Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет65/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   218
46-сурет. Рифтердің пайда болу схемасы: Рифтер пунктирмен (бір-біріне жақын 
орналасқан нүктелер) белгіленген. Теңіз түбінің біртіндеп төмен түсуінің салдарынан 
жағалық рифтер (А) бірте-бірте барьерлік (Б), одан атоллға (В) айналады (Дарвиннін. 
теориясы бойынша)
Сөйтіп, теңіз түбінің біртіндеп шөгуінің салдарынан жағалық рифтер 
бірте-бірте барьерлік рифтерге, одан ортасы теңіз суына толы айдыны 
(лагуна) бар атоллға айналады. Осы жорамалды Ч. Дарвин 1842 жылы 
шыққан "Коралл рифтерінің құрылысы және таралуы" деген кітабында толық 
жазып көрсетті.
Ал, Агассиц пен оны жақтаушыларының теориясы бойынша барьерлік 


рифтер және атоллдар су астына кеткен таулар мен жартастардың төбесінде 
орналасып дамыған. Бұл теория бойынша таулар мен жартастар бұрын 
мұхиттың ортасынан шығып тұрған, содан кейін не теңіз түбінің төмен шөгу 
салдарынан, не бұзылуы нәтижесінде олар су астына біртіндеп батып кеткен. 
Кейін зерттеушілер атоллдардың бірқатарын өте терең жерден бұрғылап
олардың ірге тасы өлген полиптердің қаңқаларынан тұратындығын анықтап, 
бұл теорияны жоққа шығарды.
1880 жылы Джон Мэррей осы жөнінде өз теориясын ұсынды. Оның 
ойынша, атоллдардың ішкі айдынындағы (лагуна) өзінің тіршілік әрекетінен 
бөлініп шыққан жоғары концентрациялы көмір қышқыл газының еріткіш 
әрекетінің нәтижесінде маржан құрылысының ішкі жағы біртіндеп бұзыла 
береді де, ал бүған керісінше сыртқы қабаты теңіз суында өте көп мөлшерде 
болатын кальций карбонатының есебінен өсіп тұрады. Бірақ теңіз суын 
гидрохимиялық зерттеулердің нәтижесінде жоғары температура жағдайында 
көмір қышқыл газының ізбестерді ерітіп жібере алмайтыны анықталды. 
Сөйтіп бүл теория да рифтердің түзілуіне дәлел бола алмай қалды.
Барлық теориялардың ішінде Ч. Дарвиннің теориясын дұрыс деуге 
болады. Осыған сәйкес ағылшын ғалымы Вильям Рисе төрт атоллдардың 
құрылысын және олардың қалыптасуын зерттеп, 1962 жылы Ч. Дарвиннің 
жорамалдары дәлелденді деп хабарлады.
Коралл рифтерін түзуші полиптердің қалдықтары өте ерте геологиялық 
дәуірлерде табылған. Палеозой эрасында рифтерді қалыптастыруға қатысқан 
өліп кеткен Rugosa және Tabulata класс тармағының өкілдері, ал Мезозой мен 
Кайнозойда казіргі риф түзуші полиптерге ұқсас түрлері қатысқан.
Маржан полиптердін қаңқасы құрылыс, өңдеу материалдары ретінде 
пайдаланылады.
Маржан полиптер класы бес класс тармағына бөлінеді, оның үшеуі 
құрып кеткен, екеуі ғана бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет