinura тобына ірі (60 см-ден аса), теңіздерде 
мекендейтін шаяндар - қысқышсыз шаян немесе лангустар (Palinurus) 
туысының өкілдері жатады. Қысқыштары жоқ, антенналары және денесі 
өткір қылтандармен қаруланған. Құрсағы ұзын. Негізгі өкілі - кәдімгі лангуст 
(Р. elephas).
Astacura тобына омарлар (Homarus) және өзен шаяндары (Potamobius, 
Astacus)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет