Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет201/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   218
126-сурет. Иксода кенесі-Jxodes persulcatus: A - аталығы және Б - аналығы (арқа 
жағынан); В - аталығы және Г - аналығы (құрсақ жағынан); 1 - тұмсықша немесе 
гнатосома, 2 - дорсальды қалқаны, 3 - стигма, 4 - аналық жыныс тесігі, 5 - аналь тесігі
300-ге жуық, тұқымдастары және 20000-ға жуық түрі бар. Өте кең 
тараған.
Кенелердің арасында құрлықта және суда (мысалы, Hydrachna cruenta), 
еркін өмір сүретін және паразиттік тіршілік ететіндері бар, сондай-ақ 
топырақ арасында, кейбір түрлері ұнда, ірімшік, құрғақ жемістерде 
(Tyroglyphus, Aleurobius) және т. б. жерлерде өмір сүреді.
Ұн кенелері тұқымдасы - Tyroglyphidae, ұзындығы 0,5-1 мм, сопақша, 
жылтыр түсті. Астық, ұн сақталатын қоймаларда жиі кездесіп көп зиян 
келтіреді (қойма кенесі деп те аталады). Астық пен ұнды зақымдағанда 
оларды қоңыр ұнтаққа айналдырып және иісі шіріген заттың иісіндей, 


қышқыл дәмі пайда болады. Күн сайын аналығы 3-4 (кейде 60-қа дейін) 
жұмыртқа салады. Аса қауіпті түрлері: ұн кенесі - Acarus siro (124-сурет), 
ұзынша кене - Tyrophagus putuscentiae. Kүpecy шаралары: астықты немесе 
ұнды салқындатып, ылғалдылығын кемітіп, қоймада ауаның құрғақ болуына 
жағдай жасау қажет.
Ұн кенесі табиғи жағдайда орман төсеніші, құс ұясы, кеміргіштердің 
іні сияқты орындарда мекендейді.
Өрмекші кенелер тұқымдасы - Tetranychidae, ұзындығы 0,3-0,5 мм, 
қоңыр, ашық-қызыл түсті. Өрмек жібін шығарады. Өсімдіктердің жапырағын 
өрмек жібімен шырмап колония құрып тіршілік етеді. Қауіпті зиянкестері: 
кәдімгі өрмекші кене - Tetranychus urtica (124-сурет), жемістің қызыл кенесі - 
Panonychus ulmi, бактың өрмекші кенесі - Schyzotetranychus pruni.
Сауытты кенелер тұқымдасы - Oribatidae, ұзындығы 0,2-1,5 мм, 
топырақта тіршілік ететін кенелер, топырақ түзілу процесінде үлкен роль 
атқарады. Негізгі туыстары - Oribatula, Zygoribatula.
Су кенелері - Hydrachnellidae, ұзындығы 0,3-0,5 мм, денесі дөңгелек, 
ашық түсті. Жыртқыштар, ұсақ су жәндіктерімен қоректенеді. Личинкалары 
судағы насекомдардың паразиттері.
Кенелердің көбісі адамның, жануарлардың және өсімдіктердің 
паразиттері. Ең қауіпті тұқымдастары: Ixodidae, Aigasidae, Larcoptidae, 
Demodicidae, Gamasidae.
Иксодалық кенелер - Ixodidae, ұзындығы 1-10 мм, қанға 
тойғандарының мөлшері 15-20 мм-ге дейін.
Денесі сегментгелмеген. Аналықтарының арқа жағында қысқа, 
аталықтарында ұзын, денесін жауып тұратын қалқаны болады (126-сурет).
Иксодалық кенелер бруцеллез, туляремия, пироплазмоз, қайталама 
сүзек, энцефалит, чума ауруларын таратушылар. Олар аурулардың 
қоздырғыштарын
(спирохеталарды, бактерияларды, вирустарды) 
кемірушілерден, насеком қоректілерден, құстардан, жабайы жануарлардан 
өздеріне жұқтырып алып, бірнеше жыл бойы сақтап, адамды шаққаңда 
адамға жұқтырады. Адам мен малдар көп зиян шегеді.
Иксодалық кенелердің личинкалары ұсақ омыртқалы жануарлардың 
(кесірткелердің, құстардың, сүтқоректілердің) қанын сорады, ал нимфалары 
ірілерге шабуыл жасайды (қояндарға, тиіндерге, борша тышқандарға). Ересек 
түрлері адамның, ірі жануарлардың қанын сорады. Ең қауіпті өкілдері Ixodes 
persulcatus және I.ricinus көктем - жаз кене энцефалит ауруларын 
таратушылар. Табиғатта энцефалит вирусы ала тышқанда, кірпіде, cұp 
тышқанда, көр тышқанда және құстарда кездеседі.
Dermacentor pictus және Hyalomma туысының өкілдері туляремия, 
энцефалит, қырым геморрагиялық ауруларын таратушылары.
Ауру тудыратын бактерияларды, вирустарды бір жануардан екінші 
жануарға таратушылар жұқтырады. Таратушылар қызметін кенелер, масалар, 
битгер, бүргелер, шіркейлер атқарады. Тасымалдаушылар арқылы тарайтын 
ауруларды трансмиссивті аурулар деп атайды. Оны 1936 жылы Е. Н. 
Павловский ашқан. Трансмиссивті аурулар қатарына кене энцефалиті, қырым 


қанды безгегі, бөртпе сүзек т. б. жатады.
Энцефалит, қырым геморрагиялық аурулардың табиғи ошақтары 
Қазақстанда - Алматы, Шығыс-Қазақстандағы орман даласы мен тау 
бөктеріңде кездеседі.
Аргазид кенелері - Aigasidae, ұзындығы 2-13 мм, адамның және 
омыртқалы жануарлардың паразиттері және ауру (спирохетоздарды кене 
қайталама сүзекті) таратушылары. Негізгі өкілдері Ornithodoms papillipes 
адамға, Argas persicus құстарға шабуыл жасайды.
Саркоптид кенелері немесе қышыма қотыр кенелері - Sarcoptidae, 
ұзындығы 0,1 -0,3 мм, адамның және жануарлардың терісінің астында 
тіршілік етіп, қышыма ауруына шалдықтырады. Негізгі өкілі қышыма кенесі 
- Sarcoptes scabiei (127-сурет). Ұрықтанған аналығы адамның тері қабатына 
өтіп, ұзындығы 3 мм-ден 2 см-ге дейін қуыс жол жасап, соған 
жұмыртқаларын салады. Личинкалары нимфаға айналып, теріні тесіп, бетіне 
шығады да, сол жерде қоректеніп, ересек түріне айналады. Ауру адамда 
қышыма пайда болып, денесі бөрітіп, қотыр болып, тері қабынады. Қышыма-
қотыр ауру адамнан сау адамға жұғады.
Демодицид кенелері - Demodicidae, ұзындығы 0,1-0,7 мм, денесі 
ұзарған, адамның май бездерінде, терінің астында паразиттік тіршілік етеді, 
теріні қабындырып, беттің безеулігін қоздырады. Негізгі өкілі - безеу кенесі - 
Demodex folliculorum (127-сурет).
Бұзғынша кенелер - Tetrapodidae, ұзындығы 0,1-0,6 мм, денесі құрт 
тәрізді, қалқаншамен жабылған алдыңғы және ұзарған артқы бөлімнен 
тұрады. 1500-ге жуық түрі бар. Өсімдіктердің шырынымен қоректеніп, 
бұзғыншаның пайда болуына әкеліп соғады (атауы осыдан). Көпшілігі 
ауылшаруашылық өсімдіктерінің зиянкестері, өсімдіктің вирус ауруларының 
қоздырғыштарын тасымалдаушылар - бидай жолақ, мозаикасын, сарымсақ 
мозаикасын.
Гамазид кенелері - Gamosidae, ұзындығы 0,2-2 мм, 4000 түрі бар. Еркін 
тіршілік ететін және паразитті формалары да бар. Топырақта, орман 
төсенішінде тіршілік ететін жыртқыштар, ұсақ омырткасыздармен 
қоректенеді. Көптеген түрлері омыртқалылардың эктопаразиттері, қанмен 
қоректенеді. Мысалы, тышқан кенесі (Allodermanyssus sanguieneus). 
Кейбіреулері инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылар. 
Жыртқыш түрлерін өсімдік қоректі кенелермен күресуде қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет