немесе антенналары орналасқан (қос мұртшалылар деп аталуы да осыдан).
Акронға қосылған төрт сегменттерінің бірінші - интеркалярлы
(латынша inter - аралық) немесе ендірме сегменті көп жағдайда редукцияға
ұшырап дамымаған, аяқтары жоқ (шаянтәрізділерде интеркалярлы сегменттің
жұп аяғы мұртшаға немесе антенна II айналған), екінші - мандибулярлы
сегменттің жұп аяқтары
жоғарғы жақ немесе мандибулаға, үшінші
максилярлы сегменттің жұп аяқтары төменгі жақ немесе максилла I, ал
төртінші лабиальды (labelum-ерін) сегменттің жұп аяқтары төменгі ерінге
немесе максилла ІІ-ге айналған. Бас сегментгерінің
бірігіп кетуіне
байланысты жоғарыда көрсетілген жақ тақталары қосылып ауыз аппаратын
құрайды.
Құрлықта тіршілік етуіне байланысты бұлардың сыртқы тері
жамылғысы, яғни хитинді кутикуласы өте жақсы дамыған,
әсіресе іштегі
ылғады сыртқа шығармауға бейімделгені - эпикутикула қабаты. Сондай-ақ,
бұлар тек қана кеңірдек немесе трахея арқылы тыныс алады (класс
тармағының да аты осыдан). Трахеялары эктодермальды. Сыртқы хитинді
кутикула жабыны
ішкі жағына қарай ығысып, тереңдеп трахея жүйесін
құрайды. Трахея жүйесі денесінің екі бүйірінде орналасқан стигмалар деп
аталатын бірнеше трахея тесігінен басталады. Стигмалар 2-3 камера түзеп,
әрі қарай ұзына бойы және көлденең орналасқан трахея түтіктеріне өтеді,
олардан тарамдалып кеткен өте жіңішке трахеолалар әрбір клеткаға жанасып,
оны оттегімен қамтамасыз етеді. Трахея жүйесінің ішкі керегелері спираль
тәрізді оралған, хитинді қабықпен астарланған,
сол себептен бұл
жануарлардың трахеялары ешуақытта қабысып қалмайды және ауа трахея
арқылы еркін өтіп тұрады. Камералардың іші кірпікшелі эпителиальды
клеткаларымен астарланған,
бұл жерде ауа жылынады, шаң-тозаң және
микробтардан тазарады. Трахея тесігін ашып-жауып тұратын бұлшықеттері
болады.
Кеңірдек тыныстылар тек қана жыныстық жолымен дамиды, жыныс
диморфизмі айқын,
ұрықтануы іштей, постэмбриональды дамуы көп
жағдайда метаморфоз (фекше metamorphosis - кенет өзгеруі) жолымен
жүреді, ол әр алуан.
Кеңірдектыныстылар тип тармағы екі класқа бөлінеді: көпаяқтылар -
Myriapoda және насекомдар - Insecta немесе алтыаяқтылар - Hexapoda.
Достарыңызбен бөлісу: