Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


СЕГІЗ СӘУЛЕЛІ МАРЖАҢДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - OCTOCORALLIA



Pdf көрінісі
бет66/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

СЕГІЗ СӘУЛЕЛІ МАРЖАҢДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - OCTOCORALLIA
Бұл класс тармағына жататын полиптердің сегіз қармалауышы, сегіз 
септасы, сегіз камерасы болады. Қаңқасы іштей орналасып, мезоглея 
қабатында түзіледі. Негізгі отрядтары: альционария - Аісуопагіа, мүйізді 
маржандар - Gorgonaria, теңіз қауырсыны - Pennatularia.
Альционария немесе жұмсақ маржандар - Alcyonaria отрядына 
қарапайым құрылысты колонияльды полиптер жатады. Қаңқасы әр түрлі 
ізбесті инелерден құралып, бір-бірімен тұтаспай, мезоглея қабатында 
шашыраңқы түрде бос орналасады. Колониялары ағаш тәрізді, жұмсақтау 
болып төселіп жатады, олар - Alcyonium - терілі маржандар және әрбір 
полиптің айналасында қаңқа түтігі құрылып колониялары шомбал пішінді 
болып келетін - Tubipora - мүшелі маржандар. Alcyonium, Tubipora, Nephthia 
туыстастарының өкілдері тропиктік теңіздердің жағалауларында кең тараған.
Колониялары сары, қызыл немесе қоңыр тұсті. Germesia туысының 
өкілдері Ресейдің солтүстігі мен Қиыр Шығысындағы теңіздерінде кездеседі.


Горгонария немесе мүйізді маржандар - Gorgonaria - отрядының ерекшелігі 
-ағааш тәрізді колонияларының осінде спикулалардан басқа жартылай 
ізбестелген мүйізді діңгегі (стержень) болады. Олардың құрамында йодтың, 
мөлшсрі мол болып келеді, сол себептен орта ғасырда горгомариялардың 
қаңқасын үгітіп дәрі-дәрмек ретінде қолданған. Ең маңыздысы қызыл немесе 
асыл маржандар - Corallium rubrum. Ол Жерорта теңізінде және Атлант 
мүхитының Канар аралдарында 50 м тереңдігінде кездеседі. Қаңқасы ізбесті 
спикулалардың бір-бірімсн өзара берік қосылуынан пайда болады. 
Колонияның ішінде цилиндр тәрізді ізбесті діңгек өтеді, ал сырты ценосарк 
деп аталатын жұмсақ қабықпсн қапталынған. Сыртқы қабығы мен ішкі 
қаңқасы қызыл, кейде алқызыл түсті болады, осындай түсті болуы 
спикулаларына темір тұздарының жинақталуына байланысты. Қызыл 
маржандардың кәсіптік маңызы бар, олардан зергерлік бұйымдар жасайды.
Теңіз қауырсыны - Pennatularia - отрядына әсем түсті, тарамдалмаған 
ірі колонияльді полиптер жатады. Колонияның негізгі діңгегі алғашқы 
полиптің ұзарған денесінен құралып, оның жоғарғы жағында екі қатар 
параллель тәртіпте өте нәзік полиптері орналасқан. Колония төменгі сабақ 
жағымен су түбіне батып тұрады, Колонияның ұзындығы 40-60 см, ал 
Umbellula encrinus, Um. magniflora-ның - 200 см. Umbellula туысының 
өкілдері Атлант мүхитының солтүстігінде, терең жерлерде мекен етеді. 
Атлант мүхитында және Жерорта теңізіндс 20-40 м тереңдікте Veretillum 
cynomurium, ал Атлант, Тынық, Үнді мұхиттарында әр түрлі тереңдікге 
Pennatula phosphorea кездеседі. Колониялары қызыл сары түсті. Pennatula, 
Veretillum туыстарының өкілдері өз денесінен жарық шығарады. Жарықты 
шығаратын эктодерма без клеткаларының сілекейлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет