Оқулықта ғылым философиясы мен әдіснамасына негізделген педагогиканың философиясы және әдіснамасының іргетасын құраушы қағидалардан тұратын осы арнайы оқу пәнінің мақсаты және құрылымы айқындалады


Жаңа марксизм (В.И. Ленин, Н.К. Крупская, А.В.Луначарский, П.П. Блонский, С.Т. Шацкий, А.С. Макаренко)



бет17/31
Дата24.10.2022
өлшемі0,54 Mb.
#45187
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
Байланысты:
Глава 1новый

Жаңа марксизм (В.И. Ленин, Н.К. Крупская, А.В.Луначарский, П.П. Блонский, С.Т. Шацкий, А.С. Макаренко). Философиялық ағым ретінде марксизм, яғни Карл Маркстің ілімі ХХ ғасырдың әлеуметтік және экономикалық ойының тағдырына мәнді әсер етті. Неомарксизм – адам мен қоғамның болмысының заңдылықтарын жете білуге ұмтылған, Маркс ұсынған әлеуметтік және экономикалық құбылыстарды түсіндіру моделіне сүйенген ерекше ілім. Маркс шындық болмысты тек материалистік тұрғыдан қарастырды. Маркстің әлеуметтік-педагогикалық көзқарасында өндіріс күштерінің дамуы өндірістік қатынастардан озып дамиды деген тұжырым жатты. Бұл қайшылықты тек революциялық жолмен шешуге болады деп түсінді. Адамзаттың экономикалық тарихы – өндіріс тәсілінің ауысуы – тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру құралы болды. Адамдар, яғни, әлеуметтік антогонистік қайшылықтарға негізделгенін азиаттық, антиктік, феодалдық, буржуазиялық өндіріс тәсілдерін бастан кешіреді. Буржуазиялық қоғамды пролетариат қозғалысы жояды деген пікірін ұсынды. Таптық жіктеуден арылған коммунистік идеологиясы ретінде мемлекет өмірінің барлық саясатын анықтады. Марксизмді В.И. Ленин дамытып, Совет Одағында марксизм-ленинизм ғылыми-зерттеу ізденістерінің негізіне алынды. Материалистік диалектика, таным теориясы, диалектикалық логика, ғылым әдіснамасы мәселелерін зерттеуде Э.В. Ильенков, М.М. Розенталь, П.В. Копнин және адамтануда – Б.Г.Ананьев, Д.Н.Узнадзе, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурье, С.Л. Рубинштейн және басқалар іргелі және өзіндік нәтижелерге қол жеткізді. Марксизм-ленинизм – жұмысшы таптың дүниеге көзқарасын құрайтын философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастардың ғылыми жүйесі әлемді тану мен революциялық қайта құру қоғамның, табиғаттың және адами ойлаудың, капитализмді құрту мақсатындағы жұмысшы таптың революциялық күресінің, социалистік және коммунистік қоғам құрудағы жасампаз әрекетінің заңдары туралы ғылым болды.
Марксизмнің теориялық көздері: немістік философия, ағылшындық саяси экономия, француздық утопиялық социализм еді. Марксизм өзара байланысты үш құрамдас бөліктен тұрады: диалектикалық және тарихи материализм, саяси экономия және ғылыми коммунизм.
ХХ ғасырда жаңа марксистік көзқарастар педагогика ғылымының ізденістеріне өзінің дүниетанымдық және әдіснамалық бірегейлігімен әсер етті. Батыста сыни педагогиканы дамытты. Кеңес одағында педагогика ХХ ғасырдың 80-жылдары марксистік ілімге құрылды, коммунистік тәрбиені негіздеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет