Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


Эуфаузиялар отряды - Euphausiacea



Pdf көрінісі
бет179/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

Эуфаузиялар отряды - Euphausiacea
Бұлар теңіздерде, планктон қабатында мекендейтін шаяндар. 
Ұзындығы 7 мм-ден 96 мм-ге дейін. Басы - протоцефалон, бір жұп 
сабақшалы фасеттік көздері және мұртшалары бар. Көздің сабақшасында 
және кеуде мен құрсақ сегменттеріңце 10 жұп жарық шығару (жарқырау) - 
фотофора мүшесі болады. Жақкеуде құрамына барлық кеуде сегменттері 
қосылған, аяқтары жақаяқтарына айналмай, тек жүзуге бейімделген, екі 
бұтақты, олардың түбінде желбезектері орналасқан. Жүзуге құрсақ аяқтары 
да қатысады. Карапаксы жақсы дамыған.
Жұмыртқаларын суға салады немесе құрсақ аяқтарына жабыстырады. 
Дамуы метаморфозбен өтеді, личинкасы - науплиус.
80-нен аса түрі бар. Негізгі өкілдері: Euphausia superba және 
Thysanoesia raschii. Бұлар балықтардың және мұртты киттердің негізгі қорегі. 
Антарктика суларындағы мұртты киттердің көптеп бір аймақта жинақталуы - 
крильдың қарқынды жылдамдықпен дамуына және көптігіне байланысты.
Криль (голландша Кгіеі - ұсақ - түйек, құртақандай) - көптеген ұсақ 
планктонды шаянтәрізділердің кәсіптік аты. Euphausia superba криль 
құрамының негізгі компоненті (бөлігі). Криль ауланып, олардан толып 


жатқан - сыр қоспасы, пасталар, мал шаруашылығының азық қоры, 
витаминдер әзірленеді.
Теңаяқты шаяндар отряды - Isopoda
Бұлар теңіздерде, тұщы суларда, құрлықта мекендейтін және 
паразиттік тіршілік ететін шаянтәрізділер. 4500-ге жуық түрі бар, ұзындығы 1 
мм-ден 5 см-ге дейін, ал теңіздің терең қабаттарында мекендейтін 
Bathynomus giganteus-тың ұзындығы 37 см.
Денелері дорзовентральды бағытта жалпайған. Бас құрылысы күрделі, 
оған акрон және 4 сегменттен басқа кеуденің 1-2 сегменттері қосылады. 
Соңғыларының аяқтары жақаяқтарға айналған. Фасетті көздері жақсы 
дамыған. Карапаксы жоқ, кеуде сегменттерінде бір бұтақты жүру аяқтары 
бар, кейде олардың 1-3-ші алдыңғы жұптары-ұстағыш ілмекпен 
жабдықталған. Құрсағы кеудесінен қысқа, көп жағдайда барлық не біраз 
құрсақ сегменттері жарты шеңбер, не ұшбұрыш тәрізді аналь қалқанымен 
қосылған. Құрсақ аяқтарының алдыңғы 5 жұбымен тыныс алады. Олар қысқа 
буыннан және бір-біріне тығыз жанасқан (кітаптың беттері сияқты) екі кең 
жапырақ тәрізді желбезек бұталарынан тұрады. Бір жұп құрсақ аяғының 
экзоподиті барлық желбезек жапырақшаларын жауып тұратын мықты 
қақпақшаға айналған. Осыған байланысты теңаяқтылардың біразы құрлықта 
тіршілік етуге бейімделген. Мысалы, Oniscus, Porcellio және Hemilepistus 
туыстарының өкілдері. Бұлардың көпшілігі ылғалды жерлерде, шіріген 
жапырақ пен ағаш түбірлерінде мекендейді және желбезектерінің 
сыртындағы ылғалда еріген оттегімен тыныс алады. Кейбір түрлерінде 
желбезектеріне қосымша, алдыңғы құрсақ аяқтарының экзоподиттерінде 
тұйықталған тыныс түтіктері бар терең ойыстары болады, оларды жалған 
трахеялар (псевдотрахеялар) деп атайды. Соның көмегімен атмосфералық 
ауамен тыныс алады.
Негізгі өкілдері, кәдімгі есекқұрт (Oniscus asellus), погребті есекқұрт 
(Porcellio scaber) ылғалды жерлерде тіршілік етеді. Орта Азия мен 
Қазақстанның шөл даласында Hemilepistus туысының өкілдері кездеседі. Н. 
cristatus 1 метрдей терендікке ін қазып, оны арқасындағы қалқанымен жауып 
жатады (бүктеліп жатып). Әрқайсысында 53-ке дейін особьтары болады.
Тұщы суларда тіршілік ететін су есекқұрты (Asellus aquaticus), 
ұзындығы 12-20 мм. Ақпайтын тұщы су және баяу ағатын су қоймалардың 
жағалауларында кең тараған. Детрит және су бетіне түскен шіріген 
жапырақтарды жеп, суқоймаларды тазартады (110-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет