Оқулықта ғылым философиясы мен әдіснамасына негізделген педагогиканың философиясы және әдіснамасының іргетасын құраушы қағидалардан тұратын осы арнайы оқу пәнінің мақсаты және құрылымы айқындалады



бет4/31
Дата24.10.2022
өлшемі0,54 Mb.
#45187
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Жалпы ғылымилық ұғымдар. Ғылымның дамуы ғылыми білімнің саралануы мен кірігуінің өзара байланысты үрдісімен сипатталатыны бәрімізге мәлім. Ғылымдардың жақындасу үдерісі, кешенді тәсілді қолдану көптеген жеке ғалымдарға тән, бірақ философиялық ұғымдардан ажыратылатын түсініктердің пайда болуына ықпал етті. Бұндай интегративті сипаттағы ғылыми негіздеме бірнеше пәндердің әлеуетін біріктіретін түсініктер педагогикада да кеңінен қолданылуда. Осы уақытта іргелі зерттеу жүргізу мұндай жалпы ғылымилық «жүйе», «құрылым», «әрекет», «әлеуметтік», «оңтайлылық», «жағдай», «ұйымдастыру», «болжам», «деңгей» және басқа да түсініктерсіз мүмкін емес.
Терминологиядағы жалпы мен ерекшенің бірлігі. Жалпы ғылыми түсініктерді педагогиканың пәніне қатысты ойластырғанда, педагогиканың терминологиясы «педагогикалық болмыс», «педагогикалық жүйе», «білімдік үдеріс», «педагогикалық өзара әрекеттестік», сияқты сөз тіркестерімен байиды. Олардың қысқаша сипаттамасы төмендегідей.
Бұл жалпы ғылымилық ұғымдар аясында жоғарыда көрсетілген үш түсінікті қарастырамыз.
Жүйе дегеніміз - бір өзгеріске ұшыраса, басқалары да өзгеретін өзара байланысты элементтердің тұтас кешені.
Зерделенетін объектіге жүйелі тәсілді қолдануды анықтау есепке алынатын жүйенің ең қажетті сипаттамасы: құрамы (оған енетін элементтер жиынтығы), құрылымы (олардың арасындағы байланыс) және әрбір элементтердің қызметі, оның жүйедегі рөлі мен маңызы. Өз кезегінде жүйенің элементі басқа бір кең жүйеге оның бөлігі ретінде енуі мүмкін.
Философиялық тұрғыдан әрекет мазмұны әлемді өзгерту мен қайта құру болып табылатын адамның өзін қоршаған әлемге белсінді қарым-қатынасы. Адам әрекетінің жеке түрлері - өндірістік, экономикалық, ғылыми-этикалық, педагогикалық әрекеттер кеңірек жүйенің, мысалы, қоғамды тұтас алсақ, соның бір кіші жүйесі болып табылады. Сонымен, жүйелілік және әрекеттік тәсілдер бірігеді де, қоғамдық әрекетке, жеке алғанда ғылыми және педагогикалық әрекетке жүйелілік-әрекеттік тәсіл қолданылады.
Енді тек мұғалім жұмысымен шектелмейтін «педагогикалық әрекет» ұғымы мазмұнын нақты анықтауға болады. Жалпы әлеуметтік мағынада, өндірістік, саяси, эканомикалық және т.б. әрекеттерімен қатар әрекеттің бұл кіші жүйесінен құралатын осындай әрекет адамдарды қоғам өміріне қатысуға үйрету қызметін атқарады. Тұтас педагогикалық әрекет жүйесін құрайтын әрекеттің келесі түрлері былайша ажыратылады: практик-педагогтардың жұмысы; әкімшілік әрекет; білімдік үдерісті ұйымдастырушы; ғылыми-зерттеу әрекеті; педагогика ғылымы нәтижелерін практикаға жеткізу. Жүйе және әрекет туралы айтылғандардың барін есепке алсақ, педагогикалық әдебиеттерде жиі қолданылатын «педагогикалық жүйе» терминін түсінуге мүмкіндік туады. Бұндай жүйе өзінің құрамына, яғни оның элементтерінің мазмұнына байланысты нақты толықтырылады: оқытудың ұйымдастыру формалары немесе әдістері, білім мазмұнының элеметтері жүйесі, әдістемелік жүйе, тәрбие жүйесі және т.б. Бұл жүйені жасаушыға немесе оның зерттеушісіне қойылатын басты талап - оны жүйелілік тәсіл тұрғысынан сипаттай білу, құрамын, құрылымын және қызметтерін нақты белгілеу.
Педагогика кез келген ғылым сияқты объективті болмысты бейнелейді. Сондықтан, педагогикалық болмысты педагогиканың әрекет аспектісінде ғылыми қарастыруға алынған болмыс деп анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет