Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


КӨПАЯҚТЫЛАР КЛАСЫ - MYRIAPODA



Pdf көрінісі
бет203/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

КӨПАЯҚТЫЛАР КЛАСЫ - MYRIAPODA
Көпаяқтылардың 53000-нан астам түрі бар, басым көпшілігі құрлықта 
(ағаштардың, тастардың астында) тіршілік етеді, ұзындығы 1-3 мм-ден 28 см-
ге дейін (тропикалық Graphidostreptus gigas), дене сегменттерінің 
әрқайсысында жұп немесе екі жұп аяқтары орналасқан, олардың саны әр 
алуан, кейде 177 жұпқа дейін (кластың аты да осыдан).
Көпаяқтылар класы төрт класс тармағына бөлінеді: симфилалар - 
Symphyla, пауроподалар - Pauropoda, ерінаяқтылар - Chilopoda, 
қосжұпаяқтылар - Diplopoda.


Құрылысы мен физиологиясы. Көпаяқтылардың құрт тәрізді 
созылған денесі екі бөлімді: бас және тұлға. Бас бөлімі тұлғасынан айқын 
ажыраған, оның құрамында акрон және оған біріккен 4 сегмент 
(симфилаларда - Symphyla, ерінаяқтыларда - Chilopoda) немесе 3 сегменті 
(пауроподалыларда - Pauropoda, қосжұпаяқтыларда - Diplopoda) бар. Кейде 
соңғы сегменті "мойын" сегменті деп аталады. Бас құрылысының бұл 
ерекшелігі көпаяқтылардың белгілі бір қарапайымдылығының көрінісі. 
Акронда бір жұп мұртшалары немесе антенналары және жұп фасеттік көздері 
орналасқан. Мұртшалары кейбір шаянтәрізділердің антеннулаларына сәйкес 
ұзын, көп буынды, бір бұтақты, басым көпшілігінде жіп тәріздес, иіс және 
сипап сезу қызметін атқарады.
Акронға бірігіп қосылған 3 немесе 4 сегменттердің аяқтары, қорегін 
ұстау, ұсақтау, шайнау қызметіне байланысты ауыз-жақ аппаратына 
айналған. Бірінші интеркалярлы (ендірме) деп аталатын сегментінің аяқтары 
жойылған, екінші мандибулярлы сегменттің аяқтары үстіңгі жақ немесе 
мандибула, ішкі жағы тісшеленіп келген, қатты тақта тәрізді үшінші және 
төртінші сегменттерінің аяқтары астыңғы жақ және астыңғы ерін тақталарын 
немесе максилла I, максилла ІІ-ні түзейді (128-сурет). Максиллалар үш 
буынды: негізгі, қалақша бөлігі және буындалған жақ қалақшалары, кейбір 
жағдайда қалақша бөлігі және жақ қалақшалары редукцияға ұшырауы 
мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет