қармалауыштары денесінің бүйір жағында
бір-біріне қарама-қарсы
орналасқан. Олар ерекше қармалауыш ойығына жиырыла алады. Қорек затты
ұстауға қармалауыш эпителиясының жабысқақ немесе коллобласт
клеткалары қатысады. Олардың сыртқы беті жарты шар пішінді және
жабысқақ тамшылармен қапталған. Жарты шардың түбінен қармалауыштың
ішіне қарай, спираль
тәрізді оралған жіпше өтеді, ол екінші ұшымен
қармалауыштың ұзына бойы орналасқан бұлшықетіне жабысады (48-сурет).
Ұсталынған ұсақ организмдер клеткаларға жабысады да құтылуға тырысқан
шақта жабысқақ клетканы қармалауыштың жоғарғы жағына тартады, сол
сәтте спираль тәрізді жіпшесі клетканы орнына қайтарады. Ұсталынған
қоректі кең ауызы арқылы жұтады.
48-сурет. Ескектілердің жабысқақ клеткасының (А) және аборальды мүшесінің (Б)
құрылысы: А-1 - жабысқақ бүрлері
бар жарты шар, 2 - спиральды жіпше, 3 -
қармалауыштың бұлшықеті; Б-1 - мөлдір қалпақша, 2 - кірпікше түктер, 3 - статолит, 4 -
кірпікшелі жіпше
Ескектілердің нерв жүйесі жақсы дамыған. Диффузиялық нерв
жүйесімен қатар ескек тақталарының бойында және кірпікшелі жіпшелерінің
астында
нерв клеткалары шоғырланып, тығыз тәждерді, сонымен қатар
ауызының айнала жиегінде нерв сақинасын түзейді. Аборальды полюсінің
ортасында арнаулы тепе-теңдікті сезгіш "аборальді мүшесі" орналасқан.
Оның негізі - статолит, ол бір-бірімен жабысқан фосфор қышқылды кальций
дәндерінен құралған. Статолитті, рецепторлы клеткаларынан таралған, иілген
ұзын төрт кірпікше түктері ұстап тұрады. Олар кірпікшелі жіпшелер арқылы
ескек тақталар қатарымен өзара байланысқан.
Статолит жастықша тәрізді
эктодерма клеткаларынан тұратын қалың жиынтықтың үстінде орналасқан,
оны сыртынан ұзын кірпікше түктерден құрылған түссіз қалпақша жауып
тұрады (48, Б-сурет). Статолитті ұстап тұратын кірпікше түктерінің иіліп
жазылуынан ол үнемі
тербеліс, қозғалыс күйінде болады. Бұл тербелу
кірпікшелі жіпшелер арқылы ескек тақталарына ұласып,
олардың да
қозғалысын реттейді. Аборальды мүшесінен айырылған ескектілердің есу
қызметі де бұзылады. Осыған байланысты тепе-теңдікті сақтау және
жылжуын реттеу жұмысын "аборальды мүше" атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: