Оқулықта ғылым философиясы мен әдіснамасына негізделген педагогиканың философиясы және әдіснамасының іргетасын құраушы қағидалардан тұратын осы арнайы оқу пәнінің мақсаты және құрылымы айқындалады


Педагогика ғылымының ерекшеліктері



бет3/31
Дата24.10.2022
өлшемі0,54 Mb.
#45187
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Педагогика ғылымының ерекшеліктері. Педагогика ғылымы да кез келген басқа ғылыми пән сияқты қызметтер атқарады: сипаттау, түсіндіру және өзі зерделейтін шындық болмыстың бөлігіндегі құбылыстарды алдын ала болжай білу. Бұл қызметтер өзара байланысты. Педагогика басқа ғылымдарда түрлі пәндер арасында бөлінген екі қызметті атқарады: ғылыми-теориялық және құрастырушылық-техникалық (нормативтік, реттеушілік).
Педагогиканың ұғымдық аппараты. Әрбір ғылымның пайдаланатын ұғымдары мен түсініктерінде жинақталған білім көрініс табады. Барлық ғылыми ұғымдар негізінен екі топқа бөлінеді: философиялық және жеке ғылымилық, яғни ерекеше сол ғылымға ғана тән. Одан басқа да ұғымдардың ерекше тобы - жалпы ғылымилық ұғымдарды бөліп қарастырылады. Педагогика барлық осы топтарға жататын ұғымдарды қолданады.
Педагогикадағы философиялық ұғымдар. Философиялық ұғымдар болмыстың ең жалпы белгілері мен байланыстарын, жақтары мен қасиеттерін көрсетеді, педагогика мен оның зерделейтін болмыс бөлігінің даму заңдылықтары мен үдерістерін түсінуге көмектеседі. Педагогиканың объектісі туралы «әлеуметтену» сөзін және теория туралы немесе «мән» және «құбылыс», «жалпылық» және «бірлік» сияқты ұғымдарды қолданбай педагогиканың объектісі туралы айтуға болмайды. Мұндай ұғымдар қатарына «қарама-қайшылық», «себеп және салдар», «болмыс», «сана», «практика» сияқты ұғымдар жатады.
Педагогиканың өз ұғымдары. Оларға жататындар: «педагогика», «тәрбие», «педагогикалық әрекет», «педагогикалық болмыс», «педагогикалық өзара әрекеттестік», «педагогикалық жүйе», «білімдік үдеріс» , «оқыту мен білім алу», «оқу пәні», «оқу материалы», «оқу жағдаяты», «оқыту әдісі», «оқыту тәсілі», «мұғалім», «оқушы», «сабақ» және басқалар. Бұл барлық ұғымдар өзара байланысты, өздері көрініс табатын болмыстың құбылыстары сияқты олар жылжымалы және икемді. Ғылыми және практикалық жұмыс барысында олардың мазмұны қайта ойластырылады, байиды. Білім берудің анықтамасын басшылыққа ала отырып, білім үдерісін құрайтын екі негізгі құрамдас бөліктер – тәрбие мен оқыту туралы түсініктер нақтыланады. Педагогиканың объектісінің педагогиканы оқыту мен тәрбиені біріктіретін тұтастық деп қарастыратын анықтамасы негізге алынады. Екеуінің де жалпы мақсаты - адамдарды қоғам өміріне баулу, яғни, жоғарыда көрсетілгендей, адамды мақсатты-бағытты әлеуметтендіру.
Педагогиканың пәні оның объектісінде пайда болған қатынастар педагогика ғылымдарының жүйесін құрайтын педагогикалық пәндер қатарын анықтауға негіз болады. Солардың ең бастысы – дидактика. Ол оқыту мен білім алу арасындағы алдын ала ойластырылған, жасалған оқу жағдаяттарымен белгіленеді. Тәрбие теориясы қарастырып отырған тәрбиелік қатынастар өмірмен тікелей байланысты, ал тәрбиенің өзі тікелей және сырттан келетін әсерлерге ашық жүйені құрайды.
Тәрбие әдістері арқылы берілетін мазмұн ерекше. Оны былайша анықтауға болады: адамның әрекеттерінің түрлерінің жиынтығы ретінде бұл әрекет шындығында іске асатын шарттармен бірлікте қарастырылатын өмір бейнесі. Басқа сөзбен айтқанда, бұл күнделікті өмір динимикасын көрсететін және тұлғаның өзін іске асыру үдерісі. Оқытудың мазмұндық жағы сөз болғанда, шындық болмыс ойластырылған, «кристалданған», екшеленген әлеуметтік тәжірибе ретінде қарастырылады. Бұл болмыс бүгін және осы жерде қазіргі уақыттың тілімен айтсақ, тәрбие мазмұнын құрайды. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру өмірге тұлғаны енгізудің алғышарттары болып табылады: тәрбие шарты - оқыту.
Айтылған айырмашылықтарды түсіну педагогиканың бұл ұғымдарын дұрыс түсіну, сондай-ақ, тәрбие және оқыту теориясы, дидактикалық зерттеулер беретін білімдерді тиімді пайдалану үшін қажет. Сондай-ақ, педагогика үшін аса маңызды «өздігінен білім алу» және «өзін-өзі тәрбиелеу» ұғымдары тағы бар. Белгілі бір мағынада білім беруді өздігінен білім алуға даярлық, ал тәрбиені өзін-өзі тәрбиелеуге даярлық деп түсіну қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет