Оқулықта ғылым философиясы мен әдіснамасына негізделген педагогиканың философиясы және әдіснамасының іргетасын құраушы қағидалардан тұратын осы арнайы оқу пәнінің мақсаты және құрылымы айқындалады


Философия мен педагогиканың өзара байланысының қүрделілігі



бет15/31
Дата24.10.2022
өлшемі0,54 Mb.
#45187
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31
Байланысты:
Глава 1новый

Философия мен педагогиканың өзара байланысының қүрделілігі. Бұрын да, енді де жалпы философиялық қағидаларды педагогикалық болмысқа «жапсыру», шындығында, педагогика ғылымын айналып өте отырып жасалынды. Мысалы, физиканы оқыту әдістемесі бойынша бір құралдың авторы адамзат танымының жалпы қағидаларын педагогикалық практикадағы оқу жұмысы түрлеріне әкеліп пайдаланған. «Тірі түйсіктен абстрактылы ойлауға және одан практикаға көшу» формуласы алынады. Тірі түйсік деп оқушылардың «тікелей» сабақтарда, оқу-шеберханаларында, оқу-тәжірибиелік үлестерде, кәдуілгі өмірде қабылдағанын айтады. Тұжырымдар мен жалпы қорытулар – бұл абстрактілі ойлауға көшу, ал оқу үдерісіндегі практика деп оқушыларға практикалық әрекетте зерделенген құбылыстар мен заңдардың қолданылуын көрсету деп түсінеді. Негіздеудің бұл тәсілі оқытудың өзі туралы, тіпті қалай оқыту керектігі туралы ешбір білім қоспайды. Сабақты кез келген жерінен бастауға болады: тақтаға жазылған формуладан немесе адами практика туралы әңгімеден. Бұл жағдайда философияны қолдану белгіліден белгісізге өту әдісі бола алмайды.
Егер өткенді негіздеудің бұл тәсілі қайсыбір дәрежеде қажет, сол кездегі ғылым мен педагогикалық практиканың жай-күйіне шартты байланыста болса, қазіргі уақытта педагогика ғылымы тұрғысынан арнайы зерделемейінше, философиялық пайымдауларды педагогикалық жағдаяттарға тура пайдалану әрекеттері туралы айтуға болмайды. Сондықтан, ғылым мен тәжірибе үшін әмбебап мағынадағы жаңалықтарға және «дәстүрлі» педагогиканы жаңа тәсілдермен және тұжырымдамалармен айырбастауға өте сақтықпен қарау керек. Мысалы, қазіргі уақытта салыстырмалы түрде табиғи және әлеуметтік жүйеге синергетикалық тәсілмен қараумен байланысты жаңа философиялық пайымдауларға үлкен үміт артады. Бұлар ол пайымдауларды шын мәнінде қолдануға, ең бастысы нақты педагогикалық міндеттер мен мәселелерді шешуге қажеттігін мұхият талдаған соң педагогикаға пайдалы болып көрінуі мүмкін. Бұл философиялық талдау керексіз дегенді білдірмейді. Қандай жағдайда да ол қажет және оның ерекше пәні қандай екенін нақты анықтап алу қажет. Мұны нақты мысалда жасап көреміз.
Педагогиканың аумағынан тыс «Адамның әлеуметтік қызметтері және білім мазмұны тұжырымдамасы» тақырыбы бойынша, бір жағынан, адамның қоғамдағы орны туралы пайымдаулармен, екіншіден, педагогикалық тұжырымдамаларға берілген анықтамалар арасындағы байланыс зерделенді. Білім мазмұны туралы, біріншіден, ол педагогикалық бейімделген ғылымдар негізі, екіншіден, білімдер, іскерліктер, дағдылар жиынтығы, үшіншіден, педагогикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе болып табылады деген түрлі пайымдауларды салыстыру, қазіргі кезде гуманистік ойлаудың осы күнгі нұсқауларына сәйкесетін ең соңғы анықтама екенін көрсетті. (Қараңыз: Краевский В.В. Содержание образования - бег на месте // Педагогика. 2000. - № 7). Бұл және осы сияқты жағдайларда философиялық талдаудың пәні педагогикалық болмыспен бірге әлеуметтік, қоғам және ондағы адам орны туралы кеңейтілген пайымдаулар мен оның білім беру туралы ғылыми- педагогикадағы көрінісінің арасындағы байланыс болып табылады. Философиялық талдау орындалған соң, ол философиядағы емес, педагогикалық теорияның құрамына және оның бір бөлігіне енеді, педагогикадағы бұдан былайғы теориялық жұмыстың бастапқы бекеті (нүктесі) болып табылады.
Істің басқа жағынан қарасақ, белгілі бір философиялық көзқарассыз педагогиканың қызметі мүмкін болмайды. Педагогиканың философияға теңестірілмеуі және онымен айырбасталмауы керек, педагогика философиясыз жасалынбайды. Педагогиканың философиялық және жалпы теориялық негіздерін мойындамау әрекеті міндетті түрде сәтсіздіктерге әкеледі. Бұндай әрекеттер сапалы немесе сезінбей-ақ өзінің негізінде сциентистік пайымдауларды иемденеді. Сциентизм дүниетанымдық бағдар түрінде адами қоғамның мәдениеті жүйесінде ғылым рөлін басым бағдарлауды бейнелейді. Сциентистік нұсқаулар нақты ғылымдарға сырттай еліктеуді көрсетеді: математикалық рәміздерді шебер пайдалануда; дәл ғылымдарға тән форманың философиялық-дүниетанымдық және әлеуметтік-гуманитарлық пайымдауларға берілуінде.
Педагогикада ғылыми дәлелділік (шынайылық) пен «тұтас» түр беруге келе бермейтін көпқырлы адами қатынастар арасындағы айырмасы нәзік және бір мағыналы емес. Бұл жағдайды елемеу әрекеттері көзбояушылыққа, мазмұнсыз болжамдарға және белгілі тұжырымдарға алып келмек.
Соңғы онжылдықтарда оқыту мен тәрбиелеудің табиғатын қазіргі математикалық құралдар арқылы жазып сипаттау орын алған. Бірақ мұндай құралдар олар қолданылатын объектінің мәні айқын болғанда ғана пайда тигізеді. Бұндай объектілер ерекшілігін ескермей, нақты ғылымдар әдістерін пайдаланудың нәтижесіздігін көптеген ғалымдар атап өтті. Сонымен, бұл екі шеткері бағыттардың ешқайсысы да – бір жағынан, педагогиканы «қолданбалы философиямен» шектесе, ал баска жағынан, педагогиканы философиялық және өзіндік теориялық негіздерден ажырату әрекеттері- ғылымға да көмектеспейді әрі білім беру практикасын жетілдіруге әсер етпейді.
Дегенмен, осы уақытта философиямен байланыс - педагогикалық ойдың дамуының қажетті шарты. Философиялық қағидалар педагогикалық зерттеулерді әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз ететін жалпы бағдарлар болып табылады. Олар педагогикалық теорияларды құрастыру және олардың мәнін ойластыру, сондай-ақ, педагогикалық идеялар мен жазылымдардың қоғамға тигізетін әсерін болжау үшін қажет. Философия мен педагогиканың арақатынасын талдау адами білімнің бұл салаларының күрделі байланыста екенін көрсетеді. Философиялық бағыттар мен мәселелердің білім беру мәселелерімен ара қатынасының табиғатын түсіну қателер мен шектен тыс шешімдерден құтқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет