жұтып алады. Ac қорыту процесі клетка ішілік және қуыс ішілік бойынша
жүреді.
Қаңқасы. Жеке тіршілік ететін
полиптерде қаңқасы болмайды, ал
колониальды формаларында қаңқасы күшті дамып, рифтер мен аралдарды
Kvpan, жер беті бедерін (рельефін) жасауға қатысады.
Сегіз сәулелі (Octocorallia) полиптердің қаңқасы мезоглея қабатындағы
спикула деп аталатын әр түрлі инелерден құралып, іштей орналасады.
Спикулалар мезоглея қабатындағы склеробласт
клеткаларынан дамып,
СаСО
3
(ізбестен) немесе мүйізді органикалық заттардан тұрады. Инелері көп
болған жағдайда олар бір-бірімен қосылып тұтас қаңқаны құрайды.
Алты сәулелілерде (НехасогаШа) ізбесті қаңқасы сырттай орналасып
ерекше түзіледі. Ең алдымен колониядағы жеке полиптің эктодермасынан
сыртқа қарай ізбесті табанша тақтасы бөлініп шығады. Одан денесін сырттай
орап алатын тостағанша қаңқасы немесе текасы дамиды. Текадан ішке қарай,
септаларды бойлай қаңқа перделері - склеросепталар жайылады.
Склеросепталар тек бірінші реттегі жұп септаларда болады.
Колонияның
жеке особьтарының қаңқалары бірігіп мықты, бүкіл колонияға ортақ қаңқаны
құрады. Осыңцай колониялардан пайда болған маржан рифтері мен маржан
аралдары Атлант, Үнді және Тынық мұхиттарыңда өте көп.
Достарыңызбен бөлісу: