Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


Кубомедузалар отряды - Cubomedusae



Pdf көрінісі
бет61/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

Кубомедузалар отряды - Cubomedusae
Жылы теңіздердің таяз жерлерінде тіршілік ететін медузалар. 
Шатыршасы төрт қырлы, биік, онда төрт ропалия мен төрт қармалауышы 
орналасқан. Австралия, Океания, Индонезия теніз жағалауларында 
Chiropsalmus 
туысының өкілдері кең тараған. Олардың атқыш 
клеткаларының күйдіргіш күші барынша дамыған, улы сұйықтығы адамға да 
күшті әсер етеді.
Короната отряды - Coronata
Теңіздің терең қабаттарыңда мекендейтін медузалар. Шатыры сақина 
тәрізді белдеуленіп, орталық дискі және шеткі тәжге - "коронаға" бөлінеді. 
Қармалауыштары мен ропалиялары қоймалжың келген тұғырда орналасқан.
Негізгі туыстары: Atolla және Poriphylla.
Семаеостомеа отряды - Semaeostomeae
Әлемдік мұхиттың суларыңда кең тараған медузалар. Дене шатыршасы 
жалпайған, диск немесе табақша тәрізді.
Негізгі өкілдері: Aurelia aurita және Солтұстік теңіздерде кездесетін - 


Суапеа capillata. Pelagia туысы өкілдерінің қараңғыда жарық шығаратын 
қабілеті дамыған.
Тамырауыздылар отряды - Rhizostomida
Тропиктік теңіздерде кең тараған ірі медузалар. Қармалауыштары 
жойылған, қорек заттарын қалақша өскінділері арқылы ұстап алады. 
Rhizostoma pulmo Азов пен Қара теңізінде жиі кездеседі (42,1-сурет). 
Жапония мен Қытай елдерінде бұл медузалардың "хрустальды еті" тұздалған 
түрінде тамаққа қолданылады.
Сцифомедузалардың денесі жұмсақ болғандықтан жер қазбаларында 
сақталмаған. Дегенмен олардың таңбалары Юра дәуіріндегі Золенгофен 
сланецтерінен табылған.
МАРЖАН ПОЛИПТЕР КЛАСЫ - ANTHOZOA
Маржан полиптер ішекқуыстылар типінің ең үлкен класы, бұлардың 
6000-дай түрі бар. Тек теңіздерде жеке және колония түрінде бекініп тіршілік 
ететін жануарлар.
Құрылысы мен физиологиясы. Жалпы құрылысы бойынша маржан 
полиптер гидроидты полиптерге ұқсас, бірақ олардың елеулі және күрделі 
өзгерістері байқалады: жіңішке базальды мембрананың орнына қалың 
қабатты мезоглея; эпителиальды ет клеткаларының орнына ұзына бойы және 
көлденеңінен сақиналы бұлшықет клеткалары дамыған. Нерв жүйесі 
күрделіленіп - ауызы және табанша нерв сакинасын түзейді. Жыныс 
клеткалары энтодермадан құралған.
Жеке особьтарының денесі цилиндр тәрізді, жалпақ табанымен 
субстратқа бекініп тұрады. Денесінің жоғарғы бөлігінде, ауыз тесігінің 
төңірегінде, сәулелі симметриялық ретте қармалауыштары орналасқан. 
Олардың саны алтау - алты сәулелілер (Нехасогаіііа) класс тармағының 
өкілдерінде немесе сегіз - сегіз сәулелілерде (Octocorallia).
Сопақша келген ауыз тесігі эктодермальды жұтқыншаққа жалғасады. 
Жүтқыншақ бір бағытта қабысқан, ал қуыстың бір жақ немесе екі жақ 
шетінде сифоноглифа деп аталатын сай (борозда) өтеді.
Сифоноглифаны құрайтын клеткаларының ұзын кірпікшелері болады, 
солардың көмегімен су және қорек заттар гастраль қуысына өтеді де, ал 
қайтадан су және қорытылмаған зат кірпікшелердің кері қарай қозғалуымен 
жұтқыншақ бойынан сыртқа шығарылады.
Жұтқыншақ гастраль қуысымен жалғасқан. Гастраль қуысы энтодерма 
клеткаларымен астарланып, арнайы септа деп аталатын перделері арқылы 
камераларға бөлінеді (44-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет