қуысында алғашкы мезодерма клеткалар жиынтығының байқалуы, түрі
өзгерген кірпікшелерінің көмегімен қозғалуы. Ескектілердің 90-ға жуық түрі
белгілі. Бұл типке бір ғана класс - ескектілер - Ctenophora жатады.
ЕСКЕКТІЛЕР КЛАСЫ - CTENOPHORA
Құрылысы және физиологиясы. Көпшілігінің денесі сопақша немесе
қап,
алмұрт тәрізді, ал "шолпан белдігі" - Cestus veneris - лента тәрізді.
Денесінің ауызы орналасқан жағын - оральды полюс, оған қарама-қарсысын -
аборальды деп атайды. Осы екі полюстері арқылы өтетін басты осьтен өзара
перпендикулярлы екі симметриялы жазықтық жүргізуге болады, осыған орай
ескектілердің денесі де екі сәулелі симметриялы болып келеді. Сонымен
қатар біраз мүшелері
басты осьтің айналасында, саны сегізге дейін
радиальды бағытта орналасып (ескекті
тақталары, радиальді тұтікшелері,
жыныс бездері), сегіз сәулелі симметрияны құрайды.
Оральды полюсінде орналасқан ауыз тесігі бір бағытта қабыстырылған
эктодермальды жұтқыншаққа, ол жоғары жағында
кеңейіп энтодермальды
қарынға ұласады. Қабыстырылған қарын жұтқыншақтың жазықтығына
перпендикулярлы орналасқан.
Қарыннан гастроваскулярлы жүйесінің бес каналы басталады.
Біреуі
тік төбеге қарай созылып, аборальды
полюстің астында төрт қысқа
түтікшелерге бөлінеді: екеуі тұйық, екеуі жіңішке тесікпен аяқталады. Басқа
екі түтігі жұтқыншақ бойымен оральды полюске қарай созылып
тұйықталады.
Қарынның түбінен дененің басты осіне
перпендикулярлы бағытта екі
бүйірлі түтіктер басталып, олардың әрқайсысы тағы да екі рет дихотомиялы
тарамдалып көлденеңінен орналасқан сегіз түтікті түзейді. Олар тұйық
бітетін дененің аборальды полюсінен оральды полюсіне қарай созылған сегіз
меридиональды түтікшелермен жалғасады (47-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: